Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
11
Jan
19

ХV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы



2019 жылдың 10 қаңтарында Ө. А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында математика, физика және информатика пәндері бойынша ХV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылуында 18 елден 82 команда салтанатты ұсынылды. Осы жылы қатысушылардың саны ең жоғары деңгейге – 540 оқушыға жетті.

Олимпиаданың географиясы жыл сайын кеңейіп келеді. Мерейтойлық олимпиадаға екі ел: АҚШ (South Carolina Governor’s School of Science and Math) және Дания (Maria Kruse Skole) қосылды.

South Carolina Governor’s School of Science and Math

Maria Kruse Skole

Алматы РФММ директоры Алмаз Кунгожин, Fizmat Endowment Fund  қоғамдық қорының басқарушысы Бахыт Оспанов, сондай-ақ халықаралық қазылар алқасының мүшесі және РФММ-нің 1972 жылдың түлегі академик Асқар Жұмаділдаев олимпиаданың қатысушыларына және халықаралық қазылар алқасының мүшелеріне арналған құттықтау сөз сөйледі.

РФММ Алматы директоры — Алмаз Кунгожин

Fizmat Endowment Fund қоғамдық қорының басқарушысы — Бахыт Оспанов

Халықаралық қазылар алқасының мүшелері

Олимпиадада Қазақстанның атынан 175 оқушы қатысты, олардың ішінде РФММ оқушыларынан 50 қатысушы: Алматы қ. 3 команда, Астана қ. 2 команда. Халықаралық Жәутіков олимпиадасы ҚР БҒМ, «Дарын» РҒПО және ХАТУ қолдауымен өтті. Lancaster Group, Fizmat Endowment Fund, Nurlan Kapparov Foundation, Air Astana және Eurasian Resources Group олимпиадаға демеушілік көмек көрсетті.

Бұл олимпиаданың ерекшелігі оның физика-математика бағытындағы мамандандырылған мектептер арасында бірден үш пән бойынша өтуінді. Олимпиаданың қорытындылары бойынша жеке рейтинг, сондай-ақ мамандандырылған мектептердің ең мықты командаларының рейтингі шығарылады.

Олимпиаданың мақсаты: оқушылар арасында физика-математика ғылымдарын насихаттау, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, әр түрлі елдердің мамандандырылған мектептері арасында достық қарым-қатынастарды орнату, олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесімен алмасу, сондай-ақ Қазақстанның білім және мәдениет деңгейін көрсету.

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

28
Jun
24

РФММ-нің болашақ оқушылары назарына!

РФММ-нің болашақ оқушылары назарына! Алматы қаласындағы РФМШ-нің ақылы және грант бөліміне қабылданған оқушылардың құжаттарын қабылдау 5 тамыздан бастап басталатынын хабарлаймыз! Құжаттарды қабылдау басталатын…

11
Jun
24

Оқу триумфы: сертификаттар болашақтың қолында

2023 жылдың 1 қыркүйегінен 2024 жылдың 25 мамырына дейін Алматы және Астана оқушылары Python бағдарламалау тілін, деректер құрылымын және Python кітапханасын терең зерттеді….

11
Jun
24

Физика пәні бойынша Азия олимпиадасында (APhO) күміс медаль

Қазақстандық оқушылар құрамасы Азия физика олимпиадасында (APhO) тамаша нәтиже көрсетіп, жеті жүлдеге ие болды: бір күміс, алты қола медаль және бір мақтау қағазы….

31
May
24

«РФММ» Алматы КеАҚ филиалына ақылы негізде түсу үшін емтихандарға бойынша онлайн тіркелу ашылады

Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер!   2024 жылдың 01 шілдесінен бастап 05 тамызына дейін сайтта https://admissions.fizmat.kz «РФММ» Алматы КеАҚ филиалына ақылы негізде түсу үшін…

15
May
24

2024 жылы 24-28 наурыз аралығында Алматы қаласында информатика және география пәндері бойынша республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз мақтан тұтарлық нәтижелерге қол жеткізді. Информатика: 1 место: Анри Жан, 9  G Цой Максим, 10 K Талкат Дінмұхаммед, 10 M 2…

15
May
24

7-21 сәуір аралығында Тіл білімі бойынша Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) өтті.

Алматы қ. РФММ-нен олимпиадаға 11 “E” сынып оқушысы Есенкулов Елизар қатысып, APLO (Қазақстандағы 4-топ) дипломымен марапатталды және IOL халықаралық олимпиадасына сәтті өтті! Оның…

15
May
24

2024 жылы 17-21 наурыз аралығында Алматы қаласында математика және физика пәндерінен Республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз 8 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль, барлығы 19 марапатқа ие болып, мектебіміздің атын абыроймен қорғады! Алтын: – Сахипов Амир…

15
May
24

2024 жылы 27-31 наурыз аралығында Павлодар қаласында химия және биология пәндерінен 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша дәстүрлі республикалық олимпиада өтті.

Алматы қ. РФММ оқушылары тамаша нәтижелер көрсетті: Биология: Биология: 1. Азизов Тимур – 2 орын 2. Ли-Цун-Е Никита – 3 орын 3. Береке…

13
May
24

Результаты заключительного этапа Городской Жаутыковкой Олимпиады 2024 г.Алматы

Результаты по математике Математика Результаты по физике Физика Результаты по информатике Информатика