13
May
18

Физика пәнінен XIX Азия олимпиадасы



2018 жылдың 5 мамырынан бастап 13 мамырын қоса алғанда Вьетнамның астанасы Ханой қаласында Физика пәнінен XIX Азия олимпиадасы өтті (APhO).

Олимпиадаға келесі 28 елден 188 оқушы қатысты: Қытай, Сингапур, Гонконг, Вьетнам, Израиль, Тайланд, Ресей, Қазақстан және басқалары.

Физика пәнінен Азия олимпиадасының есептері қиындылығы жағынан одан танымал Халықаралық физикалық олимпиаданың (IPhO) есептерінен көп жағдайда асып түсетінін атап өту қажет. Сол себепті APhO Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің халықаралық олимпиадалар тізбесіне енгізілген. Жыл сайын іс-сапарды «Дарын» РҒПО қаржыландыруының арқасында біздің оқушылар APhO қатысу арқылы халықаралық тәжірибені иеленеді.

APhO олимпиадасына Қазақстан құрама командасының құрамында 8 оқушының ішінде «РФММ» КеАҚ 11 сыныбының оқушысы Алина Гаухар қатысты, ол қола медалді және қыздар арасында ең үздік нәтижесі бойынша арнайы сыйлықты алды!

Гаухар Қазақстан құрама командасының құрамында APhO олимпиадасына қатысқан алғашқы қыз болып табылады (бірінші рет өткен жылы). Команданың құрамында APhO 2018 олимпиадасында үшінші ең үздік нәтиже көрсетіп, ол біздің еліміздің ұлттық командасының құрамында IPhO олимпиадасының тұңғыш қыз қатысушысы болу мүмкіндігін иеленеді.

Гаухарды физика пәнінен XIX Азия олимпиадасында өзін табысты көрсеткенімен құттықтаймыз және оған 2018 жылдың 21 шілдесінен бастап 29 шілдесін қоса алған мерзім ішінде Лиссабон қаласында (Португалия) өтетін 49 IphO олимпиадасында табыс тілейміз!

 

Айдарлар

Сізге сондай-ақ қызық болуы мүмкін:

18
Jul
18

Оқушылардың «Туймаада» атты XXV Халықаралық олимпиадасы

2018 жылдың 8 шілдесінен бастап 15 шілдесін қоса алған аралықта Саха Республикасында (Якутия) Математика, физика, химия және информатика пәндерінен оқушылардың  «Туймаада» атты XXV…

13
Jul
18

59th INTERNATIONAL MATHEMATICAL OLYMPIAD

Румынияның Клуж-Напока қаласында 59 Халықаралық математикалық олимпиада (IMO-2018) аяқталды. Қазақстан құрамасы өзінің өткен жылғы нәтижесін жақсартты, бейресми командалық есепте 110 қатысушы елдің арасынан…

29
Jun
18

Мырза Ұлықбек атындағы физика мен астрономия бойынша І Халықаралық олимпиада

2018 жылдың 19-23 маусымы аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында Мырза Ұлықбек атындағы физика мен астрономия бойынша I халықаралық олимпиада өтті. Барлығы келесі 4 елден:…

21
Jun
18

4 сынып оқушыларына арналған математикалық бәйге және «Асық» қорытынды командалық тур

21 маусымда 4 сынып оқушыларына арналған Математикалық бәйге және «Асық» қорытынды командалық туры өтті. 4 сынып оқушыларына арналған Математикалық бәйге нәтижелері 4 сынып…

20
Jun
18

2 және 3 сыныптардың оқушыларына арналған математикалық бәйге

20 маусымда 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XI республикалық математикалық жарысы шеңберінде 2 және 3 сынып оқушыларына арналған Математикалық бәйге өтті. 2 сынып…

19
Jun
18

«Бастау» XI республикалық математикалық жарысы

19 маусымда 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XI республикалық математикалық жарысы басталды. Жарыс ашылғаннан кейін қатысушы-командалар «Әу, Баста!» турының жазбаша тапсырмаларын орындады. «Әу,…

16
Jun
18

М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрында «Алтын белгі» белгілерін және аттестаттарды тапсыру салтанаты өтті

15 маусымда М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрында Алматы қаласындағы РФММ түлектеріне «Алтын белгі» белгілерін және аттестаттарды тапсыру салтанаты өтті. Іс-шараға келесі…

07
Jun
18

Жазғы бағдарламада тегін білім алу үшін 100 грант бойынша оқушылар мен студенттерді қатысуға шақырамыз

Алматы қаласында 2018 жылдың 25 маусымынан бастап 11 тамызын қоса алғанда nFactorial Incubator жобасының 4-маусымы өтеді. Бұл кәсіби инженер-программисттерді дайындау және бағдарламалық жасақтаманы…