Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
20
Feb
19

Жас геолог! 9-11 сынып оқушыларына арналған ақпарат!



Қазір сіздердің өмірлеріңізде күрделі және жауапты кезең – мектепті аяқтау және көп жағдайда сіздердің болашақ өмір жолдарыңызды анықтайтын мамандықты және жоғары оқу орнын таңдау. Өздеріңіздің болашақ мамандықтарыңызды таңдаған кезде, сіздер бірінші кезекте, қандай мамандықтардың болашағы зор және еңбек нарығында қандай мамандықтардың талап етілетіндігі туралы білулеріңіз керек, сондай-ақ әлемдік стандарттарға сәйкес келетін шындығында беделді жоғары білімді қайдан алуға болатындығын шешулеріңіз қажет.

Қазақстан пайдалы қазбалардың негізгі қатты түрлерінің зерттелген қорлары бойынша әлемде жетекші орындардың бірін алады. Қазіргі таңда еңбек нарығында геологтардың үлкен жетіспеушілігі орын алады. Еліміздің үздік техникалық жоғары оқу орны болып саналатын Қазақстан-Британ техникалық университетіне оқуға түсіп және геолог мамандығын таңдаңыз, сіздер дұрыс таңдау жасайсыз.

Кәсіптік бағдар жүргізу және оқушыларды ҚБТУ-ге оқуға түсуге дайындау мақсатында арнайы сіздер үшін «Геология және пайдалы қазбаларды барлау» факультетінде «Жас геолог» мектебі ашылатындығы туралы хабарлаймыз, ол сіздердің мектептегі сабақ кестелеріңізді ескере отырып жұмыс жасайды. «Жас геолог» мектебіне сұхбаттасу нәтижелері бойынша барлық мектептердің жоғарғы сынып оқушылары қабылданады.

Факультеттің жетекші ұстаздары – өз ісінің мамандары, олардың ұстаздық салада және геология саласында үлкен тәжірибесі бар, олар ҚБТУ негізінде оқушыларға сабақ жүргізетін болады. Оқушылар жалпы геология, минералогия, құрылымдық геология және мектепте оқытылмайтын геология циклінің басқа да пәндері бойынша дәрістер және практикалық сабақтар өтеді. Зертханалық және тәжірибелік сабақтар минералдардың, тау жыныстарының, тілімтастардың, кеспетастардың және өзге де материалдардың бай топтамасымен жарақталған оқу зертханаларында өтетін болады. «Жас геолог» мектебі ақысыз негізде жұмыс жасайтын болады.

«Жас геолог» мектебінде оқушылар тек теориялық білімді ғана алып қоймай, сондай-ақ дала зерттеулерін жүргізу, материалдарды жинау және зерттеу жобаларын жүргізу бойынша тәжірибелік дағдыларды иеленеді. Балалар зерттеу жобаларының нәтижелерін ғылыми конференцияларда және байқауларда ұсынатын болады, факультеттің профессорлық-ұстаздық құрамы оларды бұл іс-шараларға дайындайды.

Қатысуға ниет білдірген барлық оқушылар шақырылады!

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

28
Jun
24

РФММ-нің болашақ оқушылары назарына!

РФММ-нің болашақ оқушылары назарына! Алматы қаласындағы РФМШ-нің ақылы және грант бөліміне қабылданған оқушылардың құжаттарын қабылдау 5 тамыздан бастап басталатынын хабарлаймыз! Құжаттарды қабылдау басталатын…

11
Jun
24

Оқу триумфы: сертификаттар болашақтың қолында

2023 жылдың 1 қыркүйегінен 2024 жылдың 25 мамырына дейін Алматы және Астана оқушылары Python бағдарламалау тілін, деректер құрылымын және Python кітапханасын терең зерттеді….

11
Jun
24

Физика пәні бойынша Азия олимпиадасында (APhO) күміс медаль

Қазақстандық оқушылар құрамасы Азия физика олимпиадасында (APhO) тамаша нәтиже көрсетіп, жеті жүлдеге ие болды: бір күміс, алты қола медаль және бір мақтау қағазы….

31
May
24

«РФММ» Алматы КеАҚ филиалына ақылы негізде түсу үшін емтихандарға бойынша онлайн тіркелу ашылады

Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер!   2024 жылдың 01 шілдесінен бастап 05 тамызына дейін сайтта https://admissions.fizmat.kz «РФММ» Алматы КеАҚ филиалына ақылы негізде түсу үшін…

15
May
24

2024 жылы 24-28 наурыз аралығында Алматы қаласында информатика және география пәндері бойынша республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз мақтан тұтарлық нәтижелерге қол жеткізді. Информатика: 1 место: Анри Жан, 9  G Цой Максим, 10 K Талкат Дінмұхаммед, 10 M 2…

15
May
24

7-21 сәуір аралығында Тіл білімі бойынша Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) өтті.

Алматы қ. РФММ-нен олимпиадаға 11 “E” сынып оқушысы Есенкулов Елизар қатысып, APLO (Қазақстандағы 4-топ) дипломымен марапатталды және IOL халықаралық олимпиадасына сәтті өтті! Оның…

15
May
24

2024 жылы 17-21 наурыз аралығында Алматы қаласында математика және физика пәндерінен Республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз 8 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль, барлығы 19 марапатқа ие болып, мектебіміздің атын абыроймен қорғады! Алтын: – Сахипов Амир…

15
May
24

2024 жылы 27-31 наурыз аралығында Павлодар қаласында химия және биология пәндерінен 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша дәстүрлі республикалық олимпиада өтті.

Алматы қ. РФММ оқушылары тамаша нәтижелер көрсетті: Биология: Биология: 1. Азизов Тимур – 2 орын 2. Ли-Цун-Е Никита – 3 орын 3. Береке…

13
May
24

Результаты заключительного этапа Городской Жаутыковкой Олимпиады 2024 г.Алматы

Результаты по математике Математика Результаты по физике Физика Результаты по информатике Информатика