Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы

ФИЗИКА КАФЕДРАСЫ

Физика кафедрасы

Физика кафедрасының құрамында  19 физика пәні мұғалімдері жұмыс істейді, оның ішінде   9 мұғалім  физика магистры,  6 мұғалім педагог – шебер , 6 мұғалім педагог– зерттеуші, 4 мұғалім педагог –модератор. Физика пәні мүғалімі Туякбаев Сабыр Туякбаевич Республика бойынша «Үздік педагог-2016» , Мусатай Санат Сағатұлы Республика бойынша «Үздік педагог-2024» атағын алды,  3 мұғалім  “ҚР Білім беру ісінің үздігі”, 2 мұғалім “ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері” төсбелгісінің иегері, 6 мұғалім Ы.  Алтынсарин атындағы төсбелгіснің иегері, 4 мұғалім Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен, 3 мұғалім Алғыс хатпен марапатталған

 

Физика кафедрасында 19 физика пәні мұғалімдері жұмыс істейді, олар  Туякбаев Сабыр Туякбаевич, Довгаль Юрий Николаевич, Кабдиева Гульмира Тулеповна, Жумагалиева Карлыгаш Канатовна,  Мусатай Санат Сағатұлы, Турагалдиева Шолпан Амреевна, Қабылқақ Мұрал, Мамутов Мусабек Сапахович, Шакиров Аман Кайратулы, Мурзабаев Абилкайыр Бердимуратович, Махамедова Гульзат Махамедовна, Адилов Шерзод Рустамович, Керимбеков Даурен, Коканбаев Мейрамбек Зикирович, Юдина Светлана Юрьевна, Тұрмаханов Бақдаулет Темірханұлы, Көшеген Мақсат, Садыков Алдияр Багдатович,    Елшибеков Халыкбек.

Кафедра меңгерушісі, педагог-модератор- Адилов Шерзод Рустамович.

Кафедра жұмысының мақсаты – заманауи технологиялар мен жасанды интеллектіні пайдалану арқылы физика пәні мұғалімдерінің кәсіби деңгейін және оқыту сапасын арттыру. Ерекше назар оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын дамытуға, сыни және зерттеушілік ойлау қабілеттерін қалыптастыруға, сондай-ақ ғылыми жобалар мен түрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатысуына бағытталады.

Кафедраның міндеттері физика мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін курстар, тренингтер және олимпиадалар арқылы арттыруға, сондай-ақ педагогтар мен студенттерге арналған қалалық және республикалық іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталған. Арнайы назар жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды оқу үдерісіне енгізуге, оқушыларды заманауи ресурстармен қамтамасыз етуге және олардың физикаға қызығушылығын жобалық және олимпиадалық қызмет арқылы дамытуға аударылады.

Біздің мұғалімдер  білім деңгейін көтеру мақсатында Халықаралық, Республикалық олимпиадаларға қатысып,  жүлделі орындарға ие болып жатады. Сонымен қатар кафедраның мұғалімдері кейбір Халықаралық және Республикалық олимпиадалардың жюри құрамына да болды.

Сонымен қатар, кафедра мұғалімдері Халықаралық, Республикалық мұғалімдерге арналған конферецияларда баяндама жасайды және  кафедра мұғалімдері Республиканың барлық аймақтарына барып физика пәні мұғалімдеріне арналған семинарлар өткізеді.

Физика кафедрасының мұғалімдерінің тағы бір жетістіктерінің бірі оқушылардың Халықаралық, республикалық олимпмадан жеңіспен оралуы деп білеміз. Сонымен қатар көптеген оқушылары физикадан әртүрлі ғылыми жарыстарға қатысады. Мектеп оқушылары дәстүрлі түрде республикалық және халықаралық жобалар байқауларында жүлделі орындарға ие болады.