Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі

Меирбек Меирлан Едигерулы

  • Годы руководства РФМШ: 2023 жылдан қазіргі уақытқа дейін
  • Годы работы в РФМШ: 2020 ж. - «РФММ» Астана қаласындағы филиалы, «Математика» пәні бойынша оқытушы және тренер
  • Должность: Алматы қаласындағы «РФММ» мектебінің директоры.
  • Дополнительная информация:

    2021-2020 жж. — «РФММ» КеАҚ Астана қаласы бойынша филиалы директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары және математика пәнінің мұғалімі;

    2022-2023 жж. — Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының директоры;

    2018-2020 жж.— Алматы қаласындағы «Future Education Center»  білім орталығының директоры;

    2020 жылдан – «РФММ» Астана қаласы бойынша филиалы, «Математика» пәні бойынша оқытушы-жаттықтырушы;

    2015 – 2017 ж. – Алматы қаласындағы «ХББ» НЗМ математика пәнінің мұғалімі.

    Білімі:

    2007 – 2010 — Алматы қаласындағы О.Жәутіков атындағы Республикалық физика-математика мектебі;

    2010 – 2014 жылдары – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Қаржы маманы

    2022 жыл – Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, «Математика және информатика мұғалімі» мамандығы бойынша.

    Курстар:

    2023 – Яндекс мектептері: «Оқытуды қашықтан қалай бастау керек», «Деректерді талдау мектебі» және Harvard Business School: «Жетекші мектеп стратегиясы және инновация» және «Көшбасшы адамдар».

    Қасиеттер:

    Өткен оқу жылында Республикалық физика-математика мектебінің филиалында оқу кабинеттеріндегі еден төсеніштері мен есіктерін ауыстыру, жылу жүйесіндегі қысымды тексеруді жаңарту, оқушылар үстелі мен орындықтарын жаңарту, Apple зертханасын ашу бойынша күрделі, жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оқу жылы бойы ата-аналар комитетімен көптеген жұмыстар атқарылды, бұл біздің оқушылардың дамуына жедел қолдау көрсетуге және мектеп жұмысының әлсіз тұстарын жабуға көмектесті. Мектеп оқушылары үшін ауқымды шаралар өткізіліп, Наурыз мейрамы алғаш рет 2500 адамның қатысуымен тойланды. Балалар республикалық олимпиадада үздік нәтиже көрсетіп, алтын және күміс медальдарды жеңіп алды.

    2020-2021 оқу жылында Мейірбек М.Е. Ел-Басы академиясының «Онлайн мектеп» жобасына қатысып, Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық жерлеріндегі балаларға    математика пәнінің мұғалімі әрі мұғалімдердің үйлестірушісі болды. Мұғалімдермен тұрақты жұмыс істей отырып, олардың кәсіби дамуына көмектесті. 2021 жылдың күзінде 13 мұғалім мен 4 директордың орынбасары педагогикалық санаттарын жоғарылатты.

    Мейірбек М.Е.  басшы адамға тән тұлғалық қасиеттерге ие: еңбекқор, берілген тапсырмаларды шешуде шығармашылық, тамаша кәсіби дағдылар мен қабілеттер таныта алады, қиын жағдайларда күйзеліске төзімді, АКТ-ны тамаша меңгерген, РФММ және ведомствоаралық ұйымдардың түрлі жобаларының қатысушысы.

    Қазіргі уақытта ол РФММ-да ғылыми-зерттеу мәдениетін, цифрлық технологияларды оқу үдерісімен интеграциялау және білім беруде жобалық тәсілді дамытумен айналысады.  Дәл осы жазда мектеп түлектері Республикада бірінші рет 122 команда қатысқан зымырантану олимпиадасын өз бетінше ұйымдастырды.