Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі

Омар Мәден

  • Ұстаз туралы:

    Математика пәні мұғалімі. Шебер -педагог,  республикалық үздік ұстаз. ” FIZMAT” REVIEW,  ” Ізденіс”, “Математика және физика”, “Алгорифм”, “Мектептегі математика” қатарлы республикалық журналдарға, математикадан 50 -астам   ғылыми-әдістемелік мақалалары жарияланған. Республикалық   “Математика және физика” ғылымыи-әдістемелік журналы редакциясының ақылдастар  алқасының мүшесі. “Математика формулалары” 5-11 сынып оқушыларына арналған, “777 теңдеулер жүйесі”, “Әлем математиктері және олимпиада есептері”, “Геометриия” 10 сынып, көмекші оқу құралы,  “Геометриия” 11 сынып, көмекші оқу құралы,  “Комплекс сан және көпмүше” көмекші оқу құралы,  “Геометрия есептер жинағы” 7-9 сынып, “Мектеп ішілік математика олимпиада есептер жинағы” қатарлы кітаптары  баспадан шыққан. Математика мұғалімдерінің III- IV-V халықаралық ашық шығамашылық (конкурсі) байқауы- IMPACT OLYMPIAD  -ның  әділқазылар  (жюри) алқасының мүшесі.

  • Білімі:

    Іле педагогикалық  институты (Қытай халық  Республиксы), мамандығы-«Математика».

    Шыңжаң университеті (Қытай халық  Республиксы), магистр математика.

  • Марапаттары:

    Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясы, X Республикалық тәуелсіз қоғамдық «Үздік ұстаз» байқауының жеңімпазы (төс белгісі),

    Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі, «Алғыс хаты»