Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
11
Feb
21

Мәңгі есте сақтаймыз! Құрмет тұтамыз! Қайғырып көңіл айтамыз…



Республикалық физика-математика мектебінің ұжымы, орыс тілі және әдебиеті пәнінің мүғалімі Қарымсакова Ғазиза  Жамалбекқызының  туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Ғазиза  Жамалбекқызы 1969  жылы 22 қыркүйекте  Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, «Красная звезда» ауылында  дүниеге келген. 1991 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын “Ұлттық мектептегі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі” мамандығы бойынша бітірді.  Ғазиза Жамалбековна  Алматы қаласының түрлі мектептерінде жұмыс істеді және біздің мектепке 2017 жылы қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып орналасты.

Ғазиза Жамалбекқызы  шәкірттеріне тек орыс тілі мен әдебиетінен ғана сабақ беріп қоймай, адамгершіліктің, мейірімділіктің, қайырымдылықтың, рухани жомарттықтың жарқын үлгісі бола білді. Оның дарынды оқушыларды тану, дамыту және қолдау, әр оқушыға жеке көзқарас, оқушының ойлау еркіндігін құрметтеу- көптеген “Физматтықтардың” қалыптасуына ықпал етті. Оның сабақтары әрдайым жарқын, қызықты және әсерлі өтетін. Оның оқушылары мектеп өміріне белсенді қатысып, орыс тілі мен әдебиетінен облыстық және республикалық олимпиадаларда жүлделі орындарды иеленді. Ғазиза Жамалбекқызы  педагог-зерттеуші, мектеп әкімшілігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталған.

Қарымсакова Ғазиза  Жамалбекқызы – біз үшін өз ісінің шебер маманы әрі оқушыларға деген сүйіспеншілігінің үлгісі болмақ! Біз оның қайтымсыз қуаты мен көңілділігін мәңгі есте сақтаймыз!

Мәңгі есте сақтаймыз! Құрмет тұтамыз! Қайғырып көңіл айтамыз…

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

28
Jun
24

РФММ-нің болашақ оқушылары назарына!

РФММ-нің болашақ оқушылары назарына! Алматы қаласындағы РФМШ-нің ақылы және грант бөліміне қабылданған оқушылардың құжаттарын қабылдау 5 тамыздан бастап басталатынын хабарлаймыз! Құжаттарды қабылдау басталатын…

11
Jun
24

Оқу триумфы: сертификаттар болашақтың қолында

2023 жылдың 1 қыркүйегінен 2024 жылдың 25 мамырына дейін Алматы және Астана оқушылары Python бағдарламалау тілін, деректер құрылымын және Python кітапханасын терең зерттеді….

11
Jun
24

Физика пәні бойынша Азия олимпиадасында (APhO) күміс медаль

Қазақстандық оқушылар құрамасы Азия физика олимпиадасында (APhO) тамаша нәтиже көрсетіп, жеті жүлдеге ие болды: бір күміс, алты қола медаль және бір мақтау қағазы….

31
May
24

«РФММ» Алматы КеАҚ филиалына ақылы негізде түсу үшін емтихандарға бойынша онлайн тіркелу ашылады

Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер!   2024 жылдың 01 шілдесінен бастап 05 тамызына дейін сайтта https://admissions.fizmat.kz «РФММ» Алматы КеАҚ филиалына ақылы негізде түсу үшін…

15
May
24

2024 жылы 24-28 наурыз аралығында Алматы қаласында информатика және география пәндері бойынша республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз мақтан тұтарлық нәтижелерге қол жеткізді. Информатика: 1 место: Анри Жан, 9  G Цой Максим, 10 K Талкат Дінмұхаммед, 10 M 2…

15
May
24

7-21 сәуір аралығында Тіл білімі бойынша Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) өтті.

Алматы қ. РФММ-нен олимпиадаға 11 “E” сынып оқушысы Есенкулов Елизар қатысып, APLO (Қазақстандағы 4-топ) дипломымен марапатталды және IOL халықаралық олимпиадасына сәтті өтті! Оның…

15
May
24

2024 жылы 17-21 наурыз аралығында Алматы қаласында математика және физика пәндерінен Республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз 8 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль, барлығы 19 марапатқа ие болып, мектебіміздің атын абыроймен қорғады! Алтын: – Сахипов Амир…

15
May
24

2024 жылы 27-31 наурыз аралығында Павлодар қаласында химия және биология пәндерінен 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша дәстүрлі республикалық олимпиада өтті.

Алматы қ. РФММ оқушылары тамаша нәтижелер көрсетті: Биология: Биология: 1. Азизов Тимур – 2 орын 2. Ли-Цун-Е Никита – 3 орын 3. Береке…

13
May
24

Результаты заключительного этапа Городской Жаутыковкой Олимпиады 2024 г.Алматы

Результаты по математике Математика Результаты по физике Физика Результаты по информатике Информатика