АЛМАТЫ РФММ ТҮЛЕКТЕРІНЕ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Міне, 2021-2022 оқу жылының да мәрелі сызығына жеттік. 25 мамырда Алматы РФММ-нің 180 түлегі Соңғы қоңырау салтанатты жиынында балалықпен, алтын ұя мектебімен қоштасты. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі қалатыны анық.
Оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты шара биыл дәстүрлі форматта өтті. Мерекелік жиынға барлық сыныптар, ұстаздар мен ата-аналар қатысты. Шараның басты кейіпкерлерін мектеп қауымдастығы жұлдызды шеруде қарсы алып, әрқайсысының жетістіктерін еске түсірді. Түлектерге РФММ Қамқоршылық кеңесінің мүшелері Наурузбаев Максат Сабырұлы және Оспанов Бахыт Насрадинұлы, мектеп директорының міндетін атқарушы Ордабаев Алмас Еркінұлы жылы лебіздерін білдіріп, сәт сапар тіледі.
Балаларымен бірге ата-аналар да қобалжу мен қуаныш сезімдеріне бөленді. Бітіруші түлектердің ата-аналары атынан құттықтау сөздері айтылды.
Жыл қорытындысы бойынша мектебіміздің үздік ұстаздары, жаттықтырушы және тәрбиешілері Директорлар кеңесінің төрағасы Каниев Берік Сералыұлының атынан алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттарға ие болды.
Дәстүр бойынша соңғы қоңырау соғылып, түлектер өз ізбасарларына білім кілтін табыстады. Шара соңында бүгінгі күннің басты кейіпкерлері бір-біріне деген қимастық сезімдерін жеткізді.
«Республикалық физика-математика мектебі» табалдырығынан үлкен өмірге бүгін 180 түлек жолдама алды: 180 арман, 180 үміт, осынша сенім мен осынша тағдыр! Еліміздегі мыңдаған мектептерден мыңдаған түлектердің ұшып шыққанын ескерсек, ересектер қатары осынша адамға, осынша күшке толықты! Қанаттарың талмасын, жас түлектер!
Соңғы қоңырау салтанатынан суреттерді сілтеме бойынша көре аласыздар https://drive.google.com/drive/folders/1fQJmVRlhFjZCAQZiCbxQe6m4y-1f4mJ2
Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:
Открыта регистрация на пробное тестирование в 7 класс
Уважаемые законные представители/родители! РФМШ Алматы и РФМШ Астана проводят пробные тестирования для поступающих в 7 класс. Если ваш ребенок хочет узнать свой уровень…
Открыта онлайн регистрация на вступительные экзамены для обучения на платной основе
Уважаемые родители, законные представители! С 5 декабря 2023 года по на сайте https://admissions.fizmat.kz будет открыта онлайн регистрация на вступительные экзамены для обучения на платной основе…
«Алтын туйин» халықаралық астротурнир өтті.
2023 жылдың 17 – 19 қараша айы аралығында Қырғыстан Республикасы, Чолпан-Ата қаласында, «Алтын туйин» Ұлттық балалар инженерлік-техникалық академиясының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының арасында халықаралық…
IMPACT Olympiad VI Халықаралық ашық шығармашылық конкурс
Құрметті достар! “Республикалық физика-математика мектебі” коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен математика, физика және информатика олимпиадалық резервінің мұғалімдері…
7-сыныпқа түсетін үміткерлер үшін сынақ тестілеуіне тіркеу ашық!
Құрметті заңды өкілдер/ата-аналар! Республикалық физика-математика мектебіне 7-сыныпқа түсетін үміткерлер үшін сынақ тестілеуіне тіркеу ашық! Тіркеуден “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ сайтында, “Қабылдау комиссиясы”, “Қалай…
РФММ Алматы Ашық есік күнін өткізді
2023 жылдың 1 қарашасында Алматы қаласының Республикалық физика-математика мектебінде қала мектептерінің 5-6 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған «Ашық есік күні» және білім…
Астротурнирден алтын жүлде
2023 жылдың 26-31 қазан айы аралығында Бөбек Ұлттық ғылыми-практикалық және сауықтандыру орталығында мектеп оқушыларының арасында М. Әбділдин атындағы «Адам, Жер, Ғалам» Қазақстандық астротурнирі…
Орта білім беру ұйымдарында мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары
Құрметті әріптестер, 2023 жылдың 31 қазаны мен 2 қарашасы аралығында Физмат академиясы Республикалық физика-математика мектебімен бірлесіп, орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне келесі бағыттар…
Школа программирования Яндекса открывает набор учеников
11 сентября открывается набор учеников на очный курс по изучению программирования на языке Python в Республиканской физико-математической школе г. Алматы и Республиканской физико-математической…
РФММ Алматы оқушылары үшін олимпиадалық резервке іріктеу
РФММ Алматы оқушылары үшін олимпиадалық резервке іріктеу Математика Өткізілетін күні: сенбі, 9 қыркүйек 2023 жыл Сынып: 7-8 Тіркелу сілтемесі https://forms.gle/r3aD3vRFgpXEUEKs8 Өткізілетін уақыты:…