Динмухамед Джунусов

РФММ 2011 жылғы түлегі, 11 “В” сыныбы
2021 жылғы рейтинг финалисі
Бағдарламалауды оқытуға арналған Okoo цифрлық платформасының негізін қалаушы
Дінмұхамедтің әкесі ұлының беделді шетелдік университетті тәмамдауын армандаған еді. Ал Дінмұхамедтің өзі адамдардың медицина мен білімге қолжетімділігін арттырғысы келді. Нәтижесінде ол әкесінің де, өз арманының да мақсатын жүзеге асырып, Австралияның Swinburne University of Technology университетінің Малайзиядағы кампусын тәмамдап, Okoo атты цифрлық бағдарламалау мектебін құрды.
Okoo платформасы 2019 жылдың сәуірінде, онлайн-білім әлі кең таралмай тұрған кезде іске қосылды. Платформада мектеп оқушылары мен мұғалімдерге арналған курстар, сонымен қатар кез келген адамға бағдарламалау бойынша тапсырмалар қолжетімді. Техникалық мүмкіндіктер олимпиадалар өткізуге де жағдай жасайды. Қазіргі таңда Okoo жүйесінде 10 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген, олардың 300-ден астамы – мұғалімдер.
Жобаның бастамашылары тек Қазақстанмен шектеліп қалуды жоспарламайды. Алдағы уақытта Қырғызстан мен Өзбекстан нарықтарына шығу, сондай-ақ Ресейдегі серіктестермен ынтымақтастық орнату көзделген. Сонымен бірге STEM-технологияларды білім беру саласына енгізіп жүрген жапондық компаниялар да Okoo жобасына қызығушылық білдірді.
«Біз клиенттердің біздің өнімді жақсы көретініне көз жеткіздік, енді оның құндылығын арттыруға тырысамыз. Okoo Plus атты жаңа IT-курстарды және білім беруді ойын түрінде ұсынатын мобильді қосымшаны іске қосуды жоспарлап отырмыз», – дейді Дінмұхамед.
Жақында оның тағы бір арманы орындалды – технологияны медицина игілігіне пайдалану. Дінмұхамед Tissup.com платформасын құруға атсалысты. Бұл сайттың пайдаланушылары жалпы қан талдауының нәтижелерін енгізу арқылы түрлі аурулардың бар-жоғын және олардың даму қаупін анықтай алады.