Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
15
Jan
19

XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жабылуы жөніндегі ақпарат



2019 жылдың 14 қаңтарында Алматы қаласындағы Ө. А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында математика, физика және информатика пәндері бойынша XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Олимпиаданың мақсаты: оқушылар арасында физика-математика ғылымдарын дәріптеу, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, әр түрлі елдердің мамандандырылған мектептері арасында достық қарым-қатынасты орнату, олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесімен алмасу, сондай-ақ Қазақстан білімінің және мәдениетінің деңгейін көрсету.

Осы жылы олимпиадаға 18 елден 82 команда келді. Қазақстанның атынан Қазақстанның әр түрлі өңірлерінен келген 23 команда қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 540 адамды құрады. Математика пәні бойынша 91 медаль (20 алтын, 26 күміс және 45 қола медаль), физика пәні бойынша 71 медаль (15 алтын, 21 күміс және 35 қола медаль), информатика пәні бойынша 74 медаль (14 алтын, 23 күміс және 37 қола медаль) ойналды. Қазақстанның оқушылары 9 алтын, 23 күміс және 43 қола медаль жеңіп алды.

ХЖО ерекшелігі жалпы қорытындының командалардың өзін көрсету нәтижелері бойынша есептелуінде болып табылады.

Команда Үш пән бойынша команда мүшелері жинаған ұпайлар сомасы бойынша жалпы қорытынды Орын
№ 31 лицей (Челябинск, РФ) 422 Гран-при
РФММ (Алматы, ҚР) 416 1
LEPL Vladimir Komarovi Physics and Mathematics School (Тбилиси, Грузия) 406 2
Mathematical Grammar School (Сербия) 403 2
Sofia High School of Mathematics (София, Болгария) 400 3
БГУ лицейі (Минск, Беларусь) 385 3
High School of Mathematics and Natural Sciences Acad. Nikola Obreshkov (Болгария) 370 3
Physical Mathematical School after Shahinyan (Армения) 353 Құрмет грамотасы
РФММ (Алматы, ҚР) 304 Құрмет грамотасы
TAJIK-RUSSIAN LYCEUM BOARDING SCHOOL “HOTAM & P.V.”, (Хиссор, Тәжікстан) 300 Құрмет грамотасы
First Private Mathematical Gymnasium (Болгария) 299 Құрмет грамотасы

 

Сонымен қатар, жабылу салтанатында «Fizmat Endowment Fund» қорының түлектері және «Келешек» мектебі атынан «Жыл дебюті», «Жеңіске ұмтылыс», «Математика, физика және информатика пәндері бойынша қазақстандық оқушылардың ең үздік нәтижесі» атты арнайы номинациялар табысталды. Сондай-ақ Қаппаров, Имамбеков және Сегалович атындағы арнайы сыйлықақылар табысталды.

«Информатика пәні бойынша қазақстандық оқушылардың ең үздік нәтижесі» атты номинация Алматы РФММ оқушысы Данияр Закаринге берілді, «Физика пәні бойынша қазақстандық оқушылардың ең үздік нәтижесі» атты номинация Павлодар НЗМ оқушысы Дияр Туленовке берілді, «Математика пәні бойынша» қазақстандық оқушылардың ең үздік нәтижесі» атты номинация Атырау БИЛ оқушысы Айбек Мырзатаевқа берілді. «Жеңіске ұмтылыс» номинациясы Моңғолияның Ұлан-Батыр қ. №1 мектебінің оқушысы Otgonbayar Misheel берілді. «Жыл дебюті» номинациясы «Maria Kruse Skole» даниялық мектептің оқушысы Jingdan Hua және «South Carolina Governor’s School of Science and Math» мектебінің оқушысы Matthew Walker берілді. Сонымен қатар, «Жыл дебюті» санатына «Maria Kruse Skole», Фарум, Дания; South Carolina Governor’s School of Science and Math», АҚШ және «VEFA» лицейі, Стамбул, Түркия мектептері ұсынылды.

