ALMATY JUNIOR OLYMPIAD IN INFORMATICS

Almaty Junior Olympiad in Informatics программалау пәні бойынша мектеп оқушыларына арналған (7-9 сыныптар) бірінші олимпиада Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы базасында өтеді. Олимпиаданың негізгі міндеттері – мектеп оқушыларының программалау бойынша білім деңгейін арттыру және мектеп оқушыларын программалау олимпиадаларына дайындау сапасын жақсарту, сондай-ақ дарынды балаларды қолдау.
Олимпиада екі кезеңде өтеді:
- Іріктеу кезеңі — бір тур 2024 жылғы 12 қазанда (прокторинг жүйесімен онлайн форматта). Іріктеу турына қатысу МІНДЕТТІ!. Іріктеу турынан кейін финалдық оффлайн кезеңге өткен қатысушылар тізімі жарияланады. Нәтижелер https://ajoi.kz/ сайтында жарияланады. Әрбір қатысушы академиялық адалдықты тексеру мақсатында прокторинг жүйесінде өз микрофоны мен экранына қолжетімділікті қамтамасыз етуі қажет. Нұсқаулық электрондық пошта арқылы жіберіледі (Тіркелу кезінде мұқият болыңыз!). Іріктеу турына тіркелу 2024 жылғы 30 қыркүйектен 10 қазанға дейін (18:00-ге дейін) http://ajoi.kz/form сілтемесі бойынша жүргізіледі. Егер сіз тіркелген болсаңыз және 11 қазанға дейін 18:00 (GMT+5) нұсқаулық алмаған болсаңыз, алдымен СПАМ қалтасын тексеріңіз, содан кейін осы мәселе бойынша info@ajoi.kz электрондық поштасына жазыңыз.
- Қорытынды кезең 2024 жылғы 19-20 қазанда Алматы қаласында Республикалық физика-математика мектебі филиалдарының базасында өтеді: Алматы қ., Бухар Жырау бульвары 36.
Олимпиада бағдарламасы:
Іріктеу кезеңі (онлайн)
Күні: 2024 жылғы 12 қазан
Уақыты: 16:00-19:00
Талаптар: Олимпиада кезінде прокторинг үшін интернетке қосылған компьютер, веб-камера болуы керек.
Іріктеу кезеңінің нәтижелері бойынша Қорытынды кезеңге қатысушылар анықталады.
Қорытынды кезең (оффлайн)
1 тур: 2024 жылғы 19 қазан 10:00-13:00
2 тур: 2024 жылғы 20 қазан 10:00-13:00
Жабылу рәсімі: 2024 жылғы 20 қазан 14:00-15:00
Қорытынды кезеңнің екі турының тапсырмаларын орындау нәтижесінде жиналған ұпайлардың жиынтығы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Олимпиадада ең жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Барлық сұрақтар бойынша info@ajoi.kz электрондық поштасына хабарласыңыз.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалінде болып, мектеп оқушылармен жүздесті.
Республикалық физика-математика мектебінің шәкірттері де Мемлекет Басшысымен кездесіп, сұқбаттасуға мүмкіндік алды. Оның қатарында «РФММ» КеАҚ Алматы қаласындағы филиалының оқушылары: Тұраш Әділет, Серикбаев Асанәлі,…
7-сыныпқа арналған негізгі емтиханға тіркелу жүріп жатыр!
Құрметті 6-сынып оқушылары және ата-аналары! Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына арналған емтиханға тіркелу басталғанын хабарлаймыз! Емтиханның өтетін күні: 27 сәуір 2025 жыл. Тіркелу мерзімі:…
Жәутіков Олимпиадасының нәтижелері: Алматы РФММ оқушылары 17 медаль жеңіп алды
05 ақпан сағат 11:00-де Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Жәутіков Олимпиадасының нәтижелері: Алматы РФММ оқушылары 17 медаль жеңіп алды» тақырыбында баспасөз-конференциясы өтеді….
Бүгін Impact Olympiad 2025 басталды!
Құрметті достар, көптен күткен сәт келді! Бүгін Астанада мұғалімдер мен олимпиадалық резерв жаттықтырушыларына арналған Impact Olympiad халықаралық байқауы басталды. Impact Olympiad — бұл:…
Астанада 21 Халықаралық Жәутіков Олимпиадасы басталды
Жиырма жыл қатарынан Республикалық-физика математика мектебінің ұйымдастыруымен Алматыда өткізіліп келген Халықаралық Жәутіков олимпиадасы биыл алғаш рет қатысушыларды Астана төрінде қабылдады. Олимпиаданың салтанатты ашылу…
Астана олимпиадашыларды қарсы алуда
21 Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қатысушыларын «Республикалық физика-математика мектебінің ұжымы әуежайдан қазақ халқына тән ерекше қонақжайлылықпен қарсы алуда. Қазақстан жеріне алғашқы болып, Болгария елінің…
21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы алғаш рет Астанада өтеді
2025 жылғы 13-17 қаңтар аралығында Астанада оқушыларға арналған математика, физика және информатика бойынша 21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтеді. Олимпиадаға әлемнің 15 елінен 700-ге…
РФММ оқушысы SAT сынағының биігін бағындырды!
Республикандық физика-математикалық мектебінің Астана қаласындағы филиалының 10-сынып оқушысы Ади Құралов халықаралық SAT сынағында 1600 баллдан 1530 балл жинап, әлемнің ең үздік 1%-ына кірді!…
Бухаресте (Румыния) физика, химия және биология пәндері бойынша Халықаралық жаратылыстану-ғылыми жасөспірімдер олимпиадасы өтті
2-11 желтоқсан аралығында Бухаресте (Румыния) физика, химия және биология пәндері бойынша Халықаралық жаратылыстану-ғылыми жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Қазақстан құрамасы 6 медаль жеңіп алды: 2…
Стартовала регистрация на пробный тест
Сегодня стартовала регистрация на пробный тест для поступления в 7-й класс! Тестирование пройдет в ОНЛАЙН-формате. Вы можете выбрать удобный для вас день и…