Некоммерческое акционерное общество Республиканская
физико-математическая школа
Некоммерческое
акционерное общество
Республиканская физико-
математическая школа
15
May
17

«Тәжірибедегі рефлексия» мектепішілік курсы туралы



 

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің 24 тамыздағы №11-4/372 хатын басшылыққа ала отырып, мұғалімдердің кәсіби дамуын қалыптастыру және жаңа бағдарлама бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Тәжірибедегі рефлексия» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық физика-математика мектебінде деңгейлік курс бағдарламасынан өтпеген мұғалімдер үшін 100 академиялық сағат көлемінде мектепішілік курс ұйымдастырылды.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – мектеп мұғалімдерінің оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік дағдыларын, логикалық және сын тұрғысынан ойлауын дамытатын технологиялар мен әдістемелерді  игеруі, оқыту үдерісін жоспарлау, оқушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тиімді бағалау  дағдыларын жетілдіру.

«Тәжірибедегі рефлексия» білім беру бағдарламасы бойынша мектепішілік курсты НЗМ ДББҰ ПШО-да мектеп тренері бағдарламасы бойынша курстан өткен және сертификатталған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметбекова А.К. жүргізді.

Бұл бағдарлама бойынша оқыған мұғалімдер мектепішілік курс аясында жаңа форматтағы ашық сабақтар мен рефлексиялық есептер жазып,  орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдердің оқыту тәжірибесін жетілдіру қажеттілігінің маңызын түсініп, оны өз есептерінде терең де мазмұнды баяндай білді.

Педагогикалық ұжым жиналысында РФММ коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Баеков Е.С. курсты аяқтаған мұғалімдерге Білім және ғылым министрлігі бекіткен үлгідегі куәлікті салтанатты түрде табыс етіп, олардың ұстаздық еңбектеріне шығармашылық табыс тілей отырып, шәкірттерге өнегелі тәлім-тәрбие беріп, адамгершілік рухта бағыт-бағдар берудегі ұстаз еңбегінің ерекше екендігін айтып өтті.

 

 

 

Рубрики

Вам также может быть интересно:

18
Nov
24

ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ

«Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ-ның Алматы және Астана қалаларында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. РФММ-гі «Ашық есік күніне» екі қала бойынша 1000-ға жуық оқушы мен…

12
Nov
24

VII Халықаралық FEMO International Математика Олимпиадасы

Құрметті 1-5 сынып оқушылары! ✅Сіздерді VII Халықаралық FEMO International Математика Олимпиадасының Қысқы турына қатысуға шақырамыз. ❄️ Олимпиада 2024 жылғы 8 желтоқсанда өтеді. Олимпиада…

07
Nov
24

Ашық есік күні – 2024

2024 жылдың 16 қарашасы  РФММ-нің Алматы қаласындағы филиалында «Ашық есік күні» өтеді. Іс-шараға 5-6 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарын шақырамыз. Қонақтарға келесідей бағдарлама ұсынылады: Мектеп өміріне…

30
Oct
24

Әдеби марафонның басталғанын қуана хабарлаймыз!

Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Әдеби марафонның басталғанын қуана хабарлаймыз! ✨ Сіздерді көркем әдебиет әлеміне қызықты саяхат күтуде. Кітаптар тізімі сынып жетекшілеріңізге жіберілді. 2025…

30
Oct
24

“Үздік сынып жетекші—2025” байқауына өтініштерді қабылдау басталды!

Алматы қ. РФММ-де жыл сайынғы “Үздік сынып жетекші—2025” байқауына өтініштерді қабылдау басталды! Бұл байқау сынып жетекшілерінің кәсіби дамуын қолдап, олардың қызметінің мәртебесін арттыруды,…

30
Oct
24

Волейболдан ата-аналар арасындағы дәстүрлі Чемпиондар Лигасы өтті

Білім беру және тәрбие процесінің жемісті болуы мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар арасындағы тығыз қарым-қатынасқа тікелей байланысты. Мұндай рухани байланысты берік ұстап тұру —…

22
Oct
24

Almaty Junior Olympiad in Informatics 2024

Almaty Junior Olympiad in Informatics 2024 – Қазақстанның әр өңірінен келген 7-9 сынып оқушылары үшін ICPC форматында өткізілетін спорттық бағдарламалау бойынша бірегей олимпиада!…

19
Oct
24

Президент тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлерін қабылдады.

Президент тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлерін қабылдады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жақында өткен депутаттардың республикалық форумында: «Балалар…

16
Oct
24

Бүгін біз сүйікті Республикалық физика-математика мектебіміздің 52 жылдық туған күнін атап өттік!

Бүгін біз сүйікті Республикалық физика-математика мектебіміздің 52 жылдық туған күнін атап өттік! Бұл күннің ерекшелігі — дәстүрлі торттар байқауы мен “Күзгі науқан” қайырымдылық…

08
Oct
24

Жүлдегер оқушысы көп ұстаз

«Педагог-шебер» Санат Мұсатай елімізде нақты пәндерді оқытуда көш басында тұрған, жарты ғасырдан астам тарихы бар О.Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектебінде физика пәнінен сабақ…