Турагалдиева Шолпан Амреевна
-
Ұстаз туралы:
2011 жылдан бастап РФММ -да физика пәні мұғалімі болып жұмыс істейді. 2013 ж. Семей қаласында математика және физика пәні мұғалімдеріне арналған «Зияткерлік мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі» семинарға қатысты.
2013 жылы Қызылорда қаласында «Орта мектепте физика пәнін оқытудың өзекті мәселелері: пәндік олимпиада, ҰБТ-ға дайындық жолдары» тақырыбында оқыту семинарын ұйымдастырып, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға үлесін қосты. 2013, 2020, 2023 жылдары Қазақстан Республикасы және ғылым министрлігінің «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы физика оқулығына, әдістемелік құралына, зерханалық және практикалық жұмыс дәптеріне сарапшы болды. 2014 ж. Алматы қ. « Физика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану» тақырыбындағы республикалық оқу-әдістемелік семинарда модераторы болды. 2014 ж физика пәні мұғалімдерінің 2-ші республикалық шығармашылық байқауына қатысып, 3 дәрежелі диплом иеленді. 2019 ж физика, математика және информатика пәндерінің мұғалімдерінің 1-ші Халықаралық олимпиадасының ІІІ дәрежелі диплом, қола медаль иегері. 2019 ж. айларында Ұлттық «Атамекен» корпорацияcының ЖОО рейтингісін өткізу мақсатында жүргізілген жұмыстарынжа ЖОО-ң оқу бағдарламаларына сараптама жүргізді. 2021 ж. «Оқу үшін бағалау мен оқуды бағалаудың ерекшеліктері» тақырыбындағы семинарда баяндама жасады. 2021 ж. аралыгында Дуниежyзiлiк Банк сарапшылардын бiлiктiлiгiн арттыру максатына окыту курсына қатысты және симпозиумға мақала жасады. 2021 ж. Халықаралық ғылыми тәжірибелік симпозиумға қатысты «Заманауи мектеп оқулығының тілі: психологиялық және дидактикалық аспектілер»
2020, 2022, 2023 жылдары қаңтар айында өткен физика, математика және информатика пәндерінің мұғалімдерінің О.Жәутіков атындағы Халықаралық олимпиадасының әділқазылар алқасының құрамында және қатысушы мұғалімдерге арналған семинарда баяндама жасады.
-
Білімі:
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика факультеті.
-
Марапаттары:
2016 ж. – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс Хаты.
2022 ж. – ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасы.