Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
17
Jan
19

11-12 сынып оқушыларына арналған “Әл-Фараби-2019” Республикалық олимпиадасын өткізу туралы ақпараттық хат



Дарынды оқушыларға қолдау көрсету және шығармашылық қабілеттерін анықтау мақсатында Республикалық ғылыми-практикалық “Дарын” орталығының басшылығымен “әл-Фараби” атындағы Қазақ ұлттық университеті жыл сайын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушыларына арналған “Әл-Фараби” Республикалық олимпиадасын өткізеді.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2014 жылдың 12-қарашасындағы №460 бұйрығына сәйкес Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесіне “Әл-Фараби” Республикалық олимпиадасы еңгізілген.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломмен марапатталған жеңімпаздар мен жүлдегерлер ЖОО-на түсу үшін білім беру грантына артықшылық құқығына ие және олимпиада барысында таңдаған мамандығына сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ішкі грантына ие болуға  септігін тигізеді.

Республикалық олимпиада үш кезеңде өтеді:  бірінші және екінші кезеңдер on-line түрде www.kaznu.kz сайтында http://online-test.kaznu.kz сілтемесі арқылы   өтеді. Үшінші кезең әл-Фараби ат. ҚазҰУ-де өтеді.

Олимпиада келесі пәндер бойынша жүргізіледі: ағылшын тілі, биология, дүниежүзі тарихы, география, информатика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі және әдебиеті, математика, неміс тілі, орыс тілі және әдебиеті, физика, француз тілі, химия.

Сонымен қатар, Сіздердің назарларыңызға Республикалық олимпиада бойынша www.kaznu.kz сайтында онлайн-түрде 2018 жылдың 15-желтоқсанынан 2019 жылдың ақпан айының 6-на дейін байқау түрінде тестілеу жүргізіледі. Бірінші кезең 2019 жылдың ақпан айының 8-жұлдызында Астана уақытымен Алматы қ., Астана қ., Ақмола, Алматы, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында сағат 11:00-ден 12:00 аралығында және ақпан айының 9-жұлдызында Шымкент қ., Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында сағат 11:00-ден 12:00 аралығында өткізіледі.

Екінші кезең наурыз айының 4-ші жұлдызында онлайн түрде өтеді. Үшінші кезең сәуірдің 4-5 күндері өтеді.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы олимпиаданың үшінші кезеңінің тапсырмалары теориялық және практикалық есептер түрінде, ал жалпы-гуманитарлық бағытта эссе мен университеттің зертханалық кешендерінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша теориялық сұрақтардан тұрады.

Сұрақтар бойынша: Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. тел.: 8 (727) 2277954; ішкі – 1724.

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

15
May
24

2024 жылы 24-28 наурыз аралығында Алматы қаласында информатика және география пәндері бойынша республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз мақтан тұтарлық нәтижелерге қол жеткізді. Информатика: 1 место: Анри Жан, 9  G Цой Максим, 10 K Талкат Дінмұхаммед, 10 M 2…

15
May
24

7-21 сәуір аралығында Тіл білімі бойынша Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) өтті.

Алматы қ. РФММ-нен олимпиадаға 11 “E” сынып оқушысы Есенкулов Елизар қатысып, APLO (Қазақстандағы 4-топ) дипломымен марапатталды және IOL халықаралық олимпиадасына сәтті өтті! Оның…

15
May
24

2024 жылы 17-21 наурыз аралығында Алматы қаласында математика және физика пәндерінен Республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз 8 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль, барлығы 19 марапатқа ие болып, мектебіміздің атын абыроймен қорғады! Алтын: – Сахипов Амир…

15
May
24

2024 жылы 27-31 наурыз аралығында Павлодар қаласында химия және биология пәндерінен 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша дәстүрлі республикалық олимпиада өтті.

Алматы қ. РФММ оқушылары тамаша нәтижелер көрсетті: Биология: Биология: 1. Азизов Тимур – 2 орын 2. Ли-Цун-Е Никита – 3 орын 3. Береке…

13
May
24

Результаты заключительного этапа Городской Жаутыковкой Олимпиады 2024 г.Алматы

Результаты по математике Математика Результаты по физике Физика Результаты по информатике Информатика

10
May
24

Қорытынды кезең (күндізгі кезең) 2024 жылғы 11-12 мамырда өтеді

Қорытынды кезең (күндізгі кезең) 2024 жылғы 11-12 мамырда Алматы және Астана қалаларында Республикалық физика-математика мектебінің филиалдары базасында өтеді. Алматы қ., мекен-жайы: Бұқар Жырау…

06
May
24

Результаты отборочного этапа ГЖО 2024 по информатике

По результатам отборочного этапа ГЖО 2024 по информатике на финальный этап проходят участники решившие: 8 класс — количество решенных задач 3 и выше,…

05
May
24

Результаты отборочного этапа ГЖО 2024 по физике

По результатам отборочного этапа ГЖО 2023 по физике на заключительный этап проходят участники решившие: 8 класс — 5 баллов и выше, 7 класс…

04
May
24

Результаты отборочного этапа ГЖО 2024 по математике

По результатам отборочного этапа ГЖО 2024 по математике на заключительный этап проходят участники решившие: 8 класс — 8 баллов и выше, 7 класс…