ПЕДАГОГИКА ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІ
«Педагогика» әдістемелік бірлестігі өз жұмысын 2002 жылдан бері жүргізіп келеді. Қазіргі уақытта әдістемелік бірлестікте 14 тәрбиеші және 8 тәрбиеші көмекшісі қызмет атқарады. Оның ішінде:
«Педагог-модератор» – Ермекова Г.Т., Слямова А.Ш., Нусипова Ш.Ш., Телебаева Л.С., Айтуарова М.Б., Коргасбекова А.Н., Абзелбек А.Б.
«Педагог» – Сетербаева А.Д., Салыкова О.Т., Конысбаева Г.Т., Абсаттарова Т.А. Тұрсынтай Қалмұрат, Жумабекова А.К.. Омирханова А.Р.
Тәрбиеші көмекшілері – Мухашева Ж.А., Мадемарова С.А., Байжанова Г.С., Шамарканова Ж.Р., Маманова Г.А.,Тұрабаев С.С., Шалғабаева Б.К., Шалғынбаева С.Ш.
Интернат меңгерушісі: Калдыбаев Ербол Омарович
Педагогика әдістеме бірлестігінің жетекшісі: Телебаева Лаура Сыдыковна
Педагогика әдістеме бірлестік жұмысының негізгі бағыты: тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыра отырып, заманауи әдіс-тәсілдер мен инновациялық технологияларды тиімді пайдалану арқылы тәрбиелік жұмыстың сапасын жетілдіру, дарынды және қабілетті оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған орта қалыптастыру.
Тәрбие жүйесінің бағдарламасы: оқушыны азаматтық-патриоттық рухта тәрбиелеу, білімге құштар, еркін ойлай алатын, мәдениетті, адамгершілігі мол, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, өзін-өзі дамытуға қабілетті тұлға қалыптастыру.
Сабақтан тыс уақытта тәрбиешілердің жетекшілігімен оқушылар үшін әртүрлі үйірмелер мен спорттық секциялар ұйымдастырылып, баланың жан-жақты дамуына, рухани-адамгершілік тәрбие алуына және жеке қабілетін ашуға бағытталған. Олар:
- «Аяулы балапан» қайырымдылық үйірмесі – еріктілік бағыты аясында жұмыс істейді. Бұл үйірме оқушыларды мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелейді.
- «Домбыра» үйірмесі – оқушыларды қазақ халқының музыкасына баулу, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті арттыру және домбыра тартуды үйретуге бағытталған.
- «Бокс, волейбол, футбол, үстел теннисі, баскетбол, фитнес» спорттық секциялары оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға бейімдейді.