Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
30
Nov
17

Оқушыларға арналған Science Stars ғылыми байқауы



Кең көпшілікке кез келген ғылыми өнертабысты, фактты, теорияны немесе жобаны қазақ немесе орыс тілдерінде үш минуттың ішінде түсіндіре аламын деп ойлайсыз ба? Егер жауабыңыз иә болса, British Council ұйымдастырған байқауға қатысыңыз!

Байқауға технологиялармен, инженериямен, медицинамен, биологиямен, химиямен немесе математикамен қызығатын 9-11 сыныптардың оқушылары, не Қазақстан Республикасы колледждерінің 1-2 курс студенттері қатыса алады. Өтінімдер тек жеке тұлғалардан қабылданады, топтардан өтінімдер қаралмайды.

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІМДІ ОНЛАЙН БЕРІҢІЗ

Келесі ғылым салаларының бірінде кез келген ғылыми өнертабыс, факт, теория немесе ғылыми жоба туралы Сіз баяндаған бейнені жазыңыз: технологиялар, инженерия, медицина, биология, химия, физика немесе математика және бұл бейнежазбаны Youtube, Vimeo немесе басқа да сайтқа салыңыз.

Онлайн-өтінімнің үлгісін 2017 жылдың 17 желтоқсанына дейін қазақ (сілтеме) немесе орыс (сілтеме) тілдерінде толтырыңыз, оған бейнеге сілтемені енгізіңіз.

British Council сіздің электронды поштаңызға сіздің өтініміңізді алғандығы туралы растауды жібереді және қосымша ақпаратты және одан кейінгі іс-әрекеттерді хабарлайды.

Егер сізде сұрақтар туындаған болса, онда келесі электронды мекен-жай бойынша хабарласыңыз: famelab@kz.britishcouncil.org.

КЕЛЕСІ КЕЗЕҢ

Егер сіздің өтініміңіз байқаудың финалына өтсе, сіз презентацияларды табысты өткізу бойынша біркүндік шеберлік-классқа шақыру аласыз. Шеберлік-класс сізге сөз сөйлеу қабілеттерін жақсартуға және финалда табысты өзін көрсетуге көмектеседі. Шеберлік-класс және байқаудың финалы Астанада 2018 жылдың наурызында өтеді.

ЖҮЛДЕЛЕР МЕН МАРАПАТТАР

Байқаудың жеңімпазына ноутбук беріледі.

Екінші және үшінші орынды алған қатысушылар iPad планшетін алады.

Сонымен қатар, байқаудың барлық финалисттері «OYLA» журналына жылдық жазылымды және кітап дүкендері желісінің сыйлық сертификаттарын алады.

БАҒАЛАУДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Өтінімді беруден бұрын, Байқаудың ережелерімен және бағалау критерийлерімен мұқият танысуыңызды өтінеміз.

Өтінімдер 2017 жылдың 17 желтоқсанына дейін қабылданады.

Байқау ережелерін жүктеңіз (Adobe PDF 248KB)

Ақпарат көзі: www.britishcouncil.kz

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

28
Jun
24

РФММ-нің болашақ оқушылары назарына!

РФММ-нің болашақ оқушылары назарына! Алматы қаласындағы РФМШ-нің ақылы және грант бөліміне қабылданған оқушылардың құжаттарын қабылдау 5 тамыздан бастап басталатынын хабарлаймыз! Құжаттарды қабылдау басталатын…

11
Jun
24

Оқу триумфы: сертификаттар болашақтың қолында

2023 жылдың 1 қыркүйегінен 2024 жылдың 25 мамырына дейін Алматы және Астана оқушылары Python бағдарламалау тілін, деректер құрылымын және Python кітапханасын терең зерттеді….

11
Jun
24

Физика пәні бойынша Азия олимпиадасында (APhO) күміс медаль

Қазақстандық оқушылар құрамасы Азия физика олимпиадасында (APhO) тамаша нәтиже көрсетіп, жеті жүлдеге ие болды: бір күміс, алты қола медаль және бір мақтау қағазы….

31
May
24

«РФММ» Алматы КеАҚ филиалына ақылы негізде түсу үшін емтихандарға бойынша онлайн тіркелу ашылады

Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер!   2024 жылдың 01 шілдесінен бастап 05 тамызына дейін сайтта https://admissions.fizmat.kz «РФММ» Алматы КеАҚ филиалына ақылы негізде түсу үшін…

15
May
24

2024 жылы 24-28 наурыз аралығында Алматы қаласында информатика және география пәндері бойынша республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз мақтан тұтарлық нәтижелерге қол жеткізді. Информатика: 1 место: Анри Жан, 9  G Цой Максим, 10 K Талкат Дінмұхаммед, 10 M 2…

15
May
24

7-21 сәуір аралығында Тіл білімі бойынша Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) өтті.

Алматы қ. РФММ-нен олимпиадаға 11 “E” сынып оқушысы Есенкулов Елизар қатысып, APLO (Қазақстандағы 4-топ) дипломымен марапатталды және IOL халықаралық олимпиадасына сәтті өтті! Оның…

15
May
24

2024 жылы 17-21 наурыз аралығында Алматы қаласында математика және физика пәндерінен Республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз 8 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль, барлығы 19 марапатқа ие болып, мектебіміздің атын абыроймен қорғады! Алтын: – Сахипов Амир…

15
May
24

2024 жылы 27-31 наурыз аралығында Павлодар қаласында химия және биология пәндерінен 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша дәстүрлі республикалық олимпиада өтті.

Алматы қ. РФММ оқушылары тамаша нәтижелер көрсетті: Биология: Биология: 1. Азизов Тимур – 2 орын 2. Ли-Цун-Е Никита – 3 орын 3. Береке…

13
May
24

Результаты заключительного этапа Городской Жаутыковкой Олимпиады 2024 г.Алматы

Результаты по математике Математика Результаты по физике Физика Результаты по информатике Информатика