Ағылшын тілі кафедрасы
Қазіргі уақытта ағылшын тілі кафедрасында 17 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде жоғарғы санатты мұғалім – Бисембаева У.З., 3 мұғалім «педагог-шебер» санатына ие: Кадирова К.Т., Әбдіғаппарова Н.Ә., Найманова Д.М.; «педагог-зерттеуші» санаты бойынша 4 мұғалім бар: Абдракбаева М.Ж., Бухарбекова Б.Б., Мақашева Н.Б., Нуриденова С.К., Акегожаева Л.Н.; «педагог-модератор» санаты бойынша 7 мұғалім бар: Яшева А.М., Амангелдина А.С., Асылбекова А.М., Әбдібекова Ж.Н., Союзова Ж.К., Мұхамеджан А.Д. және Гуламов Б.Н. 2024-2025 оқу жылында кафедрамызға қосылған жас маман – Ақан Д. А. Ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі – Әбдіғаппарова Нұрлыгүл Әділханқызы.
Кафедра мұғалімдері ағылшын тілінде драмалық театр үйірмелерін, олимпиадаларға дайындық, ғылыми жобаларға дайындық, дебат және спикинг клубтарын жүргізеді. Ағылшын тілін оқытудың айрықша ерекшелігі халықаралық IELTS, TOEFL, KET, PET емтихандарын сәтті тапсыру болып табылады. Сонымен қатар, 7, 8, 9, 10, 11 сынып оқушылары үшін «IELTS-ке дайындық» факультатив сабақтары ретінде жүргізілсе, сабақтан тыс уақытта ағылшын тілі кафедрасының тәжірибелі мұғалімдері У.З.Бисембаева мен М.Ж. Абдракбаева қосымша факультатив сабақтарын тегін өткізіледі.
Кафедра мұғалімдері Бисембаева Улмекен Зайноллаевна (2006 ж.) және Найманова Динара Мұхамедиянқызы (2022 ж.) «РФММ жылдың үздік мұғалімі» номинациясымен марапатталса, «РФММ үздік жас мұғалімі – 2023» номинациясымен Мақашева Нұрила Болатқызы марапатталды.
Кафедра бойынша 4 мұғалім «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратураны аяқтаса, 3 мұғалім CELTA курсын, 3 мұғалім халықаралық TESOL курсын бітіріп, біліктіліктерін арттырды. Көптеген мұғалімдер TKT (Teaching Knowledge Test) сертификатына ие және екі мұғалім қазіргі уақытта докторант болып табылады. Кафедраның тәжірибелі мұғалімі Найманова Д.М. сертификатталған тренер болып табылады, ал Макашева Н.Б., Союзов Ж.К. және Амангелдина А.С. оқушыларды ағылшын тілі бойынша республикалық және халықаралық олимпиадаларға дайындау үшін қосымша резервтік сабақтар өткізеді.
Ағылшын тілі кафедрасының 2024-2025 оқу жылында қарастыратын мәселесі – «Оқыту сапасын көтеру мақсатында ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің инновациялық әлеуетін арттыру».