МӘРТЕБЕСІ БИІК МҰҒАЛІМ
Қайырлы күн, Санат Сағатұлы! Өзіңіз сияқты елімізге танымал, ең бастысы оқушыларының сүйікті мұғаліміне айналған ұлағатты ұстазбен кездесіп, сұқбат құру біз үшін үлкен мәртебе.
Сіз 2010 жылдан бастап Алматыдағы физика-математика мектебінде еңбек етіп келесіз. Өткен ғасырдың ұрпағы бір орында тапжылмай жұмыс істегенді құптағанын білеміз. Ал, бүгінгі жастар жұмыс орнын, қызмет саласын жиі ауыстырып отырған жөн және ол тұлға ретінде өсуге, кәсіби дамуға да ықпал етеді деп біледі. Сіз осы пікірдің қайсысымен келісесіз және өзіңіз үшін РФММ мектебінің орны қандай?
Мен қазіргі жастардың қызмет саласын жиі ауыстыруын құптай қоймаймын. Бір кәсіптен екіншісіне ауысу жаңа кәсіпті басынан игеруді қажет етеді, ал жиі ауыстыру кәсіби дамуға кері әсерін тигізеді. Мен үшін РФММ мектебі – бұл ерекше орын. Бұл мектепте мен ұстаздық кәсібімді жетілдіріп, білім беру мен тәрбиелеу процесіне жаңа көзқарас тұрғысынан қарауға және үздік нәтижелерге жетуге мүмкіндік алдым. РФММ-де білім беру ғана емес, оқушылардың өз қабілеттерін дамытуы үшін қолайлы жағдай жасалған, ал менің міндетім – сол мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және одан әрі дамыту.
Сіз ұстаз ретінде бірнеше сайысқа қатысып, жүлделі болған екенсіз. Әдетте мұғалімдер жұмыстан қолы тимейтіндігін алға тартып, білім бәйгелерінен тартқыншақтай береді. Әрине, бұл жерде көпке топырақ шаша алмаймыз. Бірақ, ондай мамандардың бары рас. Талай додада топ жарған тұлға ретінде мұғалім үшін байқаулар не береді деп ойлайсыз және уақыт таппайтын ұстаздарға қандай кеңес берер едіңіз.
Байқаулар мен үшін кәсіби өсуге, өз біліктілігімді арттыруға және жаңа тәсілдер мен идеяларды табуға көмектеседі. Байқауларға қатысу менің кәсіби қызметіме жаңа серпін беріп отырады. Оқушыларға ең жақсы білімді беру үшін мен үздік тәжірибелермен танысып, оларды өз жұмысымда қолданамын. Ұстаздарға кеңесім: байқауларға қатысып тұру өте маңызды. Байқауларға қатысу уақытты, ізденісті, дайындықты, кәсіби салаң бойынша көптеген жаңа материалдармен танысуды талап етеді. Өз орайында мұның барлығы кәсіби өсуге жетелейді. Күнделікті міндеттерді алдын ала жоспарлау және жұмыс уақытын тиімді пайдалану маңызды. Егер ұстаз өз күнін тиімді ұйымдастырса, ол тек оқытуға ғана емес, жеке дамуға да уақыт табады.

Биыл республикалық «Үздік ұстаз – 2024» байқауының жеңімпазы атандыңыз. Бұл марапат Сіздің өміріңізде қандай орын алады?
«Үздік ұстаз – 2024» байқауы менің өмірімде үлкен жетістік әрі кәсіби тұрғыда жоғары бағаланған сәт болып табылады. Бұл жеңіс менің жұмысымды тану ғана емес, сондай-ақ менің шәкірттерімнің де, бір қызметтегі әріптестерімніңде жетістіктерін бағалау болып табылады. Әріптестерімнің демеуі, шәкірттерімнің білімі мен талпыныстары «Үздік ұстаз» атануыма өз үлесін қосты. Бұл байқау маған әдістемемді әрі қарай жетілдіруге, жаңа бағыттарды іздеуге әрі білім беру саласындағы тың өзгерістерді қабылдауға тың серпін берді.
Сіз сондай-ақ олимпиада резервтерін даярлайтын білікті мамансыз. Мектеп оқушыларының математика мен физикаға деген көзқарасы, құлшынысы туралы не айтасыз? Оларды өз пәніңізге қызықтырудағы басты әдісіңіз қандай?
Мектебімізде оқитын оқушылар физика-математика бағытын таңдаған болғандықтан олардың бұл пәндерге деген көзқарасы, оларды игеруге деген құлшынысы өте жоғары. Оқушыларды физикаға қызықтыруда мен оларды тек теориямен ғана емес, нақты өмірлік мысалдармен, практикалық қолданыстармен таныстыруға да тырысамын. Өйткені физика – бұл тек абстрактлі ұғымдар мен есептер емес, күнделікті өмірде кездесетін нақты құбылыстар мен процестер де сырын біліп, түсінген жанға тұнып тұрған физика. Сонымен қатар мен оқушыларымды ғылыми жобалар мен зерттеу жұмыстарын орындауға да тартамын, бұл олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, ғылымға деген қызығушылығын арттырады.

