Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
19
Apr
18

«Innovations & intelligence» бағдарламалау бойынша олимпиада



Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының «Ақпараттық технологиялар» кафедрасы 2018 жылдың 28 сәуірінде физика-математика бағытындағы Алматы қаласы мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасында т.ғ.д., профессор Д.Н.Шукаевтың 75-жылдығына арналған «Innovations & Intelligence» (I2) бағдарламалау бойынша олимпиадасын өткізді.

Олимпиада келесі үш номинация бойынша жүргізілді:

«Бағдарламалау» номинациясы. Қатысушы бағдарламалаудың кез келген тілін қолдана отырып, есепті шешу үшін тапсырмалар жазады.

«Ғылыми еңбек» номинациясы. Қатысушы IT саласының кез келген бағыттары бойынша өзінің ғылыми зерттеуінің нәтижелерін ұсынады.

«Еркін жоба» номинациясы. Қатысушы өзінің айрықша өнімін (Бағдарламалық жасақтама, Web-сайт, Құрылғы және т.б.) ұсынады.

 

«Innovations & Intelligence» (I2) олимпиадасын өткізудің

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

2018 жылдың 28 сәуірі

ОЛИМПИАДА ҚАТЫСУШЫЛАРЫН ТІРКЕУ

8.30 – 9.30 Бас оқу корпусының 1 қабатының фойесі

ОЛИМПИАДАНЫҢ АШЫЛУЫ, АМАНДАСУ

9.30 – 10.00  Бас оқу корпусының 1 қабатының фойесі

ОЛИМПИАДАНЫ ӨТКІЗУ

10.00 – Олимпиаданың басталуы. Ұзақтығы 3 сағат.

  Тіркеу және өткізу орны
«Бағдарламалау» БОК 1014, 1010 а,б дәрісханалары
«Ғылыми еңбек» БОК 1023 дәрісхана
«Еркін жоба» БОК 1011 дәрісхана

Олимпиаданың нәтижелері туралы ақпарат 28 сәуірде сағат 16.00 БОК кіреберісінің алдындағы стендте ілінеді және 30 сәуірде http://satbayev.university/ сайтында жарияланатын болады.

14.00 — 16.00 АТТИ институты бойынша саяхат

16.00 — 17.00 Олимпиада қорытындыларын біріктіру. Жеңімпаздарды марапаттау, жүлделерді және естелік сыйлықтарды беру.

Олимпиаданың қатысушылары өзімен бірге суреті бар куәландыратын құжатты иеленуі тиіс. Олимпиадаға қатысу үшін 2018 жылдың 27 сәуірінде сағат 17.00 дейін IТ-Олимпиада сілтемесі бойынша тіркелу қажет. Барлық сұрақтар бойынша келесі электронды поштаның мекен-жайына хабарласуға болады: ii.ntu.kz@gmail.com. РФММ оқушылары сондай-ақ мектептің 215 кабинетінде тіркелуі тиіс.

Олимпиаданы өткізу орны: Алматы қ., Сәтпаев к-сі, 22, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Бас оқу корпусы.

Жол жүру сызбасы:

 

Сәтбаев университеті (Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті) – 1934 жылы негізі қаланған Қазақстанның ең ірі және жетекші университеттерінің бірі. Университет 29 техникалық бағыттағы білім беру бағдарламалары және 18 техникалық емес бағыттағы білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврларды дайындауды жүзеге асырады.

Университет ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығының №1 сертификатын иеленеді, Еуропалық Университеттер қауымдастығының (EUA) халықаралық институционалдық бағасынан өтті. Университеттің 21 мамандығы ABET (АҚШ), ASIIN (Германия) және АИОР (Ресей) аккредиттеу агенттіктерінде техника және технологиялар саласында халықаралық аккредитациялардан өтті.

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

28
Jun
24

РФММ-нің болашақ оқушылары назарына!

РФММ-нің болашақ оқушылары назарына! Алматы қаласындағы РФМШ-нің ақылы және грант бөліміне қабылданған оқушылардың құжаттарын қабылдау 5 тамыздан бастап басталатынын хабарлаймыз! Құжаттарды қабылдау басталатын…

11
Jun
24

Оқу триумфы: сертификаттар болашақтың қолында

2023 жылдың 1 қыркүйегінен 2024 жылдың 25 мамырына дейін Алматы және Астана оқушылары Python бағдарламалау тілін, деректер құрылымын және Python кітапханасын терең зерттеді….

11
Jun
24

Физика пәні бойынша Азия олимпиадасында (APhO) күміс медаль

Қазақстандық оқушылар құрамасы Азия физика олимпиадасында (APhO) тамаша нәтиже көрсетіп, жеті жүлдеге ие болды: бір күміс, алты қола медаль және бір мақтау қағазы….

31
May
24

«РФММ» Алматы КеАҚ филиалына ақылы негізде түсу үшін емтихандарға бойынша онлайн тіркелу ашылады

Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер!   2024 жылдың 01 шілдесінен бастап 05 тамызына дейін сайтта https://admissions.fizmat.kz «РФММ» Алматы КеАҚ филиалына ақылы негізде түсу үшін…

15
May
24

2024 жылы 24-28 наурыз аралығында Алматы қаласында информатика және география пәндері бойынша республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз мақтан тұтарлық нәтижелерге қол жеткізді. Информатика: 1 место: Анри Жан, 9  G Цой Максим, 10 K Талкат Дінмұхаммед, 10 M 2…

15
May
24

7-21 сәуір аралығында Тіл білімі бойынша Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) өтті.

Алматы қ. РФММ-нен олимпиадаға 11 “E” сынып оқушысы Есенкулов Елизар қатысып, APLO (Қазақстандағы 4-топ) дипломымен марапатталды және IOL халықаралық олимпиадасына сәтті өтті! Оның…

15
May
24

2024 жылы 17-21 наурыз аралығында Алматы қаласында математика және физика пәндерінен Республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз 8 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль, барлығы 19 марапатқа ие болып, мектебіміздің атын абыроймен қорғады! Алтын: – Сахипов Амир…

15
May
24

2024 жылы 27-31 наурыз аралығында Павлодар қаласында химия және биология пәндерінен 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша дәстүрлі республикалық олимпиада өтті.

Алматы қ. РФММ оқушылары тамаша нәтижелер көрсетті: Биология: Биология: 1. Азизов Тимур – 2 орын 2. Ли-Цун-Е Никита – 3 орын 3. Береке…

13
May
24

Результаты заключительного этапа Городской Жаутыковкой Олимпиады 2024 г.Алматы

Результаты по математике Математика Результаты по физике Физика Результаты по информатике Информатика