Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
18
Mar
22

АЗИЯ-ТЫНЫҚ МҰХИТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ



2022 жылдың 15-16 наурызында XXXIV халықаралық Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасы өтті.

Олимпиада математикалық ғылымдар саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау үшін жағдай жасау, қатысушы елдер арасындағы халықаралық білім беру және ғылыми байланыстарды дамыту мақсатында өткізіледі.

2022 жылы Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасына әлемнің 38 елінен үздік оқушылар қатысты, оның ішінде: Аргентина, Австралия, Бангладеш, Камбоджа, Канада, Чили, Колумбия, Коста-Рика, Эквадор, Сальвадор, Гонконг, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Мексика, Жаңа Зеландия, Пәкістан, Панама, Перу, Филиппин, Пуэрто-Рика, Катар, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Тайвань, Тәжікстан, Тайланд, Тринидад, Тобаго, Түрікменстан, АҚШ, Гондурас, ОАР, Түркия, Уругвай және басқалар.

Биыл Қазақстаннан АТМО-ға 131 оқушы қатысты. 40 қазақстандық оқушы Олимпиаданың жүлдегерлері атанды, олардың 5 – бірінші, 13 – екінші және 22 – үшінші орындарды иеленді.

Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасының жеңімпаздары қатарында Алматы РФММ 7 оқушысы да бар. І дәрежелі дипломға Байшуақ Райымбек  ие болды. ІІ дәрежелі дипломдармен Юркевич Мирон, Бектемір Қазыбек марапатталса, ІІІ дәрежелі дипломдармен Касенова Арай, Егеубаев Динмухамед, Аманжолов Амирлан, Топоров Ярослав марапатталды.

Алматы қ. РФММ математика пәнінің мұғалімі Медеубек Аманкелдіұлы Халықаралық математикалық олимпиада жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

– Ғасырлар бойы қазақтар математика, логика сияқты ғылымдардағы білімдерімен танымал. Бұған Шығыстың көрнекті математигі және ойшылы Әл-Фараби айқын дәлел бола алады. Егер өткен жылы қазақстандық оқушылар 3 алтын медаль жеңіп алса, биыл олардың саны 5-ке жетті, – дейді Медеубек Аманкелдіұлы.

Біздің жас математиктерді жеңісімен құттықтаймыз және оларға сәттілік тілейміз!

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

15
May
24

2024 жылы 24-28 наурыз аралығында Алматы қаласында информатика және география пәндері бойынша республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз мақтан тұтарлық нәтижелерге қол жеткізді. Информатика: 1 место: Анри Жан, 9  G Цой Максим, 10 K Талкат Дінмұхаммед, 10 M 2…

15
May
24

7-21 сәуір аралығында Тіл білімі бойынша Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) өтті.

Алматы қ. РФММ-нен олимпиадаға 11 “E” сынып оқушысы Есенкулов Елизар қатысып, APLO (Қазақстандағы 4-топ) дипломымен марапатталды және IOL халықаралық олимпиадасына сәтті өтті! Оның…

15
May
24

2024 жылы 17-21 наурыз аралығында Алматы қаласында математика және физика пәндерінен Республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз 8 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль, барлығы 19 марапатқа ие болып, мектебіміздің атын абыроймен қорғады! Алтын: – Сахипов Амир…

15
May
24

2024 жылы 27-31 наурыз аралығында Павлодар қаласында химия және биология пәндерінен 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша дәстүрлі республикалық олимпиада өтті.

Алматы қ. РФММ оқушылары тамаша нәтижелер көрсетті: Биология: Биология: 1. Азизов Тимур – 2 орын 2. Ли-Цун-Е Никита – 3 орын 3. Береке…

13
May
24

Результаты заключительного этапа Городской Жаутыковкой Олимпиады 2024 г.Алматы

Результаты по математике Математика Результаты по физике Физика Результаты по информатике Информатика

10
May
24

Қорытынды кезең (күндізгі кезең) 2024 жылғы 11-12 мамырда өтеді

Қорытынды кезең (күндізгі кезең) 2024 жылғы 11-12 мамырда Алматы және Астана қалаларында Республикалық физика-математика мектебінің филиалдары базасында өтеді. Алматы қ., мекен-жайы: Бұқар Жырау…

06
May
24

Результаты отборочного этапа ГЖО 2024 по информатике

По результатам отборочного этапа ГЖО 2024 по информатике на финальный этап проходят участники решившие: 8 класс — количество решенных задач 3 и выше,…

05
May
24

Результаты отборочного этапа ГЖО 2024 по физике

По результатам отборочного этапа ГЖО 2023 по физике на заключительный этап проходят участники решившие: 8 класс — 5 баллов и выше, 7 класс…

04
May
24

Результаты отборочного этапа ГЖО 2024 по математике

По результатам отборочного этапа ГЖО 2024 по математике на заключительный этап проходят участники решившие: 8 класс — 8 баллов и выше, 7 класс…