Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
12
Nov
20

РФММ жас және жаңа мұғалімдеріне арналған семинар



05.11.2020-09.11.2020 жж РФММ КеАҚ “РФММ дарынды балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері”, жас мұғалімдерге арналған “Өзін-өзі қолдау әдістері” тақырыбында психологиялық-практикалық семинар өтті. Бұл тренингтің мақсаты ұжыммен танысу және кәсіби қызметке бейімделу сонымен қатар дарынды балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері болды. Семинарды ұйымдастырушы – директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары Әубәкірова Гүлнұр Ғабдуқызы.  Осы тренингке 35 жас және жаңа мұғалімдер, тәлімгерлер қатысты, сондай-ақ тәжірибені жас ұрпаққа беру үшін РФММ тәжірибелі мұғалімдері шақырылды. РФММ тәжірибелі мұғалімдері ретінде С. А. Жәмішева, Б. Ж. Өтешева, С. С. Шинасилова, Ж. Н. Байсуйеуева, Р. И. Қошанова сөз сөйледі. Семинар барысында барлық қатысушылар белсенділік, креативтілік танытты және мұндай тренингтерді жылына кемінде бір рет өткізу керек деген тілектерін білдірді.

Семинардың бірінші күні “Педагогикалық іс-әрекеттің басындағы қиындықтар мен проблемалар” және “Стресске төзімділік” атты тақырыптар қаралды. Бастапқыда жаттығу-танысу ретінде “Броундық қозғалыс”, “Біз сенімен біргеміз…”, “Сұхбат” ойындары өткізілді. Тренингтің негізгі бөлігі педагогикалық жағдайларды шешуге бағытталған, топтарға бөлініп, көріністер мен презентациялар ойнатылды. Сондай-ақ, “Мен мұғалім мамандығын таңдаған  себебім…” атты өзін-өзі таныстырылым ұйымдастырылды.

Семинардың екінші күні “Не? Қайда? Қашан?”, “Арал”, “Волейбол” және т.б.ойындар өткізілді. Мақсаты: “Біз – тату командамыз” ұранымен ұжымды біріктіру. Ұйымдастырушы: Лукашевич А. А.

Тренингтің үшінші күні “Педагогтердің эмоционалды күйіну мәселесі”, “Стресс-тест” шағын-дәрісі, ойлау қызметін жандандыру және Педагогтың кәсіби күйіну мәселесіне “қосу” мақсатында “Педагогтың суреті” жаттығуы өтті. Сондай-ақ, олардың психоэмоционалды жағдайын басқару, мазасыздықты, шиеленісті, қорқынышты жеңілдету үшін оқу жаттығулары өткізілді.

Семинар жұмысына мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдері қатысты: мектеп директоры-Кунгожин А. М., директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары – Аубакирова Г. Г., кафедра меңгерушілері – Жумагалиева К. К., Тансыкбаева Т. А..

Семинар соңында РФММ мұғалімдер қатарына қабылдау ретінде жас мұғалімдер “РФММ мұғалімнің ант беру” рәсімінен өтті. Семинар соңында барлық қатысушыларға “FizMat”журналдары табыс етілді.

 РФММ әкімшілігі және педагогикалық ұжымы семинардың барлық қатысушыларына алғыс білдіреді!

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

19
Apr
24

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша 7-сыныпқа қабылданған оқушылар үшін ақпарат.

РФММ-нің конкурстық іріктеу ережесіне сәйкес, қабылдау емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін конкурстан сәтті өткен талапкерлердің заңды өкілдері 2024 жылдың 10 мамырына дейін келесі құжаттарды…

18
Apr
24

8 сыныпқа білім беру гранты бойынша конкурстық іріктеуге тіркеу ашылды

Құрметті ата-аналар/заңды өкілдер! Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебіне 8 сыныпқа білім беру гранты бойынша түсуге конкурстық іріктеуге тіркеу ашылды. Тіркелу үшін сайтымыздағы “Қабылдау…

18
Apr
24

Қалалық Жәутіков олимпиадасы 2024

2024 жылдың 1 мамырда келесі пəндер бойынша: математика (6-8 сынып) физика (7-8 сынып) информатика (6-8 сынып) мектеп оқушылары арасында XXIII ашық қалалық Жəутіков олимпиадасының іріктеу кезеңі өтеді….

12
Apr
24

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы балаларға арналған жазғы мектеп

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қолдау мақсатында “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ 7-8 сыныптардың 100 оқушысы үшін математика, физика, информатика және ағылшын тілі бойынша…

07
Apr
24

Хабарландыру!

Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер! “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ филиалдарының 7 сыныбында оқу үшін білім беру грантын тағайындау бойынша конкурстық іріктеу қағидаларының 5.6 тармағына…

02
Apr
24

Международный конкурс «Science.Technology. Аlgorithmization. Programming»

Уважаемые учащиеся 6-11 классов! Приглашаем принять участие со своим проектом в открытом международном конкурсе «Science.Technology. Аlgorithmization. Programming» который будет проходить 25-26 апреля. Организатор…

20
Mar
24

Международный турнир по быстрым шахматам «Fizmat Chess Open Almaty 2024»

РЕГЛАМЕНТ Международного турнира по быстрым шахматам «Fizmat Chess Open 2024» 1. ЦЕЛИ И ЗАДАЧИ Популяризация и развитие шахмат в городе Алматы, Алматинской области и   Республике Казахстан…

14
Mar
24

Мамандандырылған мектептерге түсуге арналған қарқынды дайындық курсы

Құрметті ата-аналар! РФММ мектебі аясында жұмыс істейтін Fizmat Academy, қосымша білім беру орталығы 6-7 сынып оқушыларына арналған мамандандырылған мектептерге түсуге арналған қарқынды дайындық…

01
Mar
24

«Өрлеу» БАҰО мен Алматы қаласындағы РФММ арасында ынтымақтастық орнатылды

“Өрлеу” Алматы облысы бойынша филиалының директоры Қайсар Нұрлыбаев пен Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің директоры Мейірлан Мейірбекпен іскерлік кездесу өткізілді. Кездесуге Өрлеу Алматы…

29
Feb
24

РФММ-нің «Bolt.m3» командасы Хьюстонда өтетін робототехникадан әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды

Астанада робототехника бойынша Орталық Азиядағы ең ірі чемпионат аяқталды. Оған әлемнің 5 елінен 3000-нан астам оқушы қатысты. Олар Қазақстанда және шетелдерде өткен іріктеу…