Нұры пейіште шалқығай

Тынтаева Шира Байбекқызының әулетіне асыл аналарыңыз қайтыс болуына байланысты қайғыларыңызға ортақтасып, Республикалық физика-математика мектебінің ұжымы көңіл білдіреді. Шира Байбекқызы өзінің 45 жыл педагогикалық өтілінің 29 жылын туған Республикалық физика-математика мектебінде өткізді.
Тынтаева Шира Байбекқызы 1941 жылы 10 қыркүйекте Қарағанды облысы Дарье станциясында дүниеге келген, сол жерде орта мектепті бітірген. 1965 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетін бітірді, мамандығы “Физик. Физика мұғалімі”.
Шира Байбекқызы РФММ аға мұғалімі қызметін атқарды, ғылыми-әдістемелік басылымдары бар, “ИФМ” журналының редколлегиясының мүшесі, “Физиканы оқыту әдістемесі” оқу құралының бірлескен авторы (2002 ж.), 10, 11 сыныптарға арналған физика есептер жинағының авторы (2003 ж.). Физика олимпиадаға үнемі дайындаған шәкірттері республикалық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып, бүкілодақтық және халықаралық олимпиадалардың қатысушылары болған. Мектептің қоғамдық өміріне белсене қатысып, мектеп кәсіподақ комитетінің төрағасы болды. 29 жыл бойы РФММ-де сынып жетекшінің қызметін атқарып, оқу және тәрбие жұмысында үлкен жетістіктерге жетті. 2003-2004 оқу жылында 11 “Б” сынып “үздік бітіруші сынып”деп танылды.
Білім беру саласындағы Шира Байбекқызының жетістіктері танылып еңбегі елеусіз қалған жоқ: ол “Қазақстанның білім беру ісінің үздігі” төс белгісімен, “Білім беру ісінің үздігі” төс белгісімен марапатталды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа, иманы серік болсын.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Еліміздің Бас ұстазы Ғани Бейсембаев Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің педагогтарымен және Халықаралық олимпиада жеңімпаздарымен кездесті.
Еліміздің Бас ұстазы Ғани Бейсембаев Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің педагогтарымен және Халықаралық олимпиада жеңімпаздарымен кездесті. Министр мектептің жаңа ғимаратының құрылысымен де танысып, оған…
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалінде болып, мектеп оқушылармен жүздесті.
Республикалық физика-математика мектебінің шәкірттері де Мемлекет Басшысымен кездесіп, сұқбаттасуға мүмкіндік алды. Оның қатарында «РФММ» КеАҚ Алматы қаласындағы филиалының оқушылары: Тұраш Әділет, Серикбаев Асанәлі,…
7-сыныпқа арналған негізгі емтиханға тіркелу жүріп жатыр!
Құрметті 6-сынып оқушылары және ата-аналары! Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына арналған емтиханға тіркелу басталғанын хабарлаймыз! Емтиханның өтетін күні: 27 сәуір 2025 жыл. Тіркелу мерзімі:…
Жәутіков Олимпиадасының нәтижелері: Алматы РФММ оқушылары 17 медаль жеңіп алды
05 ақпан сағат 11:00-де Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Жәутіков Олимпиадасының нәтижелері: Алматы РФММ оқушылары 17 медаль жеңіп алды» тақырыбында баспасөз-конференциясы өтеді….
Бүгін Impact Olympiad 2025 басталды!
Құрметті достар, көптен күткен сәт келді! Бүгін Астанада мұғалімдер мен олимпиадалық резерв жаттықтырушыларына арналған Impact Olympiad халықаралық байқауы басталды. Impact Olympiad — бұл:…
Астанада 21 Халықаралық Жәутіков Олимпиадасы басталды
Жиырма жыл қатарынан Республикалық-физика математика мектебінің ұйымдастыруымен Алматыда өткізіліп келген Халықаралық Жәутіков олимпиадасы биыл алғаш рет қатысушыларды Астана төрінде қабылдады. Олимпиаданың салтанатты ашылу…
Астана олимпиадашыларды қарсы алуда
21 Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қатысушыларын «Республикалық физика-математика мектебінің ұжымы әуежайдан қазақ халқына тән ерекше қонақжайлылықпен қарсы алуда. Қазақстан жеріне алғашқы болып, Болгария елінің…
21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы алғаш рет Астанада өтеді
2025 жылғы 13-17 қаңтар аралығында Астанада оқушыларға арналған математика, физика және информатика бойынша 21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтеді. Олимпиадаға әлемнің 15 елінен 700-ге…
РФММ оқушысы SAT сынағының биігін бағындырды!
Республикандық физика-математикалық мектебінің Астана қаласындағы филиалының 10-сынып оқушысы Ади Құралов халықаралық SAT сынағында 1600 баллдан 1530 балл жинап, әлемнің ең үздік 1%-ына кірді!…
Бухаресте (Румыния) физика, химия және биология пәндері бойынша Халықаралық жаратылыстану-ғылыми жасөспірімдер олимпиадасы өтті
2-11 желтоқсан аралығында Бухаресте (Румыния) физика, химия және биология пәндері бойынша Халықаралық жаратылыстану-ғылыми жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Қазақстан құрамасы 6 медаль жеңіп алды: 2…