Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
16
Nov
18

Жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша XI Президенттік олимпиаданың қорытындылары



2018 жылдың 13 қарашасынан бастап 16 қарашасын қоса алған мерзімде Қарағанды облысы Теміртау қаласында жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша XI Президенттік олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.

Олимпиада Тұңғыш Президент күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің күніне арналған іс-шаралар шеңберінде өткізіледі. Ағымдағы олимпиада дәстүрлі түрде Теміртау қаласында өтеді, мұнда Қарағанды металлургия кәсіпорнында Н. Ә. Назарбаев өзінің еңбек қызметін бастады.

Президенттік олимпиаданың мақсаты орта білім беретін ұйымдардың оқушылары арасында математика, физика, химия және биология пәндері бойынша дарынды оқушыларды анықтау және одан әрі зияткерлік дамуы және кәсіби бағдары үшін оңтайлы жағдайларды жасау болып табылады. Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқуға оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен қабілеттерін тереңдету болып келеді.

10 жыл ішінде олимпиадаға 25 274 астам түлек қатысты. Осы жылы олимпиадаға Қазақстанның барлық өңірлерінен 161 оқушы қатысты.

Алматы РФММ командасы жақсы нәтиже көрсетті, Алматы РФММ 11 сынып оқушысы Бекзат Баубек математика пәні бойынша күміс медалді, Алматы РФММ 11 сынып оқушысы Әдемі Калиакбарова физика пәні бойынша қола медалді жеңіп алды.

Біздің оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз және болашақта табыс тілейміз!

https://daryn.kz/blogs/view/4/2841

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

02
May
24

6-11 сынып оқушылары арасында «Science.Technology. Algorithmization. Programming» атты ашық халықаралық конференциясы сәтті өтті

25 сәуірде 6-11 сынып оқушылары арасында «Science.Technology. Algorithmization. Programming» атты ашық халықаралық конференциясы сәтті өтті. Конференцияға Ресейдің әртүрлі аймақтарынан, сондай-ақ РФММ, НЗМ, БИЛ,…

19
Apr
24

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша 7-сыныпқа қабылданған оқушылар үшін ақпарат.

РФММ-нің конкурстық іріктеу ережесіне сәйкес, қабылдау емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін конкурстан сәтті өткен талапкерлердің заңды өкілдері 2024 жылдың 10 мамырына дейін келесі құжаттарды…

18
Apr
24

8 сыныпқа білім беру гранты бойынша конкурстық іріктеуге тіркеу ашылды

Құрметті ата-аналар/заңды өкілдер! Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебіне 8 сыныпқа білім беру гранты бойынша түсуге конкурстық іріктеуге тіркеу ашылды. Тіркелу үшін сайтымыздағы “Қабылдау…

18
Apr
24

Қалалық Жәутіков олимпиадасы 2024

2024 жылдың 1 мамырда келесі пəндер бойынша: математика (6-8 сынып) физика (7-8 сынып) информатика (6-8 сынып) мектеп оқушылары арасында XXIII ашық қалалық Жəутіков олимпиадасының іріктеу кезеңі өтеді….

12
Apr
24

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы балаларға арналған жазғы мектеп

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қолдау мақсатында “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ 7-8 сыныптардың 100 оқушысы үшін математика, физика, информатика және ағылшын тілі бойынша…

07
Apr
24

Хабарландыру!

Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер! “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ филиалдарының 7 сыныбында оқу үшін білім беру грантын тағайындау бойынша конкурстық іріктеу қағидаларының 5.6 тармағына…

02
Apr
24

Международный конкурс «Science.Technology. Аlgorithmization. Programming»

Уважаемые учащиеся 6-11 классов! Приглашаем принять участие со своим проектом в открытом международном конкурсе «Science.Technology. Аlgorithmization. Programming» который будет проходить 25-26 апреля. Организатор…

20
Mar
24

Международный турнир по быстрым шахматам «Fizmat Chess Open Almaty 2024»

РЕГЛАМЕНТ Международного турнира по быстрым шахматам «Fizmat Chess Open 2024» 1. ЦЕЛИ И ЗАДАЧИ Популяризация и развитие шахмат в городе Алматы, Алматинской области и   Республике Казахстан…

14
Mar
24

Мамандандырылған мектептерге түсуге арналған қарқынды дайындық курсы

Құрметті ата-аналар! РФММ мектебі аясында жұмыс істейтін Fizmat Academy, қосымша білім беру орталығы 6-7 сынып оқушыларына арналған мамандандырылған мектептерге түсуге арналған қарқынды дайындық…

01
Mar
24

«Өрлеу» БАҰО мен Алматы қаласындағы РФММ арасында ынтымақтастық орнатылды

“Өрлеу” Алматы облысы бойынша филиалының директоры Қайсар Нұрлыбаев пен Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің директоры Мейірлан Мейірбекпен іскерлік кездесу өткізілді. Кездесуге Өрлеу Алматы…