Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Республикалық
физика-математика мектебі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Республикалық физика-математика мектебі
02
Sep
17

Сыңғырла, күміс қоңырау



«Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамында 2017- 2018 оқу жылының басталуына орай «Сыңғырла, күміс қоңырау» атты салтанатты жиыны 2 қыркүйек күні өтті.

Мақсаты:

– «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын және оның құндылықтарын насихаттау;

– бірегейлік пен бірлікті нығайту;

– елі үшін мақтаныш сезімін нығайту.

        

Мектеп – кеме, ұстаз оның желкені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Тәрбие мен тәлімнің де бесігі,

Мектеп деген даналардың мекені!

 

Биылғы 2017-2018 жаңа оқу жылын ашу салтанаты дәстүрлі Білім күніне және Қазақстан Конституциясының кезекті мерекелік күніне арналды.

 

Кең- байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Асқар тау, жасыл жайлау, көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың кетті,

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!

 

Биыл 30 тамызда Тәуелсіз еліміздің Ата заңы – Конституцияның қабылданғанына 22 жыл толды. Халықаралық қауымдастық өркениетті, зайырлы қоғамның тірегі есебінде мойындаған Ата заңымыз– туған еліміздің тарихының ажырамас бөлігі, бабалар жолы мен аманатының жалғасы іспетті.

Олимпиадалар ішінде ерекше атап өтуді қажет ететін олимпиада,             ол – 12 – 23  шілде аралығында  Рио де Жанейро қаласында (Бразилия) өткен        58 – Халықаралық математикалық олимпиада. Онда мектебіміздің 10 «Д» оқушысы Аманбаева Аружан қола медаль иегері атанып, мемлекетіміздің, мектебіміздің абыройын тағы да  асқақтатты.

Ал ел ішіндегі республикалық пәндер олимпиадасында шәкірттер мектеп қоржынына  34 медаль салды. Оның ішінде 7 Алтын, 11 Күміс, 16 Қола және     4 грамота бар.

Қоңырау сыңғырымен кең-байтақ еліміздің түкпір-түкпірінде жаңа оқу жылы басталды. Қоңырау үні еліміздің жас ұландарын терең білімге, отансүйгіштікке,  парасат пен пайым жолына шақырады.

Алғашқы қоңырау аяқталған соң оқушылар Білім күнінде өткізілген  «Мен – өз елімнің патриотымын» атты сынып сағаттарына қатысты.

 

           

 

 

 

 

 

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

15
May
24

2024 жылы 24-28 наурыз аралығында Алматы қаласында информатика және география пәндері бойынша республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз мақтан тұтарлық нәтижелерге қол жеткізді. Информатика: 1 место: Анри Жан, 9  G Цой Максим, 10 K Талкат Дінмұхаммед, 10 M 2…

15
May
24

7-21 сәуір аралығында Тіл білімі бойынша Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) өтті.

Алматы қ. РФММ-нен олимпиадаға 11 “E” сынып оқушысы Есенкулов Елизар қатысып, APLO (Қазақстандағы 4-топ) дипломымен марапатталды және IOL халықаралық олимпиадасына сәтті өтті! Оның…

15
May
24

2024 жылы 17-21 наурыз аралығында Алматы қаласында математика және физика пәндерінен Республикалық олимпиада өтті.

Біздің оқушыларымыз 8 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль, барлығы 19 марапатқа ие болып, мектебіміздің атын абыроймен қорғады! Алтын: – Сахипов Амир…

15
May
24

2024 жылы 27-31 наурыз аралығында Павлодар қаласында химия және биология пәндерінен 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша дәстүрлі республикалық олимпиада өтті.

Алматы қ. РФММ оқушылары тамаша нәтижелер көрсетті: Биология: Биология: 1. Азизов Тимур – 2 орын 2. Ли-Цун-Е Никита – 3 орын 3. Береке…

13
May
24

Результаты заключительного этапа Городской Жаутыковкой Олимпиады 2024 г.Алматы

Результаты по математике Математика Результаты по физике Физика Результаты по информатике Информатика

10
May
24

Қорытынды кезең (күндізгі кезең) 2024 жылғы 11-12 мамырда өтеді

Қорытынды кезең (күндізгі кезең) 2024 жылғы 11-12 мамырда Алматы және Астана қалаларында Республикалық физика-математика мектебінің филиалдары базасында өтеді. Алматы қ., мекен-жайы: Бұқар Жырау…

06
May
24

Результаты отборочного этапа ГЖО 2024 по информатике

По результатам отборочного этапа ГЖО 2024 по информатике на финальный этап проходят участники решившие: 8 класс — количество решенных задач 3 и выше,…

05
May
24

Результаты отборочного этапа ГЖО 2024 по физике

По результатам отборочного этапа ГЖО 2023 по физике на заключительный этап проходят участники решившие: 8 класс — 5 баллов и выше, 7 класс…

04
May
24

Результаты отборочного этапа ГЖО 2024 по математике

По результатам отборочного этапа ГЖО 2024 по математике на заключительный этап проходят участники решившие: 8 класс — 8 баллов и выше, 7 класс…