Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы

Информатика кафедрасы

“РФММ”КеАҚ информатика кафедрасы

Қазіргі уақытта Республикалық физика-математика мектебінің Информатика кафедрасында 14 мұғалім жұмыс істейді. Олардың ішінде төрт мұғалім «педагог-шебер» санатына ие: Аубакирова Гүлнұр Ғабдуқызы, Джумадуллаева Улдарай Сералиқызы, Алғазы Серік Сәбитұлы және Ахмадуллаева Бахрампаша Хасанжановна. Төрт мұғалім «педагог-зерттеуші» санатында: Амантай Баянбек Амантайұлы, Бұлақбаева Индира Мұратқызы, Қалиева Жансая және Сұлтанова Жәния Нұржанқызы. Бес мұғалім «педагог» санатында қызмет атқарады: Батырханов Алмас, Ануарбек Дархан, Самет Мадина, Типакова Ксения және Ашуов Ернияз. Сондай-ақ, бір мұғалім «педагог-модератор» санатында — Бұлақбаева Айша Мұратқызы.
Информатика кафедрасының меңгерушісі — Амантай Баянбек Амантайұлы.

Информатика кафедрасының мақсаты мен міндеттері
Мақсаты:
– Информатика пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігін арттыру.
– Оқушылардың «Информатика» пәніне және заманауи ақпараттық технологияларға деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыру.
– Оқыту үдерісіне жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және инновациялық білім беру тәсілдерін енгізу.

Міндеттері:
– Информатика мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында арнайы курстарға, тренингтерге және әдістемелік семинарларға қатысуын қамтамасыз ету.
– Мұғалімдердің кәсіби байқаулар мен олимпиадаларға қатысуын ұйымдастыру, соның ішінде IMPACT олимпиадасына және информатика пәні мұғалімдерінің қалалық олимпиадасына (AITOI) қатысуды Республикалық физика-математика мектебі базасында ГорИПК бірлесе өткізу.
– Бағдарламалау, машиналық оқыту, деректерді талдау және жасанды интеллектті тәжірибелік тұрғыда қолдануға бағытталған заманауи оқыту әдістерін енгізу.
– Оқушыларды информатика, алгоритмдеу және инженерлік технологияларды меңгеруге арналған заманауи цифрлық ресурстармен және платформалармен қамтамасыз ету.
– Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында жобалық және зерттеу жұмыстарына, сондай-ақ халықаралық конкурстар мен олимпиадаларға, мысалы, «Science.Technology.Algorithmization.Programming» және AJOIAI сияқты жарыстарға қатысуын ұйымдастыру.
– Оқыту сапасы мен оқушылардың уәждемесін арттыру үшін жасанды интеллект пен машиналық оқыту технологияларын білім беру үдерісіне енгізу.
– Мұғалімдер мен оқушылардың IT индустриясы өкілдерімен, жоғары оқу орындарымен және кәсіби ұйымдармен ынтымақтастығын дамытуға жағдай жасау.
– Педагогтердің кәсіби өсуіне және мектептің инновациялық білім беру ортасын дамытуға ықпал ету.