Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы

МАТЕМАТИКА КАФЕДРАСЫ

Алматы қаласы «РФММ» КеАҚ Математика кафедрасы

Кафедрада 30 мұғалім жұмыс істейді, 10 мұғалім магистр дәрежесіне ие, 9 мұғалім-педагог-шебер, 5 мұғалім-педагог-зерттеуші, 4 мұғалім-педагог-сарапшы, 6 мұғалім-педагог-модератор.

 

Кафедрада 30 мұғалім жұмыс істейді: оның ішінде 9 магистр және 9 мұғалім – педагог-шебер: Әбілғазиев Ж. Н., Ахметов Г. З., Долаев А. С., Есмағамбетова Л. А., Қошанова Р. И., Омарова Г. С., Уадилова А. Д., Шәріпбжанова Ж. Б., Шинасилова С. С., 5 мұғалім педагог-зерттеуші: Ахметов Т. Д., Кишкеева К. С., Рысқұлова У. Б., Соғамбаева Г. Б., Сүйінәлі Н. Т., 4 мұғалім педагог-сарапшы: Бегімбетов Т. П., Омарова Ш. К., Тоқтасбаев Б. Е., Шубай А. М., 6 мұғалім педагог-модератор: Айтжанов Е. Е., Аманкельдыұлы Қ., Ермеков Н. Х., Жаруллаев Д. Б., Петров А. А., Сәлден Ш. Қ., және педагог санатында 5 мұғалім: Бекен Д. Е., Дайрабай Б. Б., Онаева А. Т., Мақұлбек А. С., Райымбаева Ә. Қ., Сұлтан Д. Р.

Математика кафедрасының меңгерушісі – педагог-модератор Аманкельдыұлы Қалмас.

Әдістемелік тақырып: «Математиканы тереңдетіп оқытуда білім беруді ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін пайдалану арқылы оқыту әдістемесін жетілдіру»

Математика кафедрасы жұмысының мақсаты: оқушылардың математика бойынша қабілеттерін ашуға ықпал ететін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ету; дәстүрлі және инновациялық оқыту мүмкіндіктерін пайдалану; дербес, бәсекеге қабілетті, жоғары адамгершілікті зияткер тұлғаны тәрбиелеу. Педагогикалық білім беруді үздіксіз дамыту; кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға ықпал ететін психологиялық-педагогикалық жағдайлар жасау.

Кафедра жұмысының негізгі бағыттары – оқушылардың оқу сапасын арттыруға ықпал ететін дәстүрлі және инновациялық оқыту технологияларының бірлігі мүмкіндіктерін пайдалану; мұғалімдердің педагогикалық шеберлігінің әдістемелік, теориялық және кәсіби деңгейін, олардың математика, сызу саласындағы білімі мен құзыреттілігін үнемі жетілдіру.

Дарынды және талантты балалармен педагогикалық жұмыстың ерекшелігін ескере отырып, математика кафедрасында заманауи талаптар аясында коммуникативтік және кәсіби құзыреттіліктерді дамыту мақсатында педагогтардың біліктілігін арттыру міндеті қойылды: мұғалім портфолиосының мазмұнын толықтыру бойынша жұмыс; мұғалімнің жетекшілігімен мұғалімнің өзінің де, оқушылардың да ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; компьютерлік сауаттылықты арттыру; мұғалім портфолиосының элементтерін енгізу. математика және сызу сабақтарында үштілділік; физика және математикадан қабілеті бар оқушыларды оқытудың инновациялық технологияларын енгізу.

Кафедра оқытушылары жыл сайын математика, физика және информатика мұғалімдері мен олимпиадалық резерв бапкерлерінің «IMPACT» Халықаралық ашық шығармашылық байқауы – Олимпиадасына қатысушы ретінде де, қазылар алқасының мүшесі ретінде де өз үлестерін қосады. Осы олимпиада аясында кафедраның барлық мұғалімдері математика мұғалімдеріне арналған семинарда өз тәжірибелерімен бөліседі.

Кафедра мұғалімдері 2012 жылдан бастап жыл сайын бастауыш сынып оқушыларына арналған «Бастау» республикалық математикалық турнирінің қазылар алқасының мүшесі болып келеді.

Мұғалімдер Шинасилова С. С., Омарова Ш. С., Жаруллаев Д. Б. Мәскеулік сырттай математика мұғалімдерінің шығармашылық байқауының жүлдегерлері. Әбілғазиев Ж. Н., Аманкельдыұлы Қ., Бегімбетов Т. П., Жаруллаев Д. Б., Мақұлбек А. С., Сүйінәлі Н. Т. «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының қатысушылары мен жүлдегерлері. Кафедра мүшелері Долаев А. С., Қошанова Р. И., Омарова Г. С. әр жылдардағы математика мұғалімдері съезінің қатысушылары. Тәжірибе алмасу мақсатында кафедра мұғалімдері РФММ, Астана және Орал қалаларындағы НЗМ, Жыландыдағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының (Алматы облысы), Жамбыл Қаппаров атындағы № 5 мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының (Түркістан облысы) математика мұғалімдерімен тығыз байланыста жұмыс істейді және түрлі іс-шаралар ұйымдастырады.