Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
16
Feb
18

«Шоқжұлдыз» атты балалардың және жастардың оқу және ғылыми-зерттеу жобаларының жалпы ресейлік Олимпиадасы



Мектептің мекенжайына «Шоқжұлдыз» атты дәстүрлі олимпиадасын өткізу туралы ақпараттық хат келді. Қатысушылардың тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен ресімделетіндіктен, өтінімді 2018 жылдың 2 наурызына дейін 215 кабинетке қалдыруды сұраймыз. Барлық шығыстар қатысушылардың ата-аналарының есебінен жүргізіледі.

2018 жылдың 23 сәуірінен бастап 28 сәуірін қоса алғанда Мәскеу облысының Королев қаласында «Шоқжұлдыз», «Адам – Жер – Ғарыш» атты балалардың және жастардың оқу және ғылыми-зерттеу жобаларының 19 Жалпы ресейлік олимпиадасының қорытынды конференциясы өтеді.

Конференция келесі мекенжай бойынша өтеді: Мәскеу облысы, Королев қаласы, Октябрь бульвары, 12 үй.

 «Шоқжұлдыз» олимпиадасын өткізудің тәртібі «Шоқжұлдыз» атты балалардың және жастардың оқу жыне ғылыми-зерттеу жобаларының 19 Жалпы ресейлік олимпиадасының регламентінде баяндалған.

ӘРБІР жұмысқа (жобаға) «Шоқжұлдыз» 19 олимпиадасының ҚАТЫСУШЫ САУАЛНАМАСЫ қоса берілу қажет.

Қорытынды конференцияның бағдарламасында мыналар көзделген:

23 сәуір – конференция қатысушыларының келуі, саяхаттар;

23 (14.00 бастап); 24 және 25 сәуір – номинациялар бойынша жұмыс, саяхаттар;

24 сәуір – 17.00-де (мәскеу уақыты бойынша) конференцияның ашылуы, номинациялар бойынша жұмыс, саяхаттар;

27 сәуір  – конференцияның жабылуы, жеңімпаздарды марапаттау, саяхаттар, конференция қатысушыларының кетуі;

28 сәуір конференция қатысушыларының кетуі.

 

НАЗАР АУДАРЫНЫҢ! БАЯНДАМАЛАРДЫҢ ҰЗАҚТЫҒЫ 5 МИНУТТАН АСПАЙДЫ.

Бір оқушы үшін қатысу құны 29700,0 (Жиырма тоғыз мың жеті жүз) рубльді, бір жетекші үшін 20000,0 (Жиырма мың) рубльді құрайды, олар келесідей шығысталады:

  1. Көлік трансфері (делегацияларды әуежайлардан Королев қаласына жеткізу және Королев қаласынан әуежайларға жеткізу)
  2. Мәдени бағдарлама және келесі орындарға саяхаттар: Ю.А. Гагарин атындағы Ғарышкерлерді даярлау орталығына, Ресейдің Әскери-әуе күштері мұражайына, Ғарыштық ұшуды басқару орталығына, Ғарыш ғылымының мемориалдық мұражайына.
  3. Қатысушыларды Королёв қаласында «Машприбор» біліктілікті арттыру институты қонақүйінің 3 орынды нөмірлерде орналастыру (Октябрь бульвары, 12 үйі).
  4. Қатысушыларды үш рет тамақтандыру.
  5. Ұйымдастырушылық шығыстар.

Конференция өтетін орынға жету: электрпойыз арқылы Ярослав вокзалынан келесі бағыттар бойынша: Подлипки-Дачные станциясына дейін Болшево, Монино, Фрязино, Фрязево, Щелково (пойыздың жүрісі бойынша оң жаққа қарай өткел арқылы шығу). Конференцияның қатысушылары вокзал маңы алаңында жиналады. Содан кейін «Шоқжұлдыз» олимпиадасының таңбасы бейнеленген автобуспен барады.

Қосымша ақпаратты, Қорытынды конференцияның бағдарламасын және жүру сызбасын Олимпиаданың  http://www.olimpsozvezdie.ru сайтынан қараңыз.

Байланыстар (Олимпиаданың хатшысы)

телефон:     8(498)-950-22-77;

E-mail:        olimpsozvezdie@mail.ru

ДЕРЕКТЕМЕЛЕР:

«Шоқжұлдыз» ғылыми-зерттеу орталығы автономды коммерциялық емес ұйым («Шоқжұлдыз» орталығы» АКеҰ)

 

ЖСН 5050998369, КПП 505001001, ОГРН 1125000008044

Орналасқан мекенжайы: 141160, Мәскеу облысы, Щелковский ауданы, Звездный городок кенті, 49/60

Есептік шоты: ВТБ банкінің «Орталық» филиалында  № 40703810301140000020 (КАҚ)

Мәскеу қ.

