РФММ оқушылары математика пәні бойынша X Эйлер олимпиадасының қорытынды кезеңінің жүлдегерлері атанды
![](https://almaty.fizmat.kz/wp-content/uploads/sites/2/2018/03/YEyler.jpg)
2018 жылдың 21-24 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ негізінде қазақстандық оқушыларға арналған X Эйлер атындағы олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиада Вятка қаласының қосымша білім беру орталығының (Ресей) бастамасымен ұйымдастырылды, алайда нақты алғанда ол математика пәні бойынша халықаралық юниор олимпиадасына айналды. Ол сегізінші сыныптың оқушыларына арналған және мүмкіндігінше оларға арналған ұлттық математикалық олимпиадалардың қорытынды кезеңдерінің орнын толтырады. Олимпиада үш кезең бойынша жүргізіледі: қашықтан, аймақтық және қорытынды. Қашықтан өтетін кезеңге 8-ші сыныптан аспайтын барлық қатысуға ниет білдірген оқушылар қатыса алады. Аймақтық кезеңге қашықтан өтетін кезеңнің ең үздік қатысушылары өтеді, қорытынды кезеңге ең үздік аймақтық кезеңнің қатысушылары қатысады.
Қазақстанда Олимпиаданы «әл-Фараби» олимпиадалық даярлау орталығы өткізді. Олимпиаданың қазылар алқасының төрағасы академик Аскар Джумадильдаев болды.
Олимпиаданың қорытынды кезеңінде РФММ Алматы қ. филиалынан 5 оқушы, РФММ Астана қ. филиалынан 7 оқушы қатысты.
Қазақстандық қорытынды кезеңнің абсолютті жеңімпазы РФММ филиалының 7 сынып оқушысы Тамерлан Бурамбаев атанғанын атап өту қажет. 2 дәрежелі дипломмен РФММ 8 сынып оқушысы Юрий Тен марапатталды. Демеушілік қаражаттың есебінен жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен – кеңсе техникасы дүкенінің сыйлық купондарымен марапатталды.
Олимпиада жүлдегерлерінің – РФММ оқушыларының толық тізімі төменде көрсетілген:
Тегі Аты | Қала | Сынып | Ұпай | Диплом | Сыйлық (купон) |
Бурамбаев Тамерлан | Астана | 7 | 41 | 1 дәрежелі | 100 000 |
Тен Юрий | Алматы | 8 | 26 | 2 дәрежелі | 50 000 |
Шатохин Даниил | Астана | 7 | 21 | 3 дәрежелі | 30 000 |
Еркенов Тлеужан | Астана | 8 | 20 | 3 дәрежелі | 30 000 |
Джумажанов Рустам | Алматы | 8 | 20 | 3 дәрежелі | 30 000 |
Сакенов Батырхан | Алматы | 8 | 16 | Грамота | 10 000 |
Сапарова Айдана | Астана | 8 | 16 | Грамота | 10 000 |
Байшуақ Райымбек | Астана | 6 | 13 | Ең жас қатысушы | 10 000 |
Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:
РФММ-нің болашақ оқушылары назарына!
РФММ-нің болашақ оқушылары назарына! Алматы қаласындағы РФМШ-нің ақылы және грант бөліміне қабылданған оқушылардың құжаттарын қабылдау 5 тамыздан бастап басталатынын хабарлаймыз! Құжаттарды қабылдау басталатын…
Оқу триумфы: сертификаттар болашақтың қолында
2023 жылдың 1 қыркүйегінен 2024 жылдың 25 мамырына дейін Алматы және Астана оқушылары Python бағдарламалау тілін, деректер құрылымын және Python кітапханасын терең зерттеді….
Физика пәні бойынша Азия олимпиадасында (APhO) күміс медаль
Қазақстандық оқушылар құрамасы Азия физика олимпиадасында (APhO) тамаша нәтиже көрсетіп, жеті жүлдеге ие болды: бір күміс, алты қола медаль және бір мақтау қағазы….
«РФММ» Алматы КеАҚ филиалына ақылы негізде түсу үшін емтихандарға бойынша онлайн тіркелу ашылады
Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер! 2024 жылдың 01 шілдесінен бастап 05 тамызына дейін сайтта https://admissions.fizmat.kz «РФММ» Алматы КеАҚ филиалына ақылы негізде түсу үшін…
2024 жылы 24-28 наурыз аралығында Алматы қаласында информатика және география пәндері бойынша республикалық олимпиада өтті.
Біздің оқушыларымыз мақтан тұтарлық нәтижелерге қол жеткізді. Информатика: 1 место: Анри Жан, 9 G Цой Максим, 10 K Талкат Дінмұхаммед, 10 M 2…
7-21 сәуір аралығында Тіл білімі бойынша Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) өтті.
Алматы қ. РФММ-нен олимпиадаға 11 “E” сынып оқушысы Есенкулов Елизар қатысып, APLO (Қазақстандағы 4-топ) дипломымен марапатталды және IOL халықаралық олимпиадасына сәтті өтті! Оның…
2024 жылы 17-21 наурыз аралығында Алматы қаласында математика және физика пәндерінен Республикалық олимпиада өтті.
Біздің оқушыларымыз 8 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль, барлығы 19 марапатқа ие болып, мектебіміздің атын абыроймен қорғады! Алтын: – Сахипов Амир…
2024 жылы 27-31 наурыз аралығында Павлодар қаласында химия және биология пәндерінен 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша дәстүрлі республикалық олимпиада өтті.
Алматы қ. РФММ оқушылары тамаша нәтижелер көрсетті: Биология: Биология: 1. Азизов Тимур – 2 орын 2. Ли-Цун-Е Никита – 3 орын 3. Береке…
2024 жылы 26-30 сәуір аралығында Астана қаласында ағылшын тілі, неміс тілі, орыс тілі және әдебиеті, орыс тілі бойынша 10-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша дәстүрлі республикалық олимпиада өтті.
Біздің Алматы РФММ оқушылары тамаша нәтижелер көрсетті: Ағылшын тілі: 1. Секенов Алан – 3 орын 2. Ю Артур – 2 орын 3. Жаутыкова…
Результаты заключительного этапа Городской Жаутыковкой Олимпиады 2024 г.Алматы
Результаты по математике Математика Результаты по физике Физика Результаты по информатике Информатика