Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес
акционерлік қоғам
Республикалық физика-
математика мектебі
06
Aug
18

Жас геологтардың V Қазақстандық ашық дала олимпиадасы



Ағымдағы жылдың 28 шілдесінен 3 тамызын қоса алған мерзімде Бурабай курорттық аумағында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында Жас геологтардың V Қазақстандық ашық дала олимпиадасы өтті. Олимпиада жастарды кәсіптік бағдарлауға, оқушылардың геология ғылымдарын зерттеуге қызығушылығын арттыруға, өсіп келе жатқан ұрпақ арасында геологияны ғылым ретінде танымал етуге бағытталған.

Олимпиаданың қатысушылары геологиялық тілімдерді және карталарды құрды, жолдарды белгілеп, минералогия және петрография негіздерін білуде сайысты.

Аталған олимпиадада «РФММ» КеАҚ оқушылары өзінің теоретикалық және практикалық білімін үздік көрсетті. Нәтижесінде «Визитка-тосын сый»  танысу кешінде олимпиада бағдарламасы бойынша 1 орын, «Түпшаймалық сынамалау» сайысы бойынша 2 орын және «Фотосурет» байқауында 3 орын дипломдарымен марапатталды. РФММ оқушылары жас геологтар сайысына алғаш рет қатысқандығын атап өту қажет, осы ретте олар жақсы нәтиже көрсетті, 20 үміткердің арасынан 6 жалпы командалық орынды жеңіп алды. Келесі олимпиада біздің мектеп үшін одан да нәтижелі болады деп үміттенеміз. Біздің балалар геология саласы жөнінде көп пайдалы ақпарат алып, көптеген жаңа достар мен пікірлестерді тапты және ұмытылмас әсерлерді алды деп ойлаймыз!

Біздің команданы құттықтаймыз, қатысушыларға одан әрі жеңістер мен Қазақстанда геологиялық ғылымын дамытуды тілейміз!

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    14
    Feb
    25

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалінде болып, мектеп оқушылармен жүздесті.

    Республикалық физика-математика мектебінің шәкірттері де Мемлекет Басшысымен кездесіп, сұқбаттасуға мүмкіндік алды. Оның қатарында «РФММ» КеАҚ Алматы қаласындағы филиалының оқушылары: Тұраш Әділет, Серикбаев Асанәлі,…

      05
      Feb
      25

      7-сыныпқа арналған негізгі емтиханға тіркелу жүріп жатыр!

      Құрметті 6-сынып оқушылары және ата-аналары! Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына арналған емтиханға тіркелу басталғанын хабарлаймыз! Емтиханның өтетін күні: 27 сәуір 2025 жыл. Тіркелу мерзімі:…

        05
        Feb
        25

        Жәутіков Олимпиадасының нәтижелері: Алматы РФММ оқушылары 17 медаль жеңіп алды

        05 ақпан сағат 11:00-де Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Жәутіков Олимпиадасының нәтижелері: Алматы РФММ оқушылары 17 медаль жеңіп алды» тақырыбында баспасөз-конференциясы өтеді….

          14
          Jan
          25

          Бүгін Impact Olympiad 2025 басталды!

          Құрметті достар, көптен күткен сәт келді! Бүгін Астанада мұғалімдер мен олимпиадалық резерв жаттықтырушыларына арналған Impact Olympiad халықаралық байқауы басталды. Impact Olympiad — бұл:…

            14
            Jan
            25

            Астанада 21 Халықаралық Жәутіков Олимпиадасы басталды

            Жиырма жыл қатарынан Республикалық-физика математика мектебінің ұйымдастыруымен Алматыда өткізіліп келген Халықаралық Жәутіков олимпиадасы биыл алғаш рет қатысушыларды Астана төрінде қабылдады. Олимпиаданың салтанатты ашылу…

              13
              Jan
              25

              Астана олимпиадашыларды қарсы алуда

              21 Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қатысушыларын «Республикалық физика-математика мектебінің ұжымы әуежайдан қазақ халқына тән ерекше қонақжайлылықпен қарсы алуда. Қазақстан жеріне алғашқы болып, Болгария елінің…

                13
                Jan
                25

                21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы алғаш рет Астанада өтеді

                2025 жылғы 13-17 қаңтар аралығында Астанада оқушыларға арналған математика, физика және информатика бойынша 21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтеді. Олимпиадаға әлемнің 15 елінен 700-ге…

                  21
                  Dec
                  24

                  РФММ оқушысы SAT сынағының биігін бағындырды!

                  Республикандық физика-математикалық мектебінің Астана қаласындағы филиалының 10-сынып оқушысы Ади Құралов халықаралық SAT сынағында 1600 баллдан 1530 балл жинап, әлемнің ең үздік 1%-ына кірді!…

                    13
                    Dec
                    24

                    Бухаресте (Румыния) физика, химия және биология пәндері бойынша Халықаралық жаратылыстану-ғылыми жасөспірімдер олимпиадасы өтті

                    2-11 желтоқсан аралығында Бухаресте (Румыния) физика, химия және биология пәндері бойынша Халықаралық жаратылыстану-ғылыми жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Қазақстан құрамасы 6 медаль жеңіп алды: 2…

                      10
                      Dec
                      24

                      Стартовала регистрация на пробный тест

                      Сегодня стартовала регистрация на пробный тест для поступления в 7-й класс! Тестирование пройдет в ОНЛАЙН-формате. Вы можете выбрать удобный для вас день и…