Кунгожин Алмаз Мухамбетович

- Годы руководства РФМШ: 2018-2023 жж.
- Годы работы в РФМШ: 1995-2006 (үзіліспен) – математикалық олимпиадаларға дайындық факультативтік курсының меңгерушісі. 2017-2018 жж. – Республикалық физика-математика мектебі директорының бейінді-эксперименталды жұмыстар жөніндегі орынбасары. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап – «РФММ» КеАҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары.
- Награды:
- 1993-1995 жж. математикадан республикалық олимпиаданың І дәрежелі дипломдары;
- 1994 ж. ЭЫҰ елдерінің 1-ші математикалық олимпиадасының қола медалі, Иран;
- 1995 ж. 36-шы Халықаралық математикалық олимпиаданың (IMO) Құрмет грамотасы, Канада;
- 2010ж. Олимпиада қозғалысына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Алғысы;
- 2012ж. Ғылыми жарияланымдары үшін Қазақстан математикалық қоғамының Құрмет грамотасы;
- 2015 ж. 3 – республикалық математика пәні мұғалімдерінің шығармашылық байқауында II дәрежелі диплом;
- 2019 ж. мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Олимпиада қозғалысына адалдығы үшін» номинациясы;
- 2023 ж. «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығына 25 жыл Құрмет белгісі;
- Дополнительная информация:
Образование:
РФММ 1991-1993 жж
SUNC NSU 1993-1995 жж
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бакалавриат 1999 ж., магистратура 2001 ж., математика ғылымдарының кандидаты 2012 ж.
«Болашақ» стипендиясы – Білім беру көшбасшылығы бағдарламасы бойынша Джордж Вашингтон университетінде тағылымдамадан өту, АҚШ, ақпан-шілде 2022 ж.
2018-2023 жж. Алматы РФММ-дағы негізгі жетістіктері:
Жыл сайын РФММ республикалық оқушылар олимпиадасының қорытындысы бойынша үздік олимпиадалық мектеп атанды.
Қазақстан құрамасы сапында IMO, IPhO, IOI, IChO халықаралық олимпиадаларында өнер көрсетіп, 2 құрмет грамотасы мен 14 медаль жеңіп алды: 1 алтын, 8 күміс және 5 қола
2022-2023 оқу жылында РФММ оқушылары робототехника бойынша Орталық Азияның FIRST чемпионатында бас жүлдені жеңіп алды және Хьюстонда (АҚШ) өткен робототехникадан FIRST халықаралық чемпионатында Motivate сыйлығы номинациясының, сондай-ақ Австралияның Сидней қаласында өткен робототехникадан FIRST Азия-Тынық мұхиты чемпионатында екінші бас жүлдені жеңіп алды.
2023 жылы РФММ шахмат командасы 18 жасқа дейінгі мектеп командалары арасында Қазақстан чемпионы және әлемнің вице-чемпионы атанды.
Жобалар:
2018 жылдан бастап – Advanced Placement (AP) бағдарламасын жүзеге асырылды;
2021 жыл – Алматы РФММ жаңа ғимаратының құрылысын аяқталды;
2022 – Zertte Studio инженерлік-шығармашылық зертханасы ашылды;
РФММ жаңа дәстүрлері:
2019 жылдан бастап – математика, физика және информатика мұғалімдері мен жаттықтырушыларына арналған IMPACT халықаралық олимпиадасын өткізу.
2021 жылдан бастап – «Fizmat Chess Open» шахмат турнирін өткізу
2021 жылдан бастап – «Физмат түлектерінің кубогы» спартакиадасын өткізу
Олимпиада іс-шаралары:
— 1996 жылдан 2004 жылға дейін — математикадан мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының қазылар алқасының мүшесі, қазылар алқасының төрағасы.
— 4 рет Халықаралық математикалық олимпиадада (IMO), 5 рет – Балқан математикалық олимпиадасында (BMO), 5 рет – қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиадада (EGMO) Қазақстан командасының ғылыми жетекшісі болды.
— Азия-Тынық мұхиты елдерінің математикалық олимпиадасы (APMO), Жібек жолы математикалық олимпиадасы (SRMO), Эйлер олимпиадасы, Смағұлов олимпиадасы, Шарыгин олимпиадасы және Иран геометрия олимпиадасы сияқты олимпиадаларды Қазақстанда өткізудің бастауында болды.
Жарияланымдар:
25 ғылыми мақалалар мен тезистер, 1 авторлық куәлік, жалпы таралымы 10 000 дана математикадан олимпиадалық есептердің 6 жинағының бірлескен авторы.