Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі

Кунгожин Алмаз Мухамбетович

  • Годы руководства РФМШ: 2018-2023 жж.
  • Годы работы в РФМШ: 1995-2006 (үзіліспен) – математикалық олимпиадаларға дайындық факультативтік курсының меңгерушісі. 2017-2018 жж. – Республикалық физика-математика мектебі директорының бейінді-эксперименталды жұмыстар жөніндегі орынбасары. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап – «РФММ» КеАҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары.
  • Награды:
    • 1993-1995 жж. математикадан республикалық  олимпиаданың І дәрежелі дипломдары;
    • 1994 ж. ЭЫҰ елдерінің 1-ші математикалық олимпиадасының қола медалі, Иран;
    • 1995 ж. 36-шы Халықаралық математикалық олимпиаданың (IMO) Құрмет грамотасы, Канада;
    • 2010ж. Олимпиада қозғалысына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Алғысы;
    • 2012ж. Ғылыми жарияланымдары үшін Қазақстан математикалық қоғамының Құрмет грамотасы;
    • 2015 ж. 3 – республикалық математика пәні мұғалімдерінің шығармашылық байқауында II дәрежелі диплом;
    • 2019 ж. мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Олимпиада қозғалысына адалдығы үшін» номинациясы;
    • 2023 ж. «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығына 25 жыл Құрмет белгісі;
  • Дополнительная информация:

    Образование:

    РФММ 1991-1993 жж

    SUNC NSU 1993-1995 жж

    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бакалавриат 1999 ж., магистратура 2001 ж., математика ғылымдарының кандидаты 2012 ж.

    «Болашақ» стипендиясы – Білім беру көшбасшылығы бағдарламасы бойынша Джордж Вашингтон университетінде тағылымдамадан өту, АҚШ, ақпан-шілде 2022 ж.

    2018-2023 жж. Алматы РФММ-дағы негізгі жетістіктері:

    Жыл сайын РФММ республикалық оқушылар олимпиадасының қорытындысы бойынша үздік олимпиадалық мектеп атанды.

    Қазақстан құрамасы сапында IMO, IPhO, IOI, IChO халықаралық олимпиадаларында өнер көрсетіп, 2 құрмет грамотасы мен 14 медаль жеңіп алды: 1 алтын, 8 күміс және 5 қола

    2022-2023 оқу жылында РФММ оқушылары робототехника бойынша Орталық Азияның FIRST чемпионатында бас жүлдені жеңіп алды және Хьюстонда (АҚШ) өткен робототехникадан FIRST халықаралық чемпионатында Motivate сыйлығы номинациясының, сондай-ақ Австралияның Сидней қаласында өткен робототехникадан FIRST Азия-Тынық мұхиты чемпионатында екінші бас жүлдені жеңіп алды.

    2023 жылы РФММ шахмат командасы 18 жасқа дейінгі мектеп командалары арасында Қазақстан чемпионы және әлемнің вице-чемпионы атанды.

    Жобалар:

    2018 жылдан бастап – Advanced Placement (AP) бағдарламасын жүзеге асырылды;

    2021 жыл – Алматы РФММ жаңа ғимаратының құрылысын аяқталды;

    2022 – Zertte Studio инженерлік-шығармашылық зертханасы ашылды;

    РФММ жаңа дәстүрлері:

    2019 жылдан бастап – математика, физика және информатика мұғалімдері мен жаттықтырушыларына арналған IMPACT халықаралық олимпиадасын өткізу.

    2021 жылдан бастап – «Fizmat Chess Open» шахмат турнирін өткізу

    2021 жылдан бастап – «Физмат түлектерінің кубогы»  спартакиадасын өткізу

    Олимпиада іс-шаралары:

    — 1996 жылдан 2004 жылға дейін — математикадан мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының қазылар алқасының мүшесі, қазылар алқасының төрағасы.

    — 4 рет Халықаралық математикалық олимпиадада (IMO), 5 рет – Балқан математикалық олимпиадасында (BMO), 5 рет – қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиадада (EGMO) Қазақстан командасының ғылыми жетекшісі болды.

    — Азия-Тынық мұхиты елдерінің математикалық олимпиадасы (APMO), Жібек жолы математикалық олимпиадасы (SRMO), Эйлер олимпиадасы, Смағұлов олимпиадасы, Шарыгин олимпиадасы және Иран геометрия олимпиадасы сияқты олимпиадаларды Қазақстанда өткізудің бастауында  болды.

    Жарияланымдар:

    25 ғылыми мақалалар мен тезистер, 1 авторлық куәлік, жалпы таралымы 10 000 дана математикадан олимпиадалық есептердің 6 жинағының бірлескен авторы.