Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы

Мектеп еріктілері

Республикалық физика-математика мектебінде бүгінгі таңда 7–11 сыныптардан 350-ден астам белсенді волонтёр жұмыс істейді. Олар мектепішілік және қалалық деңгейдегі іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне үлкен үлес қосады.
Бас координаторы – Ербол Бекарыс (11С), ал оның орынбасары – Магзум Алем (10G). Команда мүшелері өзара ынтымақ пен жауапкершілікке негізделіп, түрлі ұйымдармен серіктестік орнатқан. Олардың ішінде «Ашық жүрек», Newman, және Alliance of Volunteers бар.
Волонтёрлердің жұмысы екі бағытта дамып келеді:
•Мектепішілік жобалар: FAIO, FEMO, МЖО сияқты олимпиадалар, вступительный емтихандар және басқа іс-шаралар;
•Қалалық жобалар: Almaty Open, Егор Крид, JLO концерттері, Алматы қаласының шахмат чемпионаты және тағы басқалар.
РФМШ волонтёрлері — ізгілік пен белсенділіктің символы. Олар көмектесуді, ұйымшыл болуды және жаңа тәжірибе жинауды өмір салтына айналдырған.
Физмат  қауымынан кім  қосылғысы келсе ,осы нөмерге жазыңыз :
‪+77471477057‬ Бекарыс