Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі

Жаратылыстану ғылымдары және қоғамдық пәндер әдістемелік бірлестігі

Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің Жаратылыстану және қоғамдық пәндер бойынша әдістемелік бірлестігі

Жаратылыстану және қоғамдық пәндер бойынша әдістемелік бірлестік – мектептің оқу-тәрбие үдерісінде ерекше орын алатын, шығармашыл, ізденімпаз және жоғары кәсіби деңгейдегі педагогтердің ұжымы.

Бірлестікте 15 мұғалім жұмыс істейді, олардың ішінде:
• 3 – педагог-шебер
• 8 – педагог-зерттеуші
• 1 – педагог-сарапшы
• 3 – педагог-модератор

Бірлестік мүшелері оқушылардың сапалы білім алуына, зерттеу дағдыларын дамытуға және заманауи технологияларды тиімді қолдануға бағытталған жұмыстар жүргізіп келеді.

 

Пән мұғалімдерінің құрамы:
География пәні: Сенгербаев Д. Т., Концова Е. А.
Химия пәні: Нұрғалиева А., Қазыбаева Д. С., Хариева Г., Тинасилов Р.
Биология пәні: Қабуова Н. Т., Смайылов Б., Абдысалам С. О.
Тарих пәні: Баймаханова Ж. А., Байсакова А. А., Әбілхасымова Д. Қ., Тастембекова Г. Қ., Тәукебаев Қ. М., Жұмабекова Н. С.
Лаборант: Туғанова А.

Бірлестік құрамына химия, биология, география, тарих және құқық пәндерінің мұғалімдері кіреді. Бірлестіктің негізгі қызметі – білім сапасын арттыру, зерттеушілік мәдениетті дамыту және оқушыларда тұтас ғылыми әрі азаматтық дүниетанымды қалыптастыру.
Мұғалімдер оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуға, пәнге деген қызығушылығын арттыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ерекше көңіл бөледі.

Ғылыми-әдістемелік тақырып

«Білім беру мен тәрбиелеу үдерісінің формалары мен әдістерін жетілдіру факторы ретінде заманауи білім беру технологиялары»

Бірлестіктің мақсаты

  1. Табиғаттану және қоғамдық пәндер бойынша әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігін арттыру.
  2. Оқушылардың табиғаттану және қоғамдық пәндерге деген қызығушылығын арттыру.
  3. Оқыту үдерісіне жасанды интеллект технологияларын және заманауи білім беру тәсілдерін енгізу.

Бірлестіктің міндеттері

  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында жобалық іс-әрекет пен халықаралық «Science. Technology» байқауы сияқты конкурстарға, сондай-ақ мектепішілік жобаларға қатыстыру.
  • Мектептегі әдістемелік жұмысты жетілдіру, мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін дамыту мен тәжірибе алмасу белсенділігін арттыру, соның ішінде химия, биология, география және тарих пәндері бойынша қалалық семинарларға қатысу.
  • Оқыту сапасы мен оқушылардың мотивациясын арттыру мақсатында заманауи білім беру технологияларын, соның ішінде цифрлық ресурстарды, геоақпараттық жүйелерді және жасанды интеллект элементтерін енгізу. Педагогтардың жасанды интеллект бойынша біліктілікті арттыру курстарына қатысуы.
  • Оқушылардың зерттеу және жобалық қызметін дамыту, түрлі деңгейдегі пәндік олимпиадаларға, конкурстар мен конференцияларға қатысу, соның ішінде президенттік, республикалық және халықаралық олимпиадаларға дайындық. Химия, биология және тарих пәндері бойынша қалалық олимпиадаларды ұйымдастыру.
  • Практикалық, интерактивті және зертханалық оқыту түрлерін қолдану арқылы пәнге деген қызығушылықты арттыру.
  • Мектептің сыныптан тыс іс-шаралары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін, азаматтық ұстанымын, патриотизмін және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау сезімін қалыптастыру.

Кафедра қызметінің басым бағыттары

  1. Педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру
    • Әдістемелік семинарлар, тренингтер мен шеберлік сабақтарын ұйымдастыру.
    • Мектепішілік және қалалық деңгейде педагогикалық тәжірибе алмасу.
    • Мұғалімдердің біліктілікті арттыру курстарына және ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуы.
  2. Инновациялық қызмет және заманауи оқыту технологияларын енгізу
    • Цифрлық білім беру ресурстарын, геоақпараттық жүйелер мен жасанды интеллект элементтерін қолдану.
    • Авторлық әдістемелер мен бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру.
    • STEAM тәсілін және жобалық оқытуды енгізу.
  3. Оқушылардың зерттеу және жобалық қызметін дамыту
    • Жобалық-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және сүйемелдеу.
    • Оқушыларды түрлі деңгейдегі олимпиадаларға, конференцияларға және байқауларға дайындау.
    • Оқушылардың ғылыми және шығармашылық бастамаларын қолдау.
  4. Білім беру сапасын және оқуға деген мотивацияны арттыру
    • Интерактивті, зертханалық және практикалық бағыттағы оқыту түрлерін қолдану.
    • Оқу үдерісін дараландыру мен саралауға жағдай жасау.
    • Пәндік апталықтар, олимпиадалар, интеллектуалды ойындар мен викториналар өткізу.
  5. Оқушылардың азаматтық және рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру
    • Экологиялық мәдениетті, азаматтық жауапкершілікті және патриоттық сезімді тәрбиелеу.
    • Пәнаралық тәрбие жобалары мен сыныптан тыс іс-шараларды жүзеге асыру.
  6. Кафедраның ішкі және сыртқы байланыстарын дамыту
    • Жоғары оқу орындарымен, ғылыми ұйымдармен және білім беру орталықтарымен ынтымақтастық орнату.
    • Кафедраның жұмыс тәжірибесін қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде ұсыну.