Стратегиясы/Миссиясы
Мектеп пайымы: Әлемдік деңгейде мойындалған мектеп білімін ұсына отырып, Қазақстан дамуының қозғалтқыш күшіне айналу.
Мектеп миссиясы: Біз әлемді жақсы жаққа өзгертетін физик, математик және инженерлерді тәрбиелейміз.
Стратегиялық міндеттері:
- STEM саласындағы қолжетімді жоғары сапалы білім;
- Құзіретті және бастамашыл мұғалімдер;
- Негізгі стейкхолдерлермен белсенді серіктестік.
РФММ – әлемдік деңгейдегі мектеп. Біздің түлектер – сын тұрғысынан ойлай алатын, креативті және жауапкершілігі жоғары, берік құндылықтарға ие және олар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. РФММ түлектері өте тәрбиелі, үнемі салауатты өмір салтын ұстанады және өмір бойы білім алуға ұмтылады, сонымен қатар олар кез келген өмірлік жағдайда күрделі тапсырмаларды шешуге қабілетті. Олар Қазақстан мен әлемнің жетекші университеттеріне түсіп, табысты тәмамдайды, еңбек нарығында жоғары бәсекеге қабілетті.
Түлектеріміз елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне белсенді қатыса отырып, Қазақстанның жаһандық деңгейдегі орны мен тұрақты халықаралық байланыстарының дамуына елеулі үлес қосады.