Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
16
Oct
18

«English opens doors» ағылшын тілі аптасы



08 қазаннан бастап 12 қазанға дейін мектепте «English opens doors» ұранымен ағылшын тілі апталығы өтті. Апталықтың ұраны: «To learn a language is to have one more window from which to look at the world». Бұл ұранның астында негізгі іс-шаралар өтті.

Ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері келесі іс-шараларды жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырып жүргізді:

 «Our world» тақырыбы бойынша Д.М. Найманова (9Е), Н.А. Әбдіғаппарова (9Б), Т.А. Тансыкбаева (9Д), С.К. Нуридинова (9Г), «Reporting verbs» тақырыбы бойынша К.Т. Кадирова (11Д), Н.Б. Макашева (11Ж), «British teens» тақырыбы бойынша Н.Т. Нурпейсова (8В), «The Present perfect continuous Tense» тақырыбы бойынша Б.Б. Бухарбекова (8E),  «Daily life and Shopping» тақырыбы бойынша А.М. Нурлыбаева (8Б), «IELTS: reading practice» тақырыбы бойынша Л.А. Акегожаева (11 Г) ашық сабақтарды өткізді.

Сонымен қатар, сыныптан тыс іс-шаралар да қатысудың жоғары деңгейін көрсетті:

Н.А. Әбдіғаппарова «What?, Where?, When?» зияткерлік ойынын (9 В, 9 Г) және  ағылшын тілінде спорттық іс-шараны өткізді, бұл салауатты өмір салтын насихаттауға көмектесті.  К.Т. Кадирова, Д.М. Найманова, М.Ж. Абдракбаева «Spelling bee»  (8, 10 сыныптар)  байқауын өткізді. Л.А. Акегожаева, Н.Б. Макашева, Б.Б. Бухарбекова 10 сыныптардың арасында «Intellectual battle» ұйымдастырды, онда қатысушылар логикалық ойлауды және өнертапқыштықты көрсетті. У.З. Бисембаева  10 сыныптардың арасында «Contest of poems» байқауын өткізді, байқаудың жеңімпаздары апталықтың жабылуында өнерін көрсету мүмкіндігін алды. 7-8 сыныптардың арасында өткен «Ice Breaker Speech» атты байқау ешкімді немқұрайлы қалдырған жоқ, қатысушылардың сөзі өте сенімді болды, барлық қатысушыларға, сондай-ақ қазылар алқасына жеңімпаздарды анықтау қиынға соқты. Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары Н.Б. Макашева, Б.Б. Бухарбекова болды.

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

19
Apr
24

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша 7-сыныпқа қабылданған оқушылар үшін ақпарат.

РФММ-нің конкурстық іріктеу ережесіне сәйкес, қабылдау емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін конкурстан сәтті өткен талапкерлердің заңды өкілдері 2024 жылдың 10 мамырына дейін келесі құжаттарды…

18
Apr
24

8 сыныпқа білім беру гранты бойынша конкурстық іріктеуге тіркеу ашылды

Құрметті ата-аналар/заңды өкілдер! Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебіне 8 сыныпқа білім беру гранты бойынша түсуге конкурстық іріктеуге тіркеу ашылды. Тіркелу үшін сайтымыздағы “Қабылдау…

18
Apr
24

Қалалық Жәутіков олимпиадасы 2024

2024 жылдың 1 мамырда келесі пəндер бойынша: математика (6-8 сынып) физика (7-8 сынып) информатика (6-8 сынып) мектеп оқушылары арасында XXIII ашық қалалық Жəутіков олимпиадасының іріктеу кезеңі өтеді….

12
Apr
24

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы балаларға арналған жазғы мектеп

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қолдау мақсатында “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ 7-8 сыныптардың 100 оқушысы үшін математика, физика, информатика және ағылшын тілі бойынша…

07
Apr
24

Хабарландыру!

Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер! “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ филиалдарының 7 сыныбында оқу үшін білім беру грантын тағайындау бойынша конкурстық іріктеу қағидаларының 5.6 тармағына…

02
Apr
24

Международный конкурс «Science.Technology. Аlgorithmization. Programming»

Уважаемые учащиеся 6-11 классов! Приглашаем принять участие со своим проектом в открытом международном конкурсе «Science.Technology. Аlgorithmization. Programming» который будет проходить 25-26 апреля. Организатор…

20
Mar
24

Международный турнир по быстрым шахматам «Fizmat Chess Open Almaty 2024»

РЕГЛАМЕНТ Международного турнира по быстрым шахматам «Fizmat Chess Open 2024» 1. ЦЕЛИ И ЗАДАЧИ Популяризация и развитие шахмат в городе Алматы, Алматинской области и   Республике Казахстан…

14
Mar
24

Мамандандырылған мектептерге түсуге арналған қарқынды дайындық курсы

Құрметті ата-аналар! РФММ мектебі аясында жұмыс істейтін Fizmat Academy, қосымша білім беру орталығы 6-7 сынып оқушыларына арналған мамандандырылған мектептерге түсуге арналған қарқынды дайындық…

01
Mar
24

«Өрлеу» БАҰО мен Алматы қаласындағы РФММ арасында ынтымақтастық орнатылды

“Өрлеу” Алматы облысы бойынша филиалының директоры Қайсар Нұрлыбаев пен Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің директоры Мейірлан Мейірбекпен іскерлік кездесу өткізілді. Кездесуге Өрлеу Алматы…

29
Feb
24

РФММ-нің «Bolt.m3» командасы Хьюстонда өтетін робототехникадан әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды

Астанада робототехника бойынша Орталық Азиядағы ең ірі чемпионат аяқталды. Оған әлемнің 5 елінен 3000-нан астам оқушы қатысты. Олар Қазақстанда және шетелдерде өткен іріктеу…