Кор/шоты: № 30101810145250000411,

БСК 044525411

Телефоны:      8-498-950-22-77

Эл. поштасы:    olimpsozvezdie@mail.ru

Қосымшалары:

  1. «Шоқжұлдыз» 19 Жалпы ресейлік олимпиаданың регламенті.
  2. «Шоқжұлдыз» 19 олимпиадасы қатысушысының сауалнамасы.
  3. Олимпиаданың ұйымдастырушылық комитетімен өзара әрекеттесу тәртібі.

Құрметпен,    

«ХБЖО» ХҚҰ департаментінің директоры,

«Шоқжұлдыз» орталығы» АКеҰ директоры,

«Шоқжұлдыз» олимпиадасының жетекшісі

В.И. Васильев

Қосымша тіркелген файлдар

Приложение 1 регламент Созвездие 2018 год Приложение 2 Анкета Созвездие 2018 год Приложение 3 Порядок взаимодействия с оргкомитетом Совездия в 2018 году
Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

19
Apr
24

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша 7-сыныпқа қабылданған оқушылар үшін ақпарат.

РФММ-нің конкурстық іріктеу ережесіне сәйкес, қабылдау емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін конкурстан сәтті өткен талапкерлердің заңды өкілдері 2024 жылдың 10 мамырына дейін келесі құжаттарды…

18
Apr
24

8 сыныпқа білім беру гранты бойынша конкурстық іріктеуге тіркеу ашылды

Құрметті ата-аналар/заңды өкілдер! Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебіне 8 сыныпқа білім беру гранты бойынша түсуге конкурстық іріктеуге тіркеу ашылды. Тіркелу үшін сайтымыздағы “Қабылдау…

18
Apr
24

Қалалық Жәутіков олимпиадасы 2024

2024 жылдың 1 мамырда келесі пəндер бойынша: математика (6-8 сынып) физика (7-8 сынып) информатика (6-8 сынып) мектеп оқушылары арасында XXIII ашық қалалық Жəутіков олимпиадасының іріктеу кезеңі өтеді….

12
Apr
24

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы балаларға арналған жазғы мектеп

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қолдау мақсатында “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ 7-8 сыныптардың 100 оқушысы үшін математика, физика, информатика және ағылшын тілі бойынша…

07
Apr
24

Хабарландыру!

Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер! “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ филиалдарының 7 сыныбында оқу үшін білім беру грантын тағайындау бойынша конкурстық іріктеу қағидаларының 5.6 тармағына…

02
Apr
24

Международный конкурс «Science.Technology. Аlgorithmization. Programming»

Уважаемые учащиеся 6-11 классов! Приглашаем принять участие со своим проектом в открытом международном конкурсе «Science.Technology. Аlgorithmization. Programming» который будет проходить 25-26 апреля. Организатор…

20
Mar
24

Международный турнир по быстрым шахматам «Fizmat Chess Open Almaty 2024»

РЕГЛАМЕНТ Международного турнира по быстрым шахматам «Fizmat Chess Open 2024» 1. ЦЕЛИ И ЗАДАЧИ Популяризация и развитие шахмат в городе Алматы, Алматинской области и   Республике Казахстан…

14
Mar
24

Мамандандырылған мектептерге түсуге арналған қарқынды дайындық курсы

Құрметті ата-аналар! РФММ мектебі аясында жұмыс істейтін Fizmat Academy, қосымша білім беру орталығы 6-7 сынып оқушыларына арналған мамандандырылған мектептерге түсуге арналған қарқынды дайындық…

01
Mar
24

«Өрлеу» БАҰО мен Алматы қаласындағы РФММ арасында ынтымақтастық орнатылды

“Өрлеу” Алматы облысы бойынша филиалының директоры Қайсар Нұрлыбаев пен Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің директоры Мейірлан Мейірбекпен іскерлік кездесу өткізілді. Кездесуге Өрлеу Алматы…

29
Feb
24

РФММ-нің «Bolt.m3» командасы Хьюстонда өтетін робототехникадан әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды

Астанада робототехника бойынша Орталық Азиядағы ең ірі чемпионат аяқталды. Оған әлемнің 5 елінен 3000-нан астам оқушы қатысты. Олар Қазақстанда және шетелдерде өткен іріктеу…