Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
26
Apr
19

IFSS “ENGLISHUP” IN ALANYA, TURKEY



Құрметті ата-аналар!

Ағымдағы жылдың 15 маусымынан бастап 28 маусымын қоса алған мерзімде өтетін Аланья қ. (Түркия) орналасқан IFSS “EnglishUP” жазғы мектебіне тіркеу 30 сәуірде аяқталатынын ескертеміз.

Тіркеу аяқталғанға дейін 5 күн қалды! 

Ал әзірше біз бағдарлама туралы кейбір ақпаратпен бөлісеміз:

Бағдарлама 3-6 сыныптың оқушыларына есептелген. Барлығы 48 оқушының (барынша көп саны) қатысуы жоспарланып отыр, олар ағылшын тілін меңгеру деңгейлері бойынша 4 топқа бөлінеді. Күніне 50 минуттан тұратын 4 сабақты өткізу жоспарланған (олардың ішінде 3 сабақ English + келесі күні робототехника немесе логика). Лагерьдің қатысушыларымен тұрақты түрде 10 РФММ мұғалімі жұмыс жасайды (ағылшын тілі туған тілі болып табылатын АҚШ-тан шақырылған мұғалім, Болашақ бағдарламасының түлектері, Қазақстанда Жылдың үздік мұғалімі атағын иеленген робототехника және математика пәндері мұғалімдері – Г. Г. Аубакирова және И. Ж. Ибатулин).

Сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру мақсатында әрбір мұғалімнің артынан 4-5 бала тіркеледі, олар белгілі бір тапсырмаларды орындайтын болады (зияткерлік және шығармашылық ойындарға, квесттерге қатысу, Түркияның мәдениетімен және дәстүрлерімен танысу). Спорттық бөлімге күн сайын таңғы жаттығуларды жасау, жүзу, спорттық ойындар кіреді. Сондай-ақ балаларға екі шығыс саяхаты ұсынылады (Аланьяның және ежелгі Аспендос қаласының көрікті жерлеріне бару).

Өтетін уақыты және орны – 2019 жылдың 15-28 маусымы, Аланья, Түркия.

Бағдарламаның құны – 684 000 теңге.

Ол келесі шараларды қамтиды:

  • Сабақ бағдарламасы;
  • Нұр-Сұлтан – Анталья – Нұр-Сұлтан әуебилеттері немесе Алматы-Анталья-Алматы әуебилеттері;
  • Анталья – Аланья – Анталья трансфері;
  • Тұру орны;
  • 3 рет тамақтану;
  • Медициналық сақтандыру;
  • Шығыс саяхаттар.

Қатысу үшін 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін www.ifss.kz сайты арқылы немесе +7 705 700 9186 телефоны бойынша тіркелу қажет. Орындардың саны шектеулі.

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

19
Apr
24

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша 7-сыныпқа қабылданған оқушылар үшін ақпарат.

РФММ-нің конкурстық іріктеу ережесіне сәйкес, қабылдау емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін конкурстан сәтті өткен талапкерлердің заңды өкілдері 2024 жылдың 10 мамырына дейін келесі құжаттарды…

18
Apr
24

8 сыныпқа білім беру гранты бойынша конкурстық іріктеуге тіркеу ашылды

Құрметті ата-аналар/заңды өкілдер! Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебіне 8 сыныпқа білім беру гранты бойынша түсуге конкурстық іріктеуге тіркеу ашылды. Тіркелу үшін сайтымыздағы “Қабылдау…

18
Apr
24

Қалалық Жәутіков олимпиадасы 2024

2024 жылдың 1 мамырда келесі пəндер бойынша: математика (6-8 сынып) физика (7-8 сынып) информатика (6-8 сынып) мектеп оқушылары арасында XXIII ашық қалалық Жəутіков олимпиадасының іріктеу кезеңі өтеді….

12
Apr
24

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы балаларға арналған жазғы мектеп

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қолдау мақсатында “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ 7-8 сыныптардың 100 оқушысы үшін математика, физика, информатика және ағылшын тілі бойынша…

07
Apr
24

Хабарландыру!

Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер! “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ филиалдарының 7 сыныбында оқу үшін білім беру грантын тағайындау бойынша конкурстық іріктеу қағидаларының 5.6 тармағына…

02
Apr
24

Международный конкурс «Science.Technology. Аlgorithmization. Programming»

Уважаемые учащиеся 6-11 классов! Приглашаем принять участие со своим проектом в открытом международном конкурсе «Science.Technology. Аlgorithmization. Programming» который будет проходить 25-26 апреля. Организатор…

20
Mar
24

Международный турнир по быстрым шахматам «Fizmat Chess Open Almaty 2024»

РЕГЛАМЕНТ Международного турнира по быстрым шахматам «Fizmat Chess Open 2024» 1. ЦЕЛИ И ЗАДАЧИ Популяризация и развитие шахмат в городе Алматы, Алматинской области и   Республике Казахстан…

14
Mar
24

Мамандандырылған мектептерге түсуге арналған қарқынды дайындық курсы

Құрметті ата-аналар! РФММ мектебі аясында жұмыс істейтін Fizmat Academy, қосымша білім беру орталығы 6-7 сынып оқушыларына арналған мамандандырылған мектептерге түсуге арналған қарқынды дайындық…

01
Mar
24

«Өрлеу» БАҰО мен Алматы қаласындағы РФММ арасында ынтымақтастық орнатылды

“Өрлеу” Алматы облысы бойынша филиалының директоры Қайсар Нұрлыбаев пен Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің директоры Мейірлан Мейірбекпен іскерлік кездесу өткізілді. Кездесуге Өрлеу Алматы…

29
Feb
24

РФММ-нің «Bolt.m3» командасы Хьюстонда өтетін робототехникадан әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды

Астанада робототехника бойынша Орталық Азиядағы ең ірі чемпионат аяқталды. Оған әлемнің 5 елінен 3000-нан астам оқушы қатысты. Олар Қазақстанда және шетелдерде өткен іріктеу…