Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республиканская
физико-математическая школа
Коммерциялық емес
акционерлік қоғам
Республикалық физика-
математика мектебі

Кәсіптік бағдар

«РФММ» КеАҚ-та кәсіптік бағдар жұмысы бойынша бөлімше қызмет етеді, оның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  1. Қазақстанның және шетелдің университеттеріне түсуге дайындау бойынша оқушыларға және ата-аналарға кеңес беру.
  2. Шетел оқу орындарына түсу кезінде құжаттар жинағын дайындауда көмек көрсету.
  3. Оқушылар және ата-аналар үшін жылына екі рет (күзде, көктемде) қазақстандық және шетелдік ЖОО қатысуымен «РФММ» КеАҚ-та білім жәрмеңкелерін ұйымдастыру.
  4. Қазақстандық және шетелдік университеттермен кездесулерді және презентацияларды ұйымдастыру.
  5. Әр түрлі іс-шараларды – Олимпиадаларды, тақырыптық байқауларды, вебинарларды және қабылдау сынақтарын жүргізуде қазақстандық және шетелдік университеттерге көмек көрсету.
  6. Ағылшын тілі бойынша қосымша дайындау жөнінде курстарды мектепте ұйымдастыру. Артықшылықтары – мектептің шеңберінде, «РФММ» КеАҚ оқушылары үшін арнайы жеңілдікті бағалар. Курстарды Алматы қ. үздік тілдік мектептері жүргізеді.
  7. Ата-аналар үшін арнайы тренингтерді жүргізу.

 

Шетелге түсетін оқушылар үшін ақпарат

  1. «РФММ» КеАҚ Collegeboard қатысушысы болып табылады және мектептің дербес сәйкестендіруші коды бар. SAT емтихандарын тапсыратын оқушылар мектептің аталған кодын көрсетуі тиіс. Сонымен қатар, мектеп Common Application тіркелген және көрсетілген жүйе арқылы әлемдік Университеттерге өтінім беретін оқушылар өздерінің академиялық транскриптерін растау үшін және ұсынымдарды жолдау үшін School Counselor (Мектеп Кеңесшісін) шақыруы мүмкін.
  1. Білім беру жүйесіндегі халықаралық стандарттарға сәйкес біздің мектеп жыл сайын ағылшын тілінде School Profile (Мектеп профайлын) дайындайды, онда мектеп туралы негізгі ақпарат, оның жетістіктері және Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі туралы қысқаша ақпарат көрсетіледі.

«РФММ» КеАҚ мектеп оқушыларына тікелей гранттар ұсыну туралы бірқатар шетел университеттерімен келісімдер жасасты. Әдетте түсуге өтінімдер және университет үшін құжаттарды дайындау мектеп базасында орталықтан жүргізіледі. Университеттің өзі іріктеуді ұсынылған құжаттардың және сұхбаттардың негізінде жүзеге асырады.