Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы

Назерке Калидолда

  • РФММ 2013 жылғы түлегі, 11 “Д” сыныбы

    2021 жылғы рейтинг финалисі

    Сурдотіл аудармашы-роботтың жасаушысы, L’accent стартапының негізін қалаушы

  • Нәзерке Назарбаев Университетінде компьютерлік ғылымдар факультетінде оқып жүрген кезінде өз ағымындағы жалғыз қыз студент болды. Сонымен қатар, бағдарламалау олимпиадаларына үнемі қатысып, жиі жеңіске жеткен санаулы қыздардың бірі еді.
    Ол өзінің алғашқы ғылыми жобасын – естімейтін және нашар еститін адамдарға арналған сурдотіл аудармашы-роботты – Сингапурде өткен робототехника және автоматтандыру жөніндегі конференцияда таныстырды.

    Университетті тәмамдаған соң Нәзерке Google компаниясының Париждегі кеңсесіне жұмысқа орналасады. Ол кезде француз тілін мүлде білмегенімен, әлемдегі жетекші IT компаниясында жұмыс істеу арманы қиындықтарды жеңуге күш берді.

    «Кейбіреулер қыздарға Google-ге жұмысқа тұру жеңілірек деп ойлайды, бірақ олай емес. Бұл компанияда жынысың мен жасың маңызды емес – бәрі тек сенің білімің мен дағдыларыңа байланысты», – дейді Нәзерке.

    Уақыт өте келе ол өз ісін бастауды армандай бастады. Жоғары жалақы мен артықшылықтары бар беделді жұмысты тастау оңай болған жоқ. Бірақ пандемия мен елге оралу бұл шешімге түрткі болды.
    Қазақстанға келген соң Нәзерке L’accent атты стартапты қолға алды – бұл киім интернет-дүкендерінің агрегаторына негізделген жүйе, ол пайдаланушының жеке стиліне сәйкес келетін тауарларды ұсынады.

    Жобаның мақсаты – адамдардың онлайн-шопингке жұмсайтын уақытын азайту. Өнімнің алғашқы нұсқасы 400 жүктеу жинады.

    «Пайдаланушылар пікір қалдырып, бізді қолдайды, тіпті кейде бір нәрсе ойдағыдай шықпаса да. Жаңа өнім мен оның артындағы команданы қолдауға дайын аудиторияның болуы – бұл керемет нәрсе, әрі алға жылжуға үлкен мотивация береді. Корпоративтік сектордан кеткеніме өкінбеймін, бірақ, қалай десек те, “ешқашан ешқашан деме” деген сөз бар ғой», – дейді Нәзерке.