Физика пәні бойынша өткізілетін республикалық, халықаралық олимпиадалардың ішінде өзіңізге ең жақыны қайсысы және ол қандай ерекшелігімен ұнайды?
Мен үшін ең жақыны «Халықаралық Жәутіков олимпиадасы». Өйткені оны ұйымдастырушы біздің мектеп, оны өткізуде біздің мектептің әр мүшесі ат салысады. Әрине Республикалық оқушылар олимпиадасы, Халықаралық физика олимпиадасының (IPhO) да орындары ерекше. Аталған олимпиадаларда оқушылардың тек теориялық білімі ғана емес, практикалық дағдылары да, шығармашылық қабілеттері де сыналады. Елімізде өткізіліп жатқан барлық олимпиаданың маңызы зор деп есептеймін.
Оқушыларды нақты ғылымдарға қызықтырып, баулу үшін елімізге қандай форматтағы білім бәсекесі қажет деп ойлайсыз?
Елімізге нақты ғылымдар бойынша көп деңгейлі және жеке, топтық білім бәсекелерін ұйымдастыру керек. Олардың көп болғаны жақсы. Бұл сайыстар оқушылардың теориялық білімдерін, практикалық дағдыларын арттырып, олардың ғылыми ойлау қабілеттерін, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, ғылыми зерттеулер мен жобалар жасауға және әлемдік деңгейдегі ғылыми зерттеулермен танысуға мүмкіндік береді. Байқаулардың жеңімпаз-жүлдегерлеріне еліміздегі жоғары оқу орындарының гранттары мен жеңілдіктерін беру арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыруға болады.
Санат Сағатұлы, мағыналы да мәнді сұқбатыңызға көп рахмет! Білімді ұрпақ тәрбиелеу жолындағы ісіңізге береке тілейміз.
Прикрепленные файлы
Вам также может быть интересно:
В Астане прошли международные олимпиады АТМО и «Шелковый путь»
В Астане прошли международные математические олимпиады — XXXVIII Азиатско-Тихоокеанская математическая олимпиада (АТМО) и Международная математическая олимпиада «Шёлковый путь» (МОШП). По итогам АТМО учащиеся…
«Математическая регата — 2026»: Команда РФМШ заняла I место
По итогам республиканской олимпиады «Математическая регата – 2026» команда «РФММ» показала отличный результат и завоевала I место. В этом престижном интеллектуальном соревновании приняли…
Тренер РФМШ Алматы стал призером международного чемпионата по программированию
Тренер РФМШ Алматы по информатике Айбар Куанышбай занял II место на международном чемпионате по спортивному программированию Central Asia Programming Championship 2026. Соревнование прошло…
По итогам XVIII Олимпиады имени Леонарда Эйлера учащиеся РФМШ Алматы показали достойный результат
По итогам XVIII Олимпиады имени Леонарда Эйлера учащиеся РФМШ Алматы показали достойный результат, завоевав 1 серебряную медаль, 3 бронзовые медали и 4 похвальные…
На базе лицеев «Білім – инновация» прошла республиканская олимпиада
С 21 по 25 марта 2026 года на базе специализированных лицеев «Білім – инновация» Управления образования города Астаны прошёл заключительный этап Республиканской олимпиады…
KzYPT 2026 — Национальный отбор Казахстана
Уважаемые учащиеся и родители! Приглашаем вас принять участие в Национальном отборе Казахстана на Международный турнир юных физиков (IYPT) 2026! Это уникальная возможность проявить…
Международная олимпиада по астрономии и астрофизике (IOAA)
Уважаемые учащиеся РФМШ! Объявляется отбор в резерв национальной сборной команды Республики Казахстан для участия в Международной олимпиаде по астрономии и астрофизике (IOAA). К…
В Костанае завершился заключительный этап республиканской олимпиады
С 19 по 24 марта в Костанае прошёл заключительный этап Республиканской олимпиады среди учащихся 9–11 классов — главной интеллектуальной площадки страны, объединившей 310…
Прошла республиканская олимпиада молодых математиков
23 марта 2026 года в городе Алматы состоялся республиканский творческий конкурс (олимпиада) среди молодых учителей математики до 30 лет, организованный Центром «Алматы дарыны»…
В Астане прошла республиканская интеллектуальная олимпиада для 9–11 классов
Со 2 по 6 марта в Астане прошёл заключительный этап Республиканской олимпиады по экономике и финансам среди учащихся 9–11 классов. Ученики Республиканской физико-математической…