Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республиканская
физико-математическая школа
Коммерциялық емес
акционерлік қоғам
Республикалық физика-
математика мектебі
28
Nov
24

МӘРТЕБЕСІ БИІК МҰҒАЛІМ



 Қайырлы күн, Санат Сағатұлы! Өзіңіз сияқты елімізге танымал, ең бастысы оқушыларының сүйікті мұғаліміне айналған ұлағатты ұстазбен кездесіп, сұқбат құру біз үшін үлкен мәртебе.

    Сіз 2010 жылдан бастап Алматыдағы физика-математика мектебінде еңбек етіп келесіз. Өткен ғасырдың ұрпағы бір орында тапжылмай жұмыс істегенді құптағанын білеміз. Ал, бүгінгі жастар жұмыс орнын, қызмет саласын жиі ауыстырып отырған жөн және ол тұлға ретінде өсуге, кәсіби дамуға да ықпал етеді деп біледі. Сіз осы пікірдің қайсысымен келісесіз және өзіңіз үшін РФММ мектебінің орны қандай?

 

Мен қазіргі жастардың қызмет саласын жиі ауыстыруын құптай қоймаймын. Бір кәсіптен екіншісіне ауысу жаңа кәсіпті басынан игеруді қажет етеді, ал жиі ауыстыру кәсіби дамуға кері әсерін тигізеді. Мен үшін РФММ мектебі – бұл ерекше орын. Бұл мектепте мен ұстаздық кәсібімді жетілдіріп, білім беру мен тәрбиелеу процесіне жаңа көзқарас тұрғысынан қарауға және үздік нәтижелерге жетуге мүмкіндік алдым. РФММ-де білім беру ғана емес, оқушылардың өз қабілеттерін дамытуы үшін қолайлы жағдай жасалған, ал менің міндетім – сол мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және одан әрі дамыту.

Сіз ұстаз ретінде бірнеше сайысқа қатысып, жүлделі болған екенсіз. Әдетте мұғалімдер жұмыстан қолы тимейтіндігін алға тартып, білім бәйгелерінен тартқыншақтай береді. Әрине, бұл жерде көпке топырақ шаша алмаймыз. Бірақ, ондай мамандардың бары рас. Талай додада топ жарған тұлға ретінде мұғалім үшін байқаулар не береді деп ойлайсыз және уақыт таппайтын ұстаздарға қандай кеңес берер едіңіз.

Байқаулар мен үшін кәсіби өсуге, өз біліктілігімді арттыруға және жаңа тәсілдер мен идеяларды табуға көмектеседі. Байқауларға қатысу менің кәсіби қызметіме жаңа серпін беріп отырады. Оқушыларға ең жақсы білімді беру үшін мен үздік тәжірибелермен танысып, оларды өз жұмысымда қолданамын. Ұстаздарға кеңесім: байқауларға қатысып тұру өте маңызды. Байқауларға қатысу уақытты, ізденісті, дайындықты, кәсіби салаң бойынша көптеген жаңа материалдармен танысуды талап етеді. Өз орайында мұның барлығы кәсіби өсуге жетелейді. Күнделікті міндеттерді алдын ала жоспарлау және жұмыс уақытын тиімді пайдалану маңызды. Егер ұстаз өз күнін тиімді ұйымдастырса, ол тек оқытуға ғана емес, жеке дамуға да уақыт табады.

Биыл республикалық «Үздік ұстаз – 2024» байқауының жеңімпазы атандыңыз. Бұл марапат Сіздің өміріңізде қандай орын алады?

«Үздік ұстаз – 2024» байқауы менің өмірімде үлкен жетістік әрі кәсіби тұрғыда жоғары бағаланған сәт болып табылады. Бұл жеңіс менің жұмысымды тану ғана емес, сондай-ақ менің шәкірттерімнің де, бір қызметтегі әріптестерімніңде жетістіктерін бағалау болып табылады. Әріптестерімнің демеуі, шәкірттерімнің білімі мен талпыныстары «Үздік ұстаз» атануыма өз үлесін қосты. Бұл байқау маған әдістемемді әрі қарай жетілдіруге, жаңа бағыттарды іздеуге әрі білім беру саласындағы тың өзгерістерді қабылдауға тың серпін берді.

Сіз сондай-ақ олимпиада резервтерін даярлайтын білікті мамансыз. Мектеп оқушыларының математика мен физикаға деген көзқарасы, құлшынысы туралы не айтасыз? Оларды өз пәніңізге қызықтырудағы басты әдісіңіз қандай?

Мектебімізде оқитын оқушылар физика-математика бағытын таңдаған болғандықтан олардың бұл пәндерге деген көзқарасы, оларды игеруге деген құлшынысы өте жоғары. Оқушыларды физикаға қызықтыруда мен оларды тек теориямен ғана емес, нақты өмірлік мысалдармен, практикалық қолданыстармен таныстыруға да тырысамын. Өйткені физика – бұл тек абстрактлі ұғымдар мен есептер емес, күнделікті өмірде кездесетін нақты құбылыстар мен процестер де сырын біліп, түсінген жанға тұнып тұрған физика. Сонымен қатар мен оқушыларымды ғылыми жобалар мен зерттеу жұмыстарын орындауға да тартамын, бұл олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, ғылымға деген қызығушылығын арттырады.

Физика пәні бойынша өткізілетін республикалық, халықаралық олимпиадалардың ішінде өзіңізге ең жақыны қайсысы және ол қандай ерекшелігімен ұнайды?

Мен үшін ең жақыны «Халықаралық Жәутіков олимпиадасы». Өйткені оны ұйымдастырушы біздің мектеп, оны өткізуде біздің мектептің әр мүшесі ат салысады. Әрине Республикалық оқушылар олимпиадасы, Халықаралық физика олимпиадасының (IPhO) да орындары ерекше. Аталған олимпиадаларда оқушылардың тек теориялық білімі ғана емес, практикалық дағдылары да, шығармашылық қабілеттері де сыналады. Елімізде өткізіліп жатқан барлық олимпиаданың маңызы зор деп есептеймін.

Оқушыларды нақты ғылымдарға қызықтырып, баулу үшін елімізге қандай форматтағы білім бәсекесі қажет деп ойлайсыз?

Елімізге нақты ғылымдар бойынша көп деңгейлі және жеке, топтық білім бәсекелерін ұйымдастыру керек. Олардың көп болғаны жақсы. Бұл сайыстар оқушылардың теориялық білімдерін, практикалық дағдыларын арттырып, олардың ғылыми ойлау қабілеттерін, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, ғылыми зерттеулер мен жобалар жасауға және әлемдік деңгейдегі ғылыми зерттеулермен танысуға мүмкіндік береді. Байқаулардың жеңімпаз-жүлдегерлеріне еліміздегі жоғары оқу орындарының гранттары мен жеңілдіктерін беру арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыруға болады.

Санат Сағатұлы, мағыналы да мәнді сұқбатыңызға көп рахмет! Білімді ұрпақ тәрбиелеу жолындағы ісіңізге береке тілейміз.

Прикрепленные файлы

Рубрики

Вам также может быть интересно:

14
Jan
25

Бүгін Impact Olympiad 2025 басталды!

Құрметті достар, көптен күткен сәт келді! Бүгін Астанада мұғалімдер мен олимпиадалық резерв жаттықтырушыларына арналған Impact Olympiad халықаралық байқауы басталды. Impact Olympiad — бұл:…

14
Jan
25

Астанада 21 Халықаралық Жәутіков Олимпиадасы басталды

Жиырма жыл қатарынан Республикалық-физика математика мектебінің ұйымдастыруымен Алматыда өткізіліп келген Халықаралық Жәутіков олимпиадасы биыл алғаш рет қатысушыларды Астана төрінде қабылдады. Олимпиаданың салтанатты ашылу…

13
Jan
25

Астана олимпиадашыларды қарсы алуда

21 Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қатысушыларын «Республикалық физика-математика мектебінің ұжымы әуежайдан қазақ халқына тән ерекше қонақжайлылықпен қарсы алуда. Қазақстан жеріне алғашқы болып, Болгария елінің…

13
Jan
25

21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы алғаш рет Астанада өтеді

2025 жылғы 13-17 қаңтар аралығында Астанада оқушыларға арналған математика, физика және информатика бойынша 21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтеді. Олимпиадаға әлемнің 15 елінен 700-ге…

21
Dec
24

РФММ оқушысы SAT сынағының биігін бағындырды!

Республикандық физика-математикалық мектебінің Астана қаласындағы филиалының 10-сынып оқушысы Ади Құралов халықаралық SAT сынағында 1600 баллдан 1530 балл жинап, әлемнің ең үздік 1%-ына кірді!…

13
Dec
24

Бухаресте (Румыния) физика, химия және биология пәндері бойынша Халықаралық жаратылыстану-ғылыми жасөспірімдер олимпиадасы өтті

2-11 желтоқсан аралығында Бухаресте (Румыния) физика, химия және биология пәндері бойынша Халықаралық жаратылыстану-ғылыми жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Қазақстан құрамасы 6 медаль жеңіп алды: 2…

10
Dec
24

Стартовала регистрация на пробный тест

Сегодня стартовала регистрация на пробный тест для поступления в 7-й класс! Тестирование пройдет в ОНЛАЙН-формате. Вы можете выбрать удобный для вас день и…

10
Dec
24

Математика, физика және информатика пәндері бойынша мұғалімдер мен олимпиадалық резерв жаттықтырушыларының VII Халықаралық ашық шығармашылық байқауы – IMPACT Olympiad

Құрметті достар!  “Республикалық физика-математика мектебі” коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен математика, физика және информатика пән мұғалімдері менолимпиадалық резервінің жаттықтырушыларының…

25
Nov
24

СЫНАҚ ЕМТИХАНЫ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! 2024 жылғы 9 желтоқcан күні 7-сыныпқа түсуге арналған онлайн форматта өтетін СЫНАҚ ЕМТИХАНЫНА тіркелу басталады! Толығырақ admissions.fizmat.kz сайтынан біле аласыздар.

18
Nov
24

ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ

«Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ-ның Алматы және Астана қалаларында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. РФММ-гі «Ашық есік күніне» екі қала бойынша 1000-ға жуық оқушы мен…