Қаппаров атындағы сыйлықақыны 2019 ХЖО-ның математика пәні бойынша абсолютті чемпионы, Болгария командасының мүшесі, «Sofia High School of Matemathics» мектебінің оқушысы Evgeni Kayryakov алды. Имамбеков атындағы сыйлықақыны 2019 ХЖО-ның физика пәні бойынша абсолютті чемпионы, Ресей командасының чемпионы, Саранск қаласының Дарынды балаларға арналған республикалық лицейдің оқушысы Алексей Шишкин алды, ал Сегалович атындағы сыйлықақыны ХЖО-ның информатика пәні бойынша абсолютті чемпионы, Грузия командасының мүшесі, Тбилиси қаласының «LEPL Vladimir Komarovi Tbilisi Physics and Mathematics School» мектебінің оқушысы Nikoloz Birkadze алды.

XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы ҚР БҒМ, «Дарын» РҒПО және ХАТУ қолдауымен өткізілді. Lancaster Group, Fizmat Endowment Fund, Nurlan Kapparov Foundation, Air Astana және Eurasian Resources Group олимпиадаға демеушілік көмекті көрсетті.

Жабылу салтанаты «Ұлытау» аспаптық этно тобының өнер көрсетуімен аяқталды.

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

15
May
24

2024 жылы 24-28 наурыз аралығында Алматы қаласында информатика және география пәндері бойынша республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз мақтан тұтарлық нәтижелерге қол жеткізді. Информатика: 1 место: Анри Жан, 9  G Цой Максим, 10 K Талкат Дінмұхаммед, 10 M 2…

15
May
24

7-21 сәуір аралығында Тіл білімі бойынша Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) өтті.

Алматы қ. РФММ-нен олимпиадаға 11 “E” сынып оқушысы Есенкулов Елизар қатысып, APLO (Қазақстандағы 4-топ) дипломымен марапатталды және IOL халықаралық олимпиадасына сәтті өтті! Оның…

15
May
24

2024 жылы 17-21 наурыз аралығында Алматы қаласында математика және физика пәндерінен Республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз 8 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль, барлығы 19 марапатқа ие болып, мектебіміздің атын абыроймен қорғады! Алтын: – Сахипов Амир…

15
May
24

2024 жылы 27-31 наурыз аралығында Павлодар қаласында химия және биология пәндерінен 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша дәстүрлі республикалық олимпиада өтті.

Алматы қ. РФММ оқушылары тамаша нәтижелер көрсетті: Биология: Биология: 1. Азизов Тимур – 2 орын 2. Ли-Цун-Е Никита – 3 орын 3. Береке…

13
May
24

Результаты заключительного этапа Городской Жаутыковкой Олимпиады 2024 г.Алматы

Результаты по математике Математика Результаты по физике Физика Результаты по информатике Информатика

10
May
24

Қорытынды кезең (күндізгі кезең) 2024 жылғы 11-12 мамырда өтеді

Қорытынды кезең (күндізгі кезең) 2024 жылғы 11-12 мамырда Алматы және Астана қалаларында Республикалық физика-математика мектебінің филиалдары базасында өтеді. Алматы қ., мекен-жайы: Бұқар Жырау…

06
May
24

Результаты отборочного этапа ГЖО 2024 по информатике

По результатам отборочного этапа ГЖО 2024 по информатике на финальный этап проходят участники решившие: 8 класс — количество решенных задач 3 и выше,…

05
May
24

Результаты отборочного этапа ГЖО 2024 по физике

По результатам отборочного этапа ГЖО 2023 по физике на заключительный этап проходят участники решившие: 8 класс — 5 баллов и выше, 7 класс…

04
May
24

Результаты отборочного этапа ГЖО 2024 по математике

По результатам отборочного этапа ГЖО 2024 по математике на заключительный этап проходят участники решившие: 8 класс — 8 баллов и выше, 7 класс…