Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі

Бейсембаева Жаннур Мелисовна

  • Мұғалім туралы:

    Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, біліктілігі – «педагог-шебер». 2015 жылы білім мазмұнын жаңарту аясындағы мектеп курстарының сертификатталған тренері. 2017 жылы жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша «Рефлексия тәжірибеде» курсының тренері. «Ежелгі дәуірдегі шешендік өнерді оқыту ерекшеліктері» бағдарламасының (2011 ж.) және «Ұлт тағдыры мен руханиятындағы ұлы дала ханымдарының рөлін шешендік сөз саптаулары арқылы тану» авторлық бағдарламасының (2024 ж.) авторы. 2014 жылдан бері «Жас қанат» драма театрының жетекшісі. «2023 жылдың үздік мұғалімі» республикалық байқауына қатысушы.

  • Білімі:

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ педагогика магистрі.

  • Марапатталды:
    • Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісі (2018 ж.), «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Құрмет грамотасы (2020 ж.), ҚР БҒМ Алғыс хаты (2020 ж.), республикалық семинар ұйымдастыруға белсенді қатысқаны үшін алғыс (2024 ж.), «Ы. Алтынсарин» медалі (2024 ж.), «РФМШ-2023 жылдың үздік мұғалімі».