Алишер Тойгулиев

РФММ 2009 жылғы түлегі, 11 “В” сыныбы
2021 жылғы рейтинг финалисі
«Давай сходим!» медиа-холдингінің негізін қалаушы
«Давай сходим!» – ірі қалалардағы қызықты іс-шаралар мен көрікті орындар туралы баяндайтын медиа-жоба. Платформаның аудиториясы 4 миллионнан астам адамды қамтиды, ал sxodim.com сайтына ай сайын 300 мыңнан аса бірегей қолданушы кіреді. Бүгінде жоба Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды және Бішкек қалаларындағы өмір мен мәдени оқиғаларды қамтиды. Холдинг құрамына іс-шара ұйымдастырушылары мен мекеме иелеріне арналған маркетплейс, Sxodim Tickets билет сервисі, Sxodim Travel туроператоры және бірнеше БАҚ кіреді: Almaty Today, Astanovka98, Shymkent Online, Qumash, Bishkek.Online.
«Давай сходим!» жобасының тарихы 2012 жылы басталды. Ол кезде Бақдәулет Исаев – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті – іс-шараларға арналған шоколад фонтанын сатумен айналысып жүрген. Клиенттер іздеу барысында ол Алматыдағы түрлі шаралардың анонстарын қарап, оларды «ВКонтакте» желісіндегі өз парақшасында сақтайтын. Бұл ыңғайсыз болғандықтан, Бақдәулет алдағы іс-шаралар туралы ақпарат жинақталатын жеке парақша (паблик) ашуға шешім қабылдайды. Сол кезде оның аттасы әрі туысы Бақдәулет Бекжанов жобаға атау ұсынады – «Давай сходим!».
Кәсіпкерліктен тапқан қаражатын жігіттер парақшаны дамытуға жұмсап, «ВКонтакте»-тегі басқа топтарда жарнама сатып алады. 2013 жылы олар «Алматы – город мечты» (қазіргі Almaty Today) атты жаңа парақша ашты, ал 2014 жылы Instagram-ға шықты.
Соңғы жылдары холдинг командасы (қазіргі таңда шамамен 50 адам) жаңа бағыттарды игеруде: Қазақстан бойынша тур сатып алу сервисі – Sxodim Travel, билет сату платформасы – Sxodim Tickets іске қосылды. 2015 жылдан бастап жобаға Алишер Тойғұлиев пен Нұрсұлтан Кипшақбаев қосылып, қазір команда Орталық Азияға арналған бірыңғай билет сервисін іске қосуды жоспарлап отыр.
Мектептегі ұстаздарының айтуынша, Алишер – білімге ынталы, еңбекқор және тәртіпті оқушы болған. Ол өзіндік көзқарасы бар, терең ойлайтын, кең дүниетанымы мен есте сақтау қабілеті жоғары, шығармашылыққа бейім тұлға ретінде есте қалды.
Алишер адамдармен тез тіл табысып, әрдайым көмек пен қолдау көрсетуге дайын жан ретінде сипатталады.