Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
02
May
19

Алматы РФММ оқушылары «Almaty Tech СUP» және «WRO 2019» сайыстарына қатысты



Ағымдағы жылдың 26-27 сәуірінде Алматы қаласында «Almaty Tech cup» және «WRO 2019» сайыстары өткізілді. Жыл сайын Чемпионат өзінің ерекше инженерлік жобаларын, білімдерін көрсететін 7 жастан 21 жасқа дейінгі қатысушыларды өз алаңына жинайды, олар сондай-ақ Чемпионаттың алаңында робототехника, жаңа технологиялар және бағдарламалау салаларында сайысады.

Алғаш рет TechCup сайысы 2014 жылы өткізілген болатын. Жылдар өте Чемпионаттың ауқымы 20 командадан 250 командаға дейін кеңейді, ал қатысушылардың саны 1200 адамнан асты.

World Robot Olympiad – бұл дүние жүзінің шамамен 600 командасы қатысатын робототехника бойынша әлемдік сайыс. Олимпиада келесі үш пән бойынша өтеді: LEGO жиынтығынан роботтарды құрастыру және бағдарламалау, сондай-ақ жаңа технологияларды және ақылды құрылғыларды жасау. Әр номинацияда бірнеше жас санаты бар. Ең кіші жас санаты 10 жасқа дейінгі қатысушыларға есептелген, ал ең жоғарғы жас санаты 19 жасқа дейінгі қатысушыларға есептелген.

Осы жылы Алматы РФММ-нен бірнеше команда қатысты. Біздің мектептің барлық командалары орындарды жеңіп алды.

Бірінші командада 9 «В» сыныбының оқушылары Нұрали Сенғалиев пен Досымжан Қоғабаев болды. Қысқаша айтсақ, олардың жобалары соқыр адамдарға арналған. Жоба соқыр адамдарға қала бойынша өз бетімен қозғалуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда бұл мәселе жиі кездесетіндіктен әділ қазылар алқасы жобаны жоғары бағалады, балалар құрметті екінші орынды алды.

Келесі команда 9 «Б» сыныбының оқушысы Арнур Сыдықтан құралды. Оның жобасы шахта қызметкерлеріне арналған, себебі адамдарға улы газдардың, жоғары температураның және т.б. салдарынан ол жерлерде болу қауіпті болғандықтан, Арнур ауада метанның болу деңгейін, ылғалдылықты, температураны есептей алатын құрылғыны құрастырды. Жоба екінші орынды алды.

Үшінші команданың құрамына Еркебұлан Жақсылыков пен Асентай Ахмед кірді. Олар супермаркеттерге көмектесетін жобаны әзірледі. Бұл – сатып алушы смартфон арқылы басқара алатын конвейер жолағы. Балалар үшінші орынды жеңіп алды.

Соңғы команданың мүшелері Илья Салаватов пен Владислав Загрициенко «Сумо» санатына қатысып, екінші орынды алды.

«Барлығымыз да жетістіктерімізді мақтан тұтамыз және жаңа биіктерді бағындыруға ұмтыламыз!» – деді балалар, ал біз оларға сәттілік, табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

28
Jun
24

РФММ-нің болашақ оқушылары назарына!

РФММ-нің болашақ оқушылары назарына! Алматы қаласындағы РФМШ-нің ақылы және грант бөліміне қабылданған оқушылардың құжаттарын қабылдау 5 тамыздан бастап басталатынын хабарлаймыз! Құжаттарды қабылдау басталатын…

11
Jun
24

Оқу триумфы: сертификаттар болашақтың қолында

2023 жылдың 1 қыркүйегінен 2024 жылдың 25 мамырына дейін Алматы және Астана оқушылары Python бағдарламалау тілін, деректер құрылымын және Python кітапханасын терең зерттеді….

11
Jun
24

Физика пәні бойынша Азия олимпиадасында (APhO) күміс медаль

Қазақстандық оқушылар құрамасы Азия физика олимпиадасында (APhO) тамаша нәтиже көрсетіп, жеті жүлдеге ие болды: бір күміс, алты қола медаль және бір мақтау қағазы….

31
May
24

«РФММ» Алматы КеАҚ филиалына ақылы негізде түсу үшін емтихандарға бойынша онлайн тіркелу ашылады

Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер!   2024 жылдың 01 шілдесінен бастап 05 тамызына дейін сайтта https://admissions.fizmat.kz «РФММ» Алматы КеАҚ филиалына ақылы негізде түсу үшін…

15
May
24

2024 жылы 24-28 наурыз аралығында Алматы қаласында информатика және география пәндері бойынша республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз мақтан тұтарлық нәтижелерге қол жеткізді. Информатика: 1 место: Анри Жан, 9  G Цой Максим, 10 K Талкат Дінмұхаммед, 10 M 2…

15
May
24

7-21 сәуір аралығында Тіл білімі бойынша Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) өтті.

Алматы қ. РФММ-нен олимпиадаға 11 “E” сынып оқушысы Есенкулов Елизар қатысып, APLO (Қазақстандағы 4-топ) дипломымен марапатталды және IOL халықаралық олимпиадасына сәтті өтті! Оның…

15
May
24

2024 жылы 17-21 наурыз аралығында Алматы қаласында математика және физика пәндерінен Республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз 8 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль, барлығы 19 марапатқа ие болып, мектебіміздің атын абыроймен қорғады! Алтын: – Сахипов Амир…

15
May
24

2024 жылы 27-31 наурыз аралығында Павлодар қаласында химия және биология пәндерінен 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша дәстүрлі республикалық олимпиада өтті.

Алматы қ. РФММ оқушылары тамаша нәтижелер көрсетті: Биология: Биология: 1. Азизов Тимур – 2 орын 2. Ли-Цун-Е Никита – 3 орын 3. Береке…

13
May
24

Результаты заключительного этапа Городской Жаутыковкой Олимпиады 2024 г.Алматы

Результаты по математике Математика Результаты по физике Физика Результаты по информатике Информатика