Кітапхана
«Ұлы қазына – жақсы кітапхана»
Виссарион Белинский
«РФММ» КеАҚ кітапханасы қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
— кітапханалық қорды ұйымдастыру;
— оқушыларға және ұстаздарға кітапханалық ақпараттық-библиографиялық қызметті көрсету жолымен оқу-тәрбие үрдісін және өздігінен білім алуды қамтамасыз ету;
— оқырмандарда тәуелсіз кітапхана пайдаланушысының қабілеттерін қалыптастыру;
— кітапхана пайдаланушыларын жаңа түсімдер туралы уақтылы хабардар ету.
Кітапхананың әдеби қоры отандық, ресей және шетел әдебиетінен құралған негізгі қорды ұсынады.
Біздің кітапхананың қорынан Сіз мыналарды таба аласыз:
- Үш тілде көркем әдебиетті;
- Үш тілде оқулықтарды және оқу құралдарын;
- Атластарды және карталарды;
- Анықтамалықтарды және энциклопедияларды;
- Аудио- және бейнематериалдарды;
- Электронды кітаптарды;
- Газеттер мен журналдарды.
«РФММ» КеАҚ кітапхана қорына әмбебап қор кіреді, онда 8-11 сыныптарға арналған 28 000 астам оқулық, екі мың данадан астам көркем және қосымша әдебиет, аудио және бейнематериалдар, мерзімді басылымдардың 38 атауы бар.
Кітапхана заманауи техникамен, компьютерлермен, интернет желісімен және жиһазбен жабдықталған.
«РФММ» КеАҚ кітапханасының мақсаты электронды, қағаз тасуыштар сияқты ресурстарды қамтамасыз ету, олар оқушыларға зерттеулерде, жобаларда көмектеседі.
Кітапхана мектеп оқушыларымен және ұстаздарымен, соның ішінде «Bookclub» үйірмесімен тығыз қарым-қатынас жасайды, оның мүшелері кітап оқуды белсенді насихаттайды, осыған байланысты кітапхана «100 кітап» және «Bookcrossing» жобаларын жүзеге асырады.
«100 кітап» жобасы
«100 кітап» жобасы үш тілде білім алуды қолдауға, өз халқының тарихын, мәдениетін зерттеуге және қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әдебиетті оқу арқылы басқа мәдениетке шыдамдылықты тәрбиелеуге бағытталған.
Жобаның мақсаты: әр түрлі қызмет түрлері арқылы кітаптарға, оқуға сүйіспеншілікті ояту. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ бастамасы шеңберінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларына оқуға ұсынылған 100 кітаптың тізімі дайындалған, оған қазақ классикасының 60 таңдамалы туындысы, 40 әлем әдебиетінің үздік туындысы кірді.
«РФММ» КеАҚ оқушылары мен мұғалімдері аталған жобаны жүзеге асырады. Олар жеке кітапханасынан өз кітаптарымен, оқу құралдарымен, сөздіктермен және басқа әдебиеттермен бір-бірімен бөліседі. Соның ішінде мектепте «кітап саяхаттаушыларының сөрелері» деп аталатын сөрелер жасалды, олардан оқушылар кез келген қызықтырған кітапты ала алады, бірақ орнына басқа кітапты қоюы тиіс. Сен әкелген кітапты оқитын досқа кішкентай жолдауды қалдыруға болады. Мысалы, оқыған кітап туралы өз ойыңды жазуға болады. «Кітап саяхаттаушыларының сөресі» ешқашан бос болмайды, ол қайта-қайта жаңарып отырады. Топтамаға көркем және танымдық әдебиет, пайдалы сөздіктер мен энциклопедиялар, журналдар кіреді. Жалпы жиын шамамен жүз кітапты құрайды.
Мақсаттары мен міндеттері:
Оқушыларға және ұстаздарға кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызметті көрсету жолымен оқу-тәрбие үрдісін және өздігінен білім алуды қамтамасыз ету:
- Мектепте оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес мектеп кітапханасының жұмысын құру;
- Оқырмандарды кітапты және басқа да ақпарат тасуыштарын пайдалануға, ақпаратты іздеу, іріктеу және бағалау қабілеттеріне үйрету;
- Дәстүрлі кітапханалық технологияларды жетілдіру және жаңа кітапханалық технологияларды игеру;
- Білім беру бағдарламаларына сәйкес кітапханалық қорды қалыптастыру;
- Кітапханалық-ақпараттық қызметтердің топтамасын кеңейту;
- Библиографиялық анықтамаларды беру, оқушылар мен мұғалімдер үшін әдебиет тізімдерін құру;
- Жаңа оқу және әдістемелік әдебиеттің түсуіне қарай педагогикалық кеңестерде, ата-аналар жиналыстарында, әдістемелік бірлестіктерде сөз сөйлеу.
Негізгі қызметтер
Білім беру қызметі:
Оқу-тәрбие үрдісіне көмек беру, балаларды әлем және отандық мәдениеттің құндылықтарына тарту.
Ақпараттық қызметі:
Ақпаратты алу, кітаппен жұмыс жасау қабілеттерін игеру бойынша сабақтарды жүргізу;
Пәндік апталықтарды өткізуде көмек ретінде және сыныптан тыс оқу бойынша кітаппен жұмысты ұйымдастыру;
Кітапхана қабырғаларында, мектепте, кабинеттерде көрнекті насихаттауды ұйымдастыру, кітапханаға жаңа түскен кітаптар туралы ақпарат.
Оқырмандармен жеке жұмыс
Оқушылардың оқырмандық қызығушылықтарын зерттеу;
Оқырмандармен жеке жұмыс;
Оқырман белсенділерімен жұмыс;
Мектептің педагогикалық ұжымымен жұмыс (ұстаздарға арналған ақпарат, оқуды талдаумен және кітапхана жұмысының басқа да мәселелерімен педагогикалық кеңестерде, жиналыстарда сөз сөйлеу).
Тәрбие жұмысы
Оқушыларда тәуелсіз кітапхана пайдаланушысының қабілеттерін қалыптастыру (ақпарат тасушыларын пайдалануды, ақпаратты іріктеуді, іздеуді және сыни бағалауды оқыту);
Кітаппен жұмыс жасау қабілеттерін қалыптастыру;
Мәдени мұра құралдарын қолдану арқылы оқушылардың тұлғасын қалыптастыру (сұхбаттар, әдеби ойындар, ертеңгіліктер, викториналар, әдеби сабақтар);
Үздік құжаттарды кітапханалық нысандармен дәріптеу, көрмелер мен стендтерді ұйымдастыру, мәдени-көпшілік жұмыстарын өткізу;
Сыныптан тыс оқу сабақтары (бастауыш сыныптар);
Кітапхана белсенділерінен құру және онымен жұмыс жасау;
Оқу-тәрбиелік үрдіске көмек көрсету іс-шаралары.
Кітапханалық-библиографиялық білімдерді насихаттау бойынша жұмыс
Оқырмандарды кітапхананы пайдалану ережелерімен, қордың орналасуымен, кітаптың құрылымымен және рәсімделуімен таныстыру, анықтамалық басылымдармен жұмыс жасау қабілеттерін игеру (сөздіктер, энциклопедиялар және т.б.).
Кітап қорларын ұйымдастыру
Бұл жұмыс кітапханашының жұмыс уақытының басым бөлігін алады.
Оқулықтармен жұмыс;
Кітап қорына жаңа түскен кітаптарды рәсімдеу, жаңа кітаптармен танысу;
Қормен жұмыс жасау (кітап қорын орналастыру, қорды тазалау бойынша жұмыс, ескірген, тозған және жоғалған әдебиетті есептен шығару);
Қорды тексеруді ұйымдастыру;
Мерзімді басылымдарға жазылуды ресімдеу;
Кітапхананың санитарлық күндерін ұйымдастыру;
Кітапханалық қорды есепке алу;
Қорды ресімдеу (ресімдеу эстетикасы);
Кітапхана пайдаланушыларын ақпаратқа еркін қол жетімділігін қамтамасыз ету;
Қорды сақтау бойынша жұмыс;
Түгендеу.
Оқулықтар қорымен жұмыс
Бұл жұмыс оқу жылы бойына жүргізіледі.
Пән мұғалімдерімен бірге оқу әдебиетіне, олардың тапсырыстарын, оның ресімделуін ескере отырып, тапсырыс жасау;
Мектеп әкімшілігінің тапсырысты бекітуі және келісім беруі, оны әдіскерге тапсыруы;
Түскен оқулықтарды қабылдау және техникалық өңдеу, жөнелтпе құжаттарды ресімдеу, сомалық есеп кітабына жазба жасау, мөр қалыптау, картотеканы ресімдеу;
Оқулықтарды қабылдау және беру;
Мұғалімдерді және оқушыларды оқулықтардың жаңа түсімі туралы хабардар ету;
Оқу қорын сақтау бойынша жұмыстар өткізу;
Оқу қорын пайдалануды зерттеу және талдау;
Жаңа басылымдарды қорда орналастыру;
Оқулықтардың күйін тексеру бойынша рейдтерді жүргізу;
Қорды тазалау бойынша жұмыс;
Оқу қорын түгендеу және оны қайта бағалау.