XIX Ашық Қалалық Жәутіков олимпиадасы
Құрметті олимпиадалардың жанашырлары! Дәстүрге айналған Ашық Қалалық Жәутіков олимпиадасы бұрынғыдай келесі үш пән бойынша өтеді: математика пәні (6-8 сыныптар), физика пәні (7-8 сыныптар) және информатика пәні (6-8 сыныптар).
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттеріне мыналар жатады: математика, физика, информатика пәндеріне қызығушылық танытатын оқушыларды анықтау, олардың шығармашылық қабілеттерін және ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайларды жасау.
Олимпиада екі кезеңнен тұрады: І кезең – интернет арқылы онлайн (осы кезеңде қатысушының жұмыс орнының бейне көрсетілімін қамтамасыз ету қажет), ал ІІ кезең Алматы қ. және Астана қ. РФММ негізінде қатысушының тікелей келіп қатысуымен өтеді. Әрбір кезең екі турдан өтетін болады.
I (онлайн) кезең:
1 тур: 8 сәуірден бастап 19 сәуірді қоса алғанда қатысушыларды тіркеу http://olympiads.fizmat.kz/ сайтында өтеді.
Тур 21 сәуірде өтеді:
- математика пәні бойынша сағат 09:00 бастап сағат 11:00 дейін;
- физика пәні бойынша сағат 09:00 бастап сағат 11:00 дейін;
- информатика пәні бойынша сағат 09:00 сағат 12:00 дейін.
2 тур: 22 сәуірден бастап 26 сәуірді қоса алғанда қосымша қатысушыларды тіркеу http://olympiads.fizmat.kz/ сайтында өтетін болады. 1 турдың қатысушылары автоматты түрде 2 турға тіркелетін болады.
Тур 28 сәуірде өтеді.
- математика пәні бойынша сағат 09:00 бастап сағат 11:00 дейін;
- физика пәні бойынша сағат 9:00 бастап сағат 11:00 дейін;
- информатика пәні бойынша сағат 09:00 сағат 12:00 дейін.
Қандай да бір себептермен олимпиаданың 1 онлайн турына қатыса алмаған оқушылар, тіркелу арқылы 2 онлайн турға қатыса алады.
І кезеңнің нәтижелері бойынша ІІ кезеңнің қатысушылары анықталады. Осы ретте І кезеңнің екі турының бірінің ең үздік нәтижесі есепке алынатын болады. ІІ кезеңнің қатысушылары http://olympiads.fizmat.kz/ сайтында жарияланатын болады. XVIII Ашық Қалалық Жәутіков олимпиадасының, Эйлер атындағы олимпиаданың қорытынды кезеңінің, «Бірлік формуласы/Үшінші мыңжылдық» олимпиадасының қорытынды кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бірінші (онлайн) кезеңге қатыспай, Ашық Қалалық Жәутіков олимпиадасының екінші (тікелей қатысу) кезеңіне жіберіледі. Бұл оқушыларға http://olympiads.fizmat.kz/ сайтында сканерден өткізілген диплом көшірмесін жүктеу арқылы тіркелу қажет!
II (тікелей қатысу) кезеңі:
ІІ кезеңге өткен қатысушылар 4 мамырда сағат 15:00 бастап сағат 18:30 дейін және 5 мамырда сағат 15:00 бастап сағат 18:30 дейін Алматы қ. және Астана қ. РФММ негізінде өтетін ІІ кезеңге тікелей қатыса алады.
Қатысушы өзімен бірге келесі заттарды алып келу қажет: жазба құралдарын, 12 беттік тор көз дәптерді, қажет болса кішкене тамақ. Қатысушылар үш пәннің бірі бойынша онлайн турға қатыса алады. Сонымен қатар, тікелей қатысатын кезеңде да қатысушы тек БІР пәнді таңдауы тиіс.
Олимпиаданың қорытындылары жеке есепте шығарлады.
Апелляция 12 мамырда сағат 10:00 бастап сағат 13:00 дейін өтеді.
Марапаттау рәсімі 12 мамырда сағат 15:00 өтеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер олимпиаданың ІІ кезеңінің екі турының тапсырмаларын орындағаны үшін жинаған ұпайлардың саны бойынша анықталады. Олимпиадада ең үздік нәтижелер көрсеткен қатысушылар I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Егер сұрақтарыңыз болса, келесі электронды пошталарға хат жазу арқылы оларды қоя аласыз: askhat.karim@fizmat.kz (Алматы) және olympiads@fizmat.kz (Астана).
Вам также может быть интересно:
СЫНАҚ ЕМТИХАНЫ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! 2024 жылғы 9 желтоқcан күні 7-сыныпқа түсуге арналған онлайн форматта өтетін СЫНАҚ ЕМТИХАНЫНА тіркелу басталады! Толығырақ admissions.fizmat.kz сайтынан біле аласыздар.
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ
«Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ-ның Алматы және Астана қалаларында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. РФММ-гі «Ашық есік күніне» екі қала бойынша 1000-ға жуық оқушы мен…
VII Халықаралық FEMO International Математика Олимпиадасы
Құрметті 1-5 сынып оқушылары! ✅Сіздерді VII Халықаралық FEMO International Математика Олимпиадасының Қысқы турына қатысуға шақырамыз. ❄️ Олимпиада 2024 жылғы 8 желтоқсанда өтеді. Олимпиада…
Ашық есік күні – 2024
2024 жылдың 16 қарашасы РФММ-нің Алматы қаласындағы филиалында «Ашық есік күні» өтеді. Іс-шараға 5-6 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарын шақырамыз. Қонақтарға келесідей бағдарлама ұсынылады: Мектеп өміріне…
Әдеби марафонның басталғанын қуана хабарлаймыз!
Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Әдеби марафонның басталғанын қуана хабарлаймыз! ✨ Сіздерді көркем әдебиет әлеміне қызықты саяхат күтуде. Кітаптар тізімі сынып жетекшілеріңізге жіберілді. 2025…
“Үздік сынып жетекші—2025” байқауына өтініштерді қабылдау басталды!
Алматы қ. РФММ-де жыл сайынғы “Үздік сынып жетекші—2025” байқауына өтініштерді қабылдау басталды! Бұл байқау сынып жетекшілерінің кәсіби дамуын қолдап, олардың қызметінің мәртебесін арттыруды,…
Волейболдан ата-аналар арасындағы дәстүрлі Чемпиондар Лигасы өтті
Білім беру және тәрбие процесінің жемісті болуы мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар арасындағы тығыз қарым-қатынасқа тікелей байланысты. Мұндай рухани байланысты берік ұстап тұру —…
Almaty Junior Olympiad in Informatics 2024
Almaty Junior Olympiad in Informatics 2024 – Қазақстанның әр өңірінен келген 7-9 сынып оқушылары үшін ICPC форматында өткізілетін спорттық бағдарламалау бойынша бірегей олимпиада!…
Президент тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлерін қабылдады.
Президент тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлерін қабылдады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жақында өткен депутаттардың республикалық форумында: «Балалар…
Бүгін біз сүйікті Республикалық физика-математика мектебіміздің 52 жылдық туған күнін атап өттік!
Бүгін біз сүйікті Республикалық физика-математика мектебіміздің 52 жылдық туған күнін атап өттік! Бұл күннің ерекшелігі — дәстүрлі торттар байқауы мен “Күзгі науқан” қайырымдылық…