Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі

Ағылшын тілі кафедрасы

Қазіргі уақытта ағылшын тілі кафедрасында 21 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде 1 мұғалім «педагог-шебер; «педагог-зерттеуші» – 6 мұғалім: «педагог-эксперт» – 2 мұғалім; «педагог-модератор» санаты бар мұғалімдер саны 8. Ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі – Әбдіғаппарова Нұрлыгүл Әділханқызы.

 

Ағылшын тілі кафедрасының 2025-2026 оқу жылында қарастыратын мәселесі – «Заманауи білім беру технологиялары мен жасанды интеллект – оқу-тәрбие процесінің формалары мен әдістерін жетілдіру факторлары: Ағылшын тілі мұғалімдерінің инновациялық әлеуетін дамыту арқылы оқыту сапасын арттыру». 

Мақсаты: Оқушылардың оқу және даму сапасын арттыруға бағытталған заманауи білім беру технологиялары мен жасанды интеллектті оқыту мен оқу үдерісіне енгізу арқылы ағылшын тілі мұғалімдерінің инновациялық әлеуетін дамыту және арттыру.

Міндеті:

– Шетел тілін оқытуда білім беру технологиялары мен ЖИ қолданудың заманауи тәсілдерін зерттеу

– Әлемдік және қазақстандық тәжірибеде цифрлық құралдар мен ЖИ енгізудің тиімділігін талдау

– Мұғалімнің инновациялық әлеуетін дамытуға ықпал ететін педагогикалық шарттар мен факторларды анықтау

– Ағылшын тілін оқытуда ЖИ пен цифрлық технологияларды біріктіру бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеу

– Оқушылардың сыни ойлауын, коммуникативтік және зерттеушілік құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған жаттығулар мен тапсырмалар жүйесін әзірлеу.

– ЖИ және EdTech көмегімен оқу қызметін ұйымдастырудың оңтайлы формалары мен әдістерін анықтау.

Кафедра мұғалімдері ағылшын тілінде драмалық театр үйірмелерін, олимпиадаларға дайындық, ғылыми жобаларға дайындық, дебат және спикинг клубтарын жүргізеді. Ағылшын тілін оқытудың айрықша ерекшелігі халықаралық IELTS, TOEFL, KET, PET емтихандарын сәтті тапсыру болып табылады. Сонымен қатар, 7, 8, 9, 10, 11 сынып оқушылары үшін «IELTS-ке дайындық» факультатив сабақтары өткізіледі.

Кафедра мұғалімдері Бисембаева Улмекен Зайноллаевна (2006 ж.), Найманова Динара Мұхамедиянқызы (2022 ж.), Әбдіғаппарова Нұрлыгүл Әділханқызы (2025ж.) «РФММ жылдың үздік мұғалімі» номинациясымен марапатталса, «РФММ үздік жас мұғалімі – 2023» номинациясымен Мақашева Нұрила Болатқызы марапатталды.

Кафедра бойынша 4 мұғалім «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратураны аяқтаса, 1 мұғалім Назарбаев университетін аяқтады және 5 мұғалім CELTA курсын, 4 мұғалім халықаралық TESOL курсын бітіріп, біліктіліктерін арттырды. Көптеген мұғалімдер TKT (Teaching Knowledge Test) Соursera курстарын сәтті аяқтап шықты.

Кафедраның тәжірибелі мұғалімі Найманова Д.М. сертификатталған тренер болып табылады, ал Союзов Ж.К. және Амангелдина А.С. оқушыларды ағылшын тілі бойынша республикалық және халықаралық олимпиадаларға дайындау үшін қосымша резерв сабақтарын өткізеді. 2025-2026 оқу жылында 10-ші сыныптар арасында АР сабақтарын Мақашева Н.Б., Джумабекова Қ.А., Гуламов Б.Н., Ақан Д. А. сияқты тәжірибелі мұғалімдер өткізеді.