РФММ төріндегі Наурыз Мерекесі

2022 жылғы Сәуір айының бірінші жұлдызында Алматы қаласындағы РФММ-де Наурыз мерекесі ерекше аталып өтті. 2022 жылғы Наурыз мерекесінің тақырыбы “Наурыз-2072” болып таңдалды. Бұл тақырыптың таңдалуының мақсаты: қасиетті қара шаңырақ болып саналатын РФММ-нің оқушылары ата-бабаларымыздан ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалған салт-дәстүрлерімізді, тілімізді, мәдениетімізді сақтап және берік ұстанып, өзінен кейінгі ұрпаққа сол қалпында жеткізу.
Заман қанша өзгеріп, әлем қарқынды дамығанымен, Біз – текті елдің ұрпақтары Ұлтымыздың тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын, мәдени мұрамызды сақтауымыз қажет. Бұл біздің қасиетті парызымыз.
Оқушылар, сынып жетекшілері, ата-аналар, мектеп қызметкерлері жаңару күніне мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Мектебіміздің өнерлі өрендері ән мен жырдан шашу шашты. Әр сынып мерекелік көңіл-күй сыйлап, ауылдың алты ауызынан түрлі сый тарту етті.
Әр сынып 7 түрлі ауылдарға бөлініп, халқымыздың дәстүрлі рәсімдерінен көріністер көрсетті, тақырыптарға сай ұлттық тағамдардан керемет дастархан жайылды.
Сері жігіттер мен сұлу бойжеткендер ұлттық нақыштағы киімдер киіп, мектеп алаңын ажарландырып жібергендей.
Ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрден сыр шертетін әңгіме де айтылды, көрініс те қойылды, қазақы ойындарымыз да назардан тыс қалмады. Оқушылар мен мектептің ата-аналары мерекелік кешке аса ыждаһаттылықпен дайындалғаны көрініп-ақ тұрды.
Қыстан аман-есен шығып, мал тұяғы көкке, аузымыз аққа ілініп, ұлтымыздың Жаңа жылы мектебімізде осылай тойланды. Ауа-райы да бізбен бірге Наурыз мерекесін тойлағандай болды. Барлығының көңіл-күйі керемет! Әсіресе, оқушылар қуанып жүр.
Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз!
Жаңа жылымыз жаңа табыстарға жетелесін!
Суреттерді осы сілтемеден көре аласыздар: https://drive.google.com/drive/folders/1deO-h0pl7B_D_fpVX5Eeb3bojtPCRKP0?usp=sharing
Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:
Математика, Физика және Информатика олимпиадалық резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының V Халықаралық ашық Шығармашылық Байқауының – IMPACT Olympiad-2023 жабылуы
5 ақпанда Математика, Физика және Информатика олимпиадалық резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының V Халықаралық ашық Шығармашылық Байқауының – IMPACT Olympiad-2023 жабылуы өтті. Биыл дәстүрге…
атематика, физика және информатика олимпиадалық резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының V Халықаралық ашық шығармашылық байқауы – IMPACT Olympiad
2023 жылы 3-5 ақпанда Алматы қаласының Республикалық физика-математика мектебі математика, физика және информатика олимпиадалық резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының V Халықаралық ашық шығармашылық байқауы…
Республикалық физика-математика мектебі ескі корпусын қайта жаңарту» жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеі конкурсын
Алматы қаласы Құрылыс басқармасы Бұхар жырау бульвары, 36 үй мекенжайында орналасқан Алматы қаласындағы, Республикалық физика-математика мектебі ескі корпусын қайта жаңарту» жобалау-сметалық құжаттаманы…
ХІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының салтанатты ашылуы
2023 жылдың 1 ақпанында Алматы РФММ-інде математика, физика және информатика бойынша ХІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының салтанатты ашылуы өтті. Биылғы жылы дәстүрлі олимпиадаға әлемнің…
Встреча с пилотом Air Astana
25 января 2023г. в РФМШ Алматы в рамках профориентационной работы прошла встреча учащихся 7-11 классов с пилотом Air Astana Амиром Медиевым. Наш гость…
Fizmat Hackathon 2022
17-18 декабря в честь Дня Независимости РК под эгидой Казахстанской Федерации Клубов ЮНЕСКО в школе прошел Fizmat Hackathon 2022 по созданию решений и…
“Таланттарды даярлау зертханасы” атты Халықаралық олимпиадасында I-орын
2022 жылғы 10 желтоқсаннан 15 желтоқсанға дейін Баку қаласында жасөспірімдер арасында жаратылыстану ғылымдары бойынша “Таланттарды даярлау зертханасы” атты Халықаралық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға аталған…
Үстел теннисінен іріктеу жарысы
5 – 9 желтоқсан арасында мектебімізде Теннис клубының президенті Рустамов Азизбек және көмекші Абдумуталипов Нұрсұлтан, оқушылар кенесінің спорт вице-министрі Болатбек Уалихан тарапынан ұйымдастырылған…
Fizmat Talks
Жұрт алдында сөйлеу дағдысы, бәрімізге керек болмаса да, оны игеру ешқашан да артық болмайды. 12 желтоқсан күні мектебімізде ҚР Тәуелсіздік күніне арналған Fizmat…