Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі

Хабарландыру

Құрметті ата-аналар/заңды өкілдер!

2025-2026 оқу жылына білім беру қызметтерінің бекітілген құнымен танысуды сұраймыз.

  1. 2025-2026 оқу жылы үшін Алматы қаласы РФММ КеАҚ филиалында оқу құны:
  • 7-11 сыныптарға жаңадан түсушілер үшін – 2 800 000 теңге;
  • 8-11 сыныптарда оқуды жалғастырушылар үшін 2 533 400 теңге;
  • жаңадан оқуға түсетін және оқуын жалғастыратын шетел азаматтары үшін 3 800 000 теңге.
  1. Кіру жарнасының мөлшері оқу құнының 10% құрайды (тек жаңадан түсушілер үшін, оның ішінде шетелдік азаматтар үшін).
  1. Ақылы негізде білім беру қызметтерін көрсету шарттарындағы төлем кестесі:
  • Қайтарылмайтын, түсу жарнасы шарт жасалған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде енгізіледі (тек жаңадан түсушілер үшін, оның ішінде шетелдік азаматтар үшін);
  • 1 транш — шарт жасалған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде;
  • 2 транш — 2025 жылғы 15 тамызға дейін;
  • 3 транш — 2025 жылғы 15 желтоқсанға дейін;
  • 4 транш — 2026 жылғы 15 наурызға дейін.