Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі

АӘТД ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІ

АӘТД және дене шынықтыру ӘБ құрамына 7 мұғалім (1 АӘТД ұйымдастырушы-мұғалім, 6 – дене шынықтыру мұғалімі) кіреді: 2 мұғалім педагог-зеріттеуші, 2 мұғалім педагог-модератор.

ӘБ мұғалімдері Қазақстан Республикасы педагогикалық кадрларының біліктігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары бойынша курстардан өтті: екі мұғалім үшінші деңгейді өтті, үш мұғалім 2017 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ ПШО әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогикалық кадрлардың кәсіби дамуының білім беру бағдарламасы бойынша мектепішілік курстарды аяқтады. ӘБ ұстаздары оқу және ғылыми сипаттағы мәселелерді шығармашылық шеше отырып, іскерлік ынтымақтастық жағдайында жұмыс жасайды.

Әдістемелік бірлестікте: Атканов Нурлан Аканович, Ахметов Аскар Булатович, Игисинов Асхат Сергалиевич, Исмаилов Бахтияр Таирович, Куаншалин Данияр Елубаевич, Оспанова Мадина Сенбиевна, Кәрібек Дана Дидарқызы.

АӘТД және дене шынықтыру мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігін Куаншалин Данияр Елубайұлы басқарады.

ӘБ жұмысының мақсаты: 

  1. Дене шынықтыру және АӘТД мұғалімдерінің біліктілігі мен кәсіби құзыреттілігін арттыру.
  2. Оқушылардың “Дене шынықтыру” және “АӘТД” пәндеріне қызығушылығын арттыру.
  3. Оқу процесіне жасанды интеллект технологиялары мен заманауи білім беру тәсілдерін енгізу.

Кафедраның міндеттері:

  1. Мамандандырылған курстар мен тренингтер арқылы дене шынықтыру және АӘТД мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруды қамтамасыз ету.
  2. Жарыс өткізу және қалалық және республикалық турнирлерге қатысу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
  3. Мұғалімдердің қалалық және республикалық турнирлерге қатысуын қамтамасыз ету.
  4. Факультативтік сабақтар өткізуді ұйымдастыру.
  5. Спорттың ойын түрлері бойынша мектепішілік турнирлер өткізуді ұйымдастыру.
  6. Ата-аналар арасында волейболдан мектепішілік турнир ұйымдастыру.
  7. Мектеб түлектері арасында “ALUMNI CUP” спартакиадасын өткізуді ұйымдастыру.