Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
19
Dec
23

V Халықаралық IIMC олимпиадасында РФММ оқушылары 8 медаль иеленді



2023 жылы 14-17 желтоқсан аралығында Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында 6-12 сынып оқушылары арасында V Халықаралық IIMC олимпиадасы өтті.

Моңғолияның тәуелсіздік күніне арналған бесінші халықаралық математикалық жарыс білім беру Бас басқармасының, Olonlog TUV және Olonlog Academy мектептерінің қолдауымен Халықаралық математикалық олимпиадалардың ережелеріне сәйкес өткізілді, негізгі ұйымдастырушы – Olonlog Academy мектебі.

Бесінші халықаралық математикалық байқауға Моңғолия, Ресей (Иркутск облысы), Жапония, Иран және Қазақстан елдерінің оқушылары студенттері қатысты.

Бесінші халықаралық математикалық олимпиаданың мақсаты – Ресей, Азия елдерінің өңірлерін қамтитын бірыңғай мәдени және білім беру кеңістігін қалыптастыруға ықпал ету, математикаға құмар моңғол оқушылары мен басқа елдердің оқушылары арасындағы достық байланыстарды нығайту.

Сондай-ақ, балаларға қала бойынша экскурсия ұйымдастырылды, олар динозаврлар мұражайында, Шыңғыс хан мұражайында және этногруппаның концертінде болды.

Мектебіміздің 18 оқушысынан құрылған команда олимпиадаға Қазақтан атынан қатысты. РФММ оқушылары 140 қатысушы арасында жоғары нәтиже көрсетіп 8 медаль жеңіп алды:

1. Бейғанов Батырхан 8D-І орын және үздік нәтиже
2. Ким Денис 8Е-І орын
3. Тнымқұлов Мақсұд 8Е-ІІ орын
4. Лим Эрик 8Е-ІІ орын
5. Қанабек Әбу 8F-ІІ орын
6. Уәлихан Әлнұр 8Е-III орын
7. Күнғожин Абзал 7D-III орын
8. Юрженкова Ангелина 9E-III орын

Оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және оларды мақтан тұтамыз!

 

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

19
Apr
24

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша 7-сыныпқа қабылданған оқушылар үшін ақпарат.

РФММ-нің конкурстық іріктеу ережесіне сәйкес, қабылдау емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін конкурстан сәтті өткен талапкерлердің заңды өкілдері 2024 жылдың 10 мамырына дейін келесі құжаттарды…

18
Apr
24

8 сыныпқа білім беру гранты бойынша конкурстық іріктеуге тіркеу ашылды

Құрметті ата-аналар/заңды өкілдер! Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебіне 8 сыныпқа білім беру гранты бойынша түсуге конкурстық іріктеуге тіркеу ашылды. Тіркелу үшін сайтымыздағы “Қабылдау…

18
Apr
24

Қалалық Жәутіков олимпиадасы 2024

2024 жылдың 1 мамырда келесі пəндер бойынша: математика (6-8 сынып) физика (7-8 сынып) информатика (6-8 сынып) мектеп оқушылары арасында XXIII ашық қалалық Жəутіков олимпиадасының іріктеу кезеңі өтеді….

12
Apr
24

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы балаларға арналған жазғы мектеп

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қолдау мақсатында “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ 7-8 сыныптардың 100 оқушысы үшін математика, физика, информатика және ағылшын тілі бойынша…

07
Apr
24

Хабарландыру!

Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер! “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ филиалдарының 7 сыныбында оқу үшін білім беру грантын тағайындау бойынша конкурстық іріктеу қағидаларының 5.6 тармағына…

02
Apr
24

Международный конкурс «Science.Technology. Аlgorithmization. Programming»

Уважаемые учащиеся 6-11 классов! Приглашаем принять участие со своим проектом в открытом международном конкурсе «Science.Technology. Аlgorithmization. Programming» который будет проходить 25-26 апреля. Организатор…

20
Mar
24

Международный турнир по быстрым шахматам «Fizmat Chess Open Almaty 2024»

РЕГЛАМЕНТ Международного турнира по быстрым шахматам «Fizmat Chess Open 2024» 1. ЦЕЛИ И ЗАДАЧИ Популяризация и развитие шахмат в городе Алматы, Алматинской области и   Республике Казахстан…

14
Mar
24

Мамандандырылған мектептерге түсуге арналған қарқынды дайындық курсы

Құрметті ата-аналар! РФММ мектебі аясында жұмыс істейтін Fizmat Academy, қосымша білім беру орталығы 6-7 сынып оқушыларына арналған мамандандырылған мектептерге түсуге арналған қарқынды дайындық…

01
Mar
24

«Өрлеу» БАҰО мен Алматы қаласындағы РФММ арасында ынтымақтастық орнатылды

“Өрлеу” Алматы облысы бойынша филиалының директоры Қайсар Нұрлыбаев пен Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің директоры Мейірлан Мейірбекпен іскерлік кездесу өткізілді. Кездесуге Өрлеу Алматы…

29
Feb
24

РФММ-нің «Bolt.m3» командасы Хьюстонда өтетін робототехникадан әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды

Астанада робототехника бойынша Орталық Азиядағы ең ірі чемпионат аяқталды. Оған әлемнің 5 елінен 3000-нан астам оқушы қатысты. Олар Қазақстанда және шетелдерде өткен іріктеу…