Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
04
Sep
18

Ғылыми жобалардың байқауы



Құрметті РФММ оқушылары және олардың ата-аналары! Сіздерде «Дарын» республикалық орталығы www.daryn.kz  өткізетін ғылыми жобалардың байқауына дайындалуға мүмкіндігіңіз бар.

Табысты дайындалған жоба республикалық және «Intel International Science and Engineering Fair», «Ғылым әлемін ашамыз» және т.б. сондай сияқты халықаралық деңгейдегі байқауларда ұсынылу мүмкіндігін иеленеді.

Жыл сайын РФММ атынан көптеген оқушылар ғылыми бағыттағы әр түрлі байқауларға қатысады. РФММ оқушылары дәстүрлі түрде республикалық және халықаралық жоба байқауларында жүлделі орындарының иегерлері болады.

«Intel ISEF» атты халықаралық ғылыми-инженерлік байқауға қатысу өте мәртебелі. Оған тек республикалық байқаудың ең үздік жобалары шақырылады. 2017 жылы Калифорния штатының Лос-Анджелес қаласында өткен «Intel ISEF» байқауының қорытынды кезеңіне РФММ атынан Руслан Джанкуразов және Дмитрий Усольцев қатысты, ал 2018 жылы 10 сыныптың оқушысы Амина Кенес қатысты.

Көптеген шетелдік жоғары оқу орындары студенттерді қабылдау кезінде талапкерлердің осындай байқауларға қатысқандығын назарға алады.

Ережелерге сәйкес Ғылыми жобалардың республикалық байқауы келесі секциялар бойынша 4 бағыт бойынша өткізіледі:

1 бағыт – «Ғылыми техникалық үрдіс – экономикалық өсудің басты буыны ретінде» – «Физика», «Техника», «Жер және Ғарыш туралы ғылымдар» секциялары;

2 бағыт – «Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық моделдеу» – «Математика», «Қолданбалы математика», «Экономика», «Информатика» секциялары;

3 бағыт – «Дені сау табиғи орта – «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудың негізі» – «Химия», «Биология», «Қоршаған ортаны қорғау» секциялары;

4 бағыт«Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашағы зор туристтік бағдар жолдар» – «Тарих», «Құқықтану», «Өлкетану», «Әдебиет», «Этникалық мәдениеттану», «Тіл білімі» секциялары.

Бір жобаны бір немесе екі, одан көп емес оқушы ұсына алады.

Байқауға қатысу үшін өтінімді ұсыну қажет, онда келесі ақпарат көрсетіледі:

  • Оқушының құжат бойынша тегі, аты (орыс және ағылшын тілдерінде), ЖСН, телефоны (үй, ұялы), электронды мекен-жайы, сыныбы, төлқұжаттың болуы (бар, жоқ);
  • Еңбектің секциясы мен атауы (орыс және ағылшын тілдерінде);
  • пән бойынша мұғалімнің Т.А.Ә.
  • ғылыми жетекшінің Т.А.Ә., оның жұмыс орны, ғылыми дәрежесі, телефоны.

Жобаның атауы, ғылыми жетекшісі уақыт өте келе өзгеруі мүмкін, алайда тіркелмеген жобалар ағымдағы оқу жылының Республикалық байқауына қатыса алмайды.

Тіркеу 10 қыркүйекке дейін 215 кабинетте өтеді.

Шығармашылық табыстар тілейміз!

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

15
May
24

2024 жылы 24-28 наурыз аралығында Алматы қаласында информатика және география пәндері бойынша республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз мақтан тұтарлық нәтижелерге қол жеткізді. Информатика: 1 место: Анри Жан, 9  G Цой Максим, 10 K Талкат Дінмұхаммед, 10 M 2…

15
May
24

7-21 сәуір аралығында Тіл білімі бойынша Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) өтті.

Алматы қ. РФММ-нен олимпиадаға 11 “E” сынып оқушысы Есенкулов Елизар қатысып, APLO (Қазақстандағы 4-топ) дипломымен марапатталды және IOL халықаралық олимпиадасына сәтті өтті! Оның…

15
May
24

2024 жылы 17-21 наурыз аралығында Алматы қаласында математика және физика пәндерінен Республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз 8 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль, барлығы 19 марапатқа ие болып, мектебіміздің атын абыроймен қорғады! Алтын: – Сахипов Амир…

15
May
24

2024 жылы 27-31 наурыз аралығында Павлодар қаласында химия және биология пәндерінен 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша дәстүрлі республикалық олимпиада өтті.

Алматы қ. РФММ оқушылары тамаша нәтижелер көрсетті: Биология: Биология: 1. Азизов Тимур – 2 орын 2. Ли-Цун-Е Никита – 3 орын 3. Береке…

13
May
24

Результаты заключительного этапа Городской Жаутыковкой Олимпиады 2024 г.Алматы

Результаты по математике Математика Результаты по физике Физика Результаты по информатике Информатика

10
May
24

Қорытынды кезең (күндізгі кезең) 2024 жылғы 11-12 мамырда өтеді

Қорытынды кезең (күндізгі кезең) 2024 жылғы 11-12 мамырда Алматы және Астана қалаларында Республикалық физика-математика мектебінің филиалдары базасында өтеді. Алматы қ., мекен-жайы: Бұқар Жырау…

06
May
24

Результаты отборочного этапа ГЖО 2024 по информатике

По результатам отборочного этапа ГЖО 2024 по информатике на финальный этап проходят участники решившие: 8 класс — количество решенных задач 3 и выше,…

05
May
24

Результаты отборочного этапа ГЖО 2024 по физике

По результатам отборочного этапа ГЖО 2023 по физике на заключительный этап проходят участники решившие: 8 класс — 5 баллов и выше, 7 класс…

04
May
24

Результаты отборочного этапа ГЖО 2024 по математике

По результатам отборочного этапа ГЖО 2024 по математике на заключительный этап проходят участники решившие: 8 класс — 8 баллов и выше, 7 